19:04 - 19:30 30 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Қазақстанның барлық қалалары сияқты Қарағандыда да 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күніне қызу дайындық жүріп жатыр деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.
«екараганда.кз» сайтының жазуына қарағанда «Бесоба» кешенінің баспанасыз қалған тұрғындары әкімдік ұсынған келісімшарттарда құқтарымыз сақталмаған деп, егер талаптарымыз орындалмаса, әкімдікпен соттасамыз дейді.
Өткен жылдың 16 желтоқсаны күні болған Жаңаөзен оқиғасында жарақаттанып, қолынан айрылып қала жаздаған Естай Сатыбалдиев өзіне жұмыстан қайтып келе жатқан кезде кездейсоқ жағдайда оқ тигенін айтады. Осылайша ол 28 жасында екніші топтағы мүгедек болып қалды.
Ақтауда басталған қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген айыппен сотқа тартылып жатқан полицейлердің сотына жәбірленуші ретінде қатысып отырған Естай Сатыбалдиев бейбіт халыққа оқ атқан полицейлер тиісті жазасын алуы керек дейді.
Иран үкімет елді сыртқы интернеттен шектемекші.
Қазақстан ақпарат агенттіктерінің жазуына қарағанда, жақын уақыттан бері «Қазақстан халық банкі» юаньмен де есеп айырысатын болды.
Қазақстанның сауда орындарында, базарларда тұтынушылар негізінен қандай валютамен сауда жасайды екен, тілшілеріміз шағын сауланама жүргізіп көрген болатын.
.
19:04 - 19:30 28 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
19:04 - 19:30 27 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыптадған полицейлер соты жұма күні Ақтауда басталды. Істі қалалық соттың судьясы Гүлмаржан Әділсұлтани қарауда.
Жұма күні Жаңаөзен ісі бойынша сотта куәлік еткен қаланың бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев 7 ай ереуілдеген мұнайшылардың талабы заңды болғанын айтқан.
Лұқпан Ахмедьяровқа қатысты қозғалған азаматтық іс уақытша тоқтады. Журналистің өзі қастандық шабуылынан кейін ауруханада жатқаны аян, Ахмедьяровқа сотқа шақыру қағазын сол ауруханаға апарып берген.
Жезқазғандағы Қазақмыс корпорациясының еңбек дауы Алматыға жетті.
Әпкесінен қалған үш сәбиге ана болған Айман жақында өзі де нәрестелі болды. Астанада кездейсоқ жағдайда қайғылы қазаға ұшыраған актриса Шолпанның сіңлісі Айманның әңгімесі.
.
19:04 - 19:30 26 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтауда Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта бүркеншік атпен куәлік еткен куәлар алдыңғы айтқандарынан бас тартып жатыр деп хабарлайды Азаттық радиосына тәуелсіз бақылаушылар
Ал Шетпе ісі бойынша өтіп жатқан сотта куәлік еткен полициялардан жауап алу жалғасқан.
Жаңаөзен уақытша тергеу абақтысының бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміровке қарсфы сотқа бейсенбі еүні АҚШ елшілігінің адам құқтары бойынша маманы қатысты.
Жаңаөзен мен Шетпеге гуманитарлық көмек беру қорына Ақтауда соттар басталғаннан бері көмек сұрап, өтініш білдірушілер көбейіп кетті, ал қордың қаржысы сарқылып барады, қол ұшын береміз дейтін азаматтар болса шақырамыз дейді қордың үйлестірушісі Инга Иманбай.
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан 900-дей қазақстандық азаматтар қатарында болған Серікхан Серікбаев пен Халел Тұрғалиев өмірлері жайында әңгімелейді.
.
19:04 - 19:30 25 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Жаңаөзендегі уақытша қамау орнының бұрынғы басшысының соты да сәрсенбі күні Ақтауда басталды. Қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған Теміровтің әкесі баласының бұл мекемеге Жаңаөзен оқиғасынан бір күн бұрын ауызша бұйрықпен ғана тағайындалғанын айтады.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев те куәоік беруге шақырылатын болды.
Қазақстан еңбек және халықтыәлеуметтік қоғау виуе-министрі Біржан Нұрымбетовтің Азаттық сайтындағы онлайн конференциясын да шолып өтетін боламыз.
Ақтөбеде студент қыздардың хиджап киюіне қатысты тағы мәселе көтерілді.
.
19:04 - 19:30 24 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
16 желтоқсан күнгі Жаңаөзен оқиғасы бойынша Ақтаудағы сотта жауапқа тартылып отырғандар бүркеншік атпен куәлік беріп жатқан куәнің сөздерінде қарама-қайшылықтар бар екеніне тоқталып, тіпті оның кім екенін өздерінің танығандарын да айтқан.
Ал Шетпе оқиғасына қатыстысотта куәлік беріп жатқан Жамбыл облысынан келген полиция қызметкерлері «атуға да, атпауға да бұйрық берілген жоқ» дейді.
АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы елшісі болған Уильям Кортни Азатттық тілшісіне берген қысқа сұқбатында қазақстандық журналиске жасалған қастандық халықаралық деңгейде тергеуге шақырады
Халықаралық ұйым Еуропа мұсылмандарын қорғауға шақырды
С гепатитін жұқтырған балалардың ата аналары берген аппеляциялық шағым қанағаттандырылмады
Мұрат Бердіқұлов пен Амангелді Шоқанов 17 желтоқсан күні Шетпеде оқ тиіп, жараланған азаматтар. Сол күнггі жағдайдың қалай болғанын Азаттық тілшісіне әңгімелеп берді.
.
07:00 - 07:30 24 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
19:04 - 19:30 23 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға қатысты Ақтауда өтіп жатқан сот отырыстарында заңбұзушылықтардың көп болып жатқанын айтқан қоғамдық комиссия өкілдері тағы да биліктен сотты тоқтатуды талап етті.
Жаңаөзен сотына қатысты дәл осындай талапты «Хьюман райтс уотч» ұйымы да Қазақстан билігіне қойды.
13 жасынан бастап екі көзі су қараңғы болып қалған азамат Алматыдағы өзі жүретін автобустарды моторының даусынан танитынын айтады. Екі балалы отбасы қалада пәтер жалдап тұратындықтан, мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысы жетпейтін Асымжан Хафузов балаларын ән салып асырайды.
Түрмеде отырған қатерлі ВИЧ дертіне шалдыққан бауырына дәрігерлік көмек керек деген тыңдарманымыз Азаттыққа телефон соғып, мұңын шақты. Ал СПИД орталығының дәрігерлері болса, қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз дегенді алға тартады.
.
19:04 - 19:30 21 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
19:04 - 19:30 20 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Бейсенбіден жұмаға қараған түні соққыға жығылып, қастандыққа душар болған журналист Лұқпан Ахмедияровтың денсаулығы ауыр жағдайда
Баспасөз құқын қорғаушы қазақстандық ұйымдар да, халықаралық ұйымдар да журналистке жасалған қастандықта айыптап жатыр.
Қазақстандық белгілі режиссер, сценарист Ермек Тұрсыновпен Азаттық радиосының сайтында онлайн конференция болып өтті, оқырмандар сауалдары қандай, оларды не қызықтырды?
19:04 - 19:30 19 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Бейсенбі күні Ақтаудағы Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта айыпталушылардан жауап алу аяқталып, куәгерлерге кезек келген. Айып тағылып отырғандардың барлығы да өздерін қорлап, сабап-ұрғандарын айтып жатыр дейді сотты бақылап отырған азаматтар.
Сотқа тартылып отырған Айжан Дүйсенбаева мен Мэлс Сарыбаевтың жауапта айтқан сөздері залда отырғандардың ешқайсысын да бейжай қалдыра алмады дейді Азаттыққа сот жайынан хабар берген қоғамдық белсенділер.
Шетпе оқиғасы бойынша жалғасып жатқан сотты қадағалап отырған тілшіміз де телефон арылы ақпарат беретін болады.
Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі шенеуніктердің интернетте әлеуметтік желілерге кіру еркіндігі шектелетін болады, бейсенбі күні бірқатар ақпарат агенттіктері осындай хабарлар таратты.
Бұл қызметкерлердің уақытын тиімді жұмсауын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалып отырған көрінеді.
.
19:04 - 19:30 18 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Өткен жылы Атырауда болған жарылыстар мен одан басқа да сол тектес әрекеттерге қатысты «террорист» деген күдікпен сотқа тартылып жатқан 47 адамға үкім шықты.
Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында Жаңаөзен мен Шетпе оқиғалары бойынша басталған сот жалғасып жатыр. Соттардың сәрсенбі күнгі жаңалықтарымен осы аймаққа барған тілшіміз таныстырады.
Қазақстанның оңтүстік өңірі Шымкент қаласында көктем шығып, қоймадағы көкөністер шіріп бара жатқан соң жергілікті шенеуніктер оны іске асырудың жолын жалақы есебінен мұғалімдерген тарату арқылы тапқан.
Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысып жүрген кәсіпкер маман Айтуған Мұқашев осы салада қандай қиындықтардың кездесетінін Азаттыққа берген сұқбатында айтып еді.
.
19:04 - 19:30 17 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтауда сейсенбі күні 17 желтоқсандағы Шетпе станциясындағы оқиғаға қатысты сот басталды, түске дейін айыпталушылар бірнеше мәрте наразылық танытты, олардың бәрі де келтірілді делінген шығынды мойындмайтындарын айтты.
Бұл аралықта осы Ақтауда Жаңаөзен ісі бойынша сот та өз кезегінде әрі қарай жалғасыт, жауапқа тартылған айыпталушылар өздерін тергеушілердің азаптағандарын бүгін де мәлімдеді.
Алматыда бірқатар әлеуметтік топтар 28 сәуірде өтеді деп белгіленген келіспейтіндердің митингісін қолдайтындарын айтып, жиын өткізді
Ал әлеуметтік желілерде қоғамдық белсенділер азаматтық үкімет жасақтап, виртуалды үкіметтің жұмысын қолға аламыз деген қозғалыс құрып жатыр.
07:00 - 07:30 17 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
19:04 - 19:30 16 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Жаңаөзен ісі бойынша Ақтауда өтіп жатқан сот дүйсенбі күні қайта жалғасты, сотты бақылап келген белсенділер айыпталып сотқа тартылып жатқандар айыпталушы емес, жәбірленуші дейді.
Дүйсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатын ұйымдастырған оппозиция өкілдерінің бірі президент Назарбаевқа сенімсіздік білдіріп, импичмент жариялау керек десе, енді бірі Іщкі істер министрі мен басқа да жоғары лауазымдылар орнынан кетсін деп талап ету қажет дейді.
Евгений Жовтистің «Колония тұтқынының жазбалары» деген кітабының таныстырылымы болып өтті.
Қазақстан халық банкінің қытайдың юань вальтасымен есеп айырыса бастауының сыры неде, экономистердің бұған көзқарасы қандай?
Экономист, қоғамдық мәселелерді сараптау орталығының жетекшісі Меруерт Махмұтова Азаттыққа берген сұқбатында бұл Қытай экспансиясының ұлғайып бара жатқанын көрсететін белгінің бірі дейді.
Қырғызстанда үкімет орнынан кетсін деген талап қойған оппозиция митингілері үш рет қатарынан болды, ендігі жеорде 18 сәуірде үкімет пен оппозиция бас қосатын болып шешті. Ал бұл аралықта оштық бір азамат митингілер шаршатты деген хат қалдырып, өзін-өзі өртеп жіберген.
.
19:04 - 19:30 14 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
19:04 - 19:30 13 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтаудағы сотта не жаңалық?
Бұған дейін жәбірленуші ретінде сұралған Нұржан Жандарбековтің тағы бір айыпталушының тергеуін жүргізгендігі белгілі болды. Судья Досмағамбетовтің тұтқындалуын заңсыз деп тапқанымен бірақ оны босатпады.
Оппозиция белсендісі Айдос Садықов бостандыққа шықеан сәтінде Азаттыққа жедел сұқбат берді.
Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаяр жұмаға қараған түні коррупцияға қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды. Кейбір сарапшылар алдағы парламенттік сайлауға қатысуға дайындалып отырған жаңа партия жетекшісінің қамалуының саяси астары болуы мүмкін деп болжайды.
«Шаңырақ» және «Бота» қоғамдық қорлары Алматының Алатау ауданында балабақша мәселесін шешуге атсалыспақшы.
Бақоңыр ғарыш айлағы туризм аймағына айнала ма?
.
19:04 - 19:30 12 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасы бойынша айып тағылған 37 адамның соты сәуірдің 12-де де жалғасты. Екі күн бұрын алғашқы болып жауап берген айыпталушы Таңатар Қалиев өзін ұрып-соғу арқылы жалған куәлік беруге мәжбүр болғанын айтқан.
Қарағандының Бесоба ықшам ауданындағы құлап қалған үйдің тұрғындарына өтемақы қалай төленетіні әлі айқын емес, әзірге құламаған, бірақ қабырғасы қақырай бастаған келесі үйдің тұрғындары болса үреймен өмір сүруде.
Өзбекстанда бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, атап айтқанда мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақыны балапандармен есептеп беріп жатыр екен.
Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №28 мектепте Кембридж университеті ұсынған үлгі бойынша эксперименттік сабақ өтті. Жаңа үлгіні ұнатқан оқушылар «Қазақстандағы қалыптасқан оқыту жүйесі оқушылардың еркіндігіне шектеу қоятынын» айтады.
.
19:04 - 19:30 11 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасы бойынша айып тағылған 37 адамның соты сәрсенбі күні де жалғасты. Адвокаттар істі жүргізіп отырған судья Аралбай Нағашыбаевты басқа судьяға алмастырау жөнінде өтініш бергенімен, ол қанағаттандырылмады.
Сәрсенбі күні Азаттықтың сайтында оппозициялық саясаткер Жармахан Тұяқбаймен онлайн конференция болып өтті. Оқырмандардың Жармахан мырзаға қойған сұрақтары мен оған берілген жауаптарын да шолып өтеміз.
«Сопылар ісі» бойынша сотталған Саят Ыбыраевты діни көзқарасы үшін қуғындалды деп санайтын профессорды қоғау комитеті Алматыда дөңгелек үстел талқылауын өткізді, оған қатысқандардың пікір көзқарастарымен тілшілеріміз таныстырады.
Қарағандыда өткен жұма күні құлап, қирап қалған Бесоба ықшам ауданындағы жаңа үйдің тұрғындары не күй кешіп жатқанын да тілшілеріміз білуге тырысып көрген еді.
.
19:04 - 19:30 10 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтаудағы Жаңаөзен сотының сейсенбі күнгі жаңалығына тоқталсақ: Істі қарап жатқан судья жәбірленушілерді сұрауды тоқтатып, айыптаушылардан жауап ала бастаған. Сотқа тартылып отырған 37-нің бірі Таңатар Қалиевтің берген жауабы негізінде қалған айыпталушыларға айып тағылып отыр дейді бақылаушылар.
Соттың бастапқы күндерін бақылаған Жаңаөзен 2011 комитетінің мүшелері ашық деп жарияланған сотта заң бұзушылықтар көп болып жатыр деп мәлімдеді Алматыда.
Қазақстандағы желтоқсаншы ұйымдардың басы бір комитетке бірігіп, «Желтоқсан 86 Ұлт Қорғаны» қоғамдық комитеті құрылды.
Кембридж колледжінің Назарбаев университетімен бірлескен стипендиядан бас тартуы туралы ақпаратқа қатысты университет және PriceWaterhouseCoopers-Kazakhstan компаниясының басшылығы Азаттық радиосына сейсенбі күні жауап берді.
Қырғызстанда кісі қолынан қаза тапқан журналист Әлішер Сайыповтың өліміне қатысты іс қайта тергелетін болды.
.
07:00 - 07:30 10 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
19:04 - 19:30 09 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында өтіп жатқан Жаңаөзен ісі бойынша сот дүйсенбі күні қайта жалғасты, сотта бұл күні де сұралған жекелеген кәсіпкерлер айыпталушыларға тағатын айыбы жоқ екенін алға тартып, олардың жазасын аз да болса жеңілдтеуге ниет етіп жатқандарын айтты.
Кембридждегі Черчилль колледжі Астанадағы Nazarbayev University оқу орнымен бірлесе тағайындамақ болған стипендияның атауына қатысты бұл стипендиядан бас тартқан.
Көшпелілердің тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрін дәріптеген көрме Нью-Йорк қаласында өтіп жатыр.
Ресейдің Ярославль қаласында өткен қала басшысы сайлауының екінші кезеңінде оппозиция қолдауындағы кандидаттың жеңіске жетуін сарапшылардың кейбірі мұны Ресейдегі демократиялық өзгерістердің басы болар деп үміттенеді,
19:04 - 19:30 07 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
19:04 - 19:30 06 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Қазақстанның орталық аймағындағы Қарағанды қаласында осыдан үш жыл бұрын ғана пайдалануға берілген тұрғын құлап, жүздеген тұрғын бір сәтте баспанасыз қалды.
Ақтауда өтіп жатқан Жаңаөзен сотында жұма күні қандай жаңалықтар болды, жәбірленуші ретінде сотқа шақырылған полицейлердің кейбірі берген жауаптарында 16 желтоқсан күнгі оқиғаны естеріне түсіре алмағандары да болды.
Балқан соғысының басталғанына 20 жыл толды, 1992 жылы 6 сәуір күні Босниялық серб күштері Сараевоны қоршап алған еді.
Қырғызстан екінші революцияның екі жылдығын атап өтіп жатыр.
Қазақстан азаматы Ермек Қосмағамбетов Өзбекстанда экстремизм бойынша айыпталуда.
.
19:04 - 19:30 05 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында өтіп жатқан Жаңаөзер оқиғасы бойынша соттың барысынан әдеттегідей өздеріңізді хабардар ететін боламыз. Бейсенбі күні соттың түскі үзілістен кейінгі басталу сәтінде айыпталушылар залға журналистер толық кіргізілмей жатқанына наразылық танытып орындарына отырмай қойған екен.
Жаңаөзен сотын қатыспақ болған Еуропарламент депутатына Қазақстанға кіретін виза берілмей қойған
Ақтөбеде сотқа тартылып жатқан түрме башыларына үкім шығарылды.
Ақтөбеде шығарылып, Семейде сатылып жатқан арақтың бөтелкесіне Алланың атына қатысты сөз жазып қойған арақ зауытының басшылары мұсылмандардан кешірім сұрауға мәжбүр болған.
Сәуірдің 7-сіне Қырғызстандағы соңғы рефолюцияға 2 жыл толады.
19:04 - 19:30 04 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтауда Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот ісі барысында сәрсенбі күні қандай жаңалықтар болды екен, сотқа шақырылған полицейлердің кейбірі айыптау орындығында отырғандар арасында шабуылдаушылар болғанын айта бастады.
Сәрсенбі күні Азаттықтың сайтында журналист, жақында ашылған Жаңаөзен сайтының бас редакторы Қасым Аманжолұлымен онлайн конференция болып өтті. Журналистке қандай сұрақтар қойылды, Қасымның жауаптары қандай болды?
Астаналық «Барыс» хоккей командасының капитаны Кевни Далменнің әйелі Стэйсидің Қазақстанға қатысты блогы қызу пікірталас туғызып жатыр екен, әлеуметтік желілерде, міне бұл тақырыпты да шолып өтетін боламыз.
Аумағы 50 мың гектар Бектау ата тауы шатқалының жалғыз орманшысы Владимр Шоқаевты қандай мәселелер толғандырады?
19:04 - 19:30 03 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтауда Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысты 37 адамның соты жалғасып жатыр. Банктердің өкілдері шығындарын өтеу талабында тұрса, жекелеген кәсіпкерлер арасында тіпті 35 миллион теңгеден бас тартқаны бар.
Бірқатар қоғамдық ұйымдар Жаңаөзен оқиғаларына байланысты халықаралық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен парламенттік тыңдау өткізу ұсынысын жасады. Депутаттың бірі сот жүріп жатқан уақытта парламенттік тыңдау өткізіп, қысым жасаудың қажеті жоқ деп есептесе, енді бірі сот жүйесіне сенімсіздік білдіреді. Олар ең алдымен оқ атқандар сотқа тартылып, жазалануы тиіс еді дейді.
Ақтөбеде тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері Жаңаөзен оқиғасынан соң кең таныла бастаған «әлеуметтік араздық» деген ұғымның төңірегінде талқылау өткізді.
Интернеттегі әлеуметтік желілерде «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қолдау білдіру үшін арнайы парақша ашылды.
Маңғыстау облысының Құрық аулындағы «Ерсай-каспиан контрактр» компаниясындағы жұмысшылар қара тізімге ілінгендеріне наразы, бұл күнде қысқарып осындай тізімге ілінген жұмысшылар 100-ден асып кеткен және оларды басқа компаниялар жұмысқа қабылдмайды.
.
07:00 - 07:30 03 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
19:04 - 19:30 02 сәуір 2012
Күнделікті бағдарлама
Ақтауда өтіп жатқан Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот барысында не жаңалық? Бұған дейін адвокаттар қамауда отырған жаралы айыпталушылардың денсаулығы нашарлағанын айтып, олардың жазасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш түсірген еді.
Қазақстан президентінің «Болашақ» стипендиясына қатысты қандай өзгерістер қабылданды, жалпы «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып қайтқан жастар жалақының төмендігін айтады.
Ресейдегі ұшақ апатында 31 адам қаза тауып, жолаушының 12-сі аман қалған.
Сәуірдің 2-сі – аутизм туралы хабар таратудың халықаралық күні. Аутизм – ми қызметінің әлеуметтік қарым-қатынас жетімсіздігіне қатысты бұзылуы. АҚШ-та әрбір 88 баланың бірі осы дертке шалдыққан болса, Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың нақты саны белгісіз. Ондай дертті дәл анықтап, диагноз қоятын мамандар да аз.
Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары не себепті үш айдан бері жалақыларына жете алмай жүр, олардың президентке жазған ашық хаттарына әлі жауап жоқ.