To get best possible experiance using our website we recommend that you upgrade to a newer version or other web browser. A list of the most popular web browsers can be found below.
Just click on the icons to get to the download page
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы 28 тілде хабар таратады. Бағдарламаларымыздың көбін өзіміз хабар тарататын аймақ елдеріндегі жергілікті радиостанциялар арқылы FM және орта толқында тыңдауға болады. Егер интернет арқылы тыңдау қиынға түсіп жатса, техникалық жәрдем алу туралы нұсқауымызды пайдаланыңыз.
Күнделікті бағдарлама – Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.
3 жыл жазасын өтеп болған журналист Рамазан Есіргеповті қамаудан Тараз түрмесі бір күннен кейін шығаратын болды Жаңаөзен тұрғыны Әсем Кенжебаева әкесін іздеп жүргенде көзбен көргенін журналистерге айтқаны үшін тергеліп жатыр Жаңаөзен тұрғыны Естай Қарашаев қала тынышталды, енді төтенше жағдай тәртібі алынады деп жүргенде, оның себепсіз ұзартылғанына таң қалып отыр. Ол өзінің мәслихат сайлауынан кандидатурасын алып тастағанын айтып, қазір сайлау өткізетін кез емес деді Деректі фильмдер режиссері Қалила Омаровтың ашаршылық туралы жаңа деректі фильм түсіріп жатқаны жайлы сұқбатын ұсынамыз
Қазақстан мен Германия арасында жалпы сомасы 2 миилард доллар болатын экономикалық келісім-шарттар жасалады деп хабарлап жатыр түрлі ақпарат агенттіктері. Ал қазақстандық дипломаттар мен сарапшылар Әндіжандағы қырғыннан соң 5 жыл бойына Кәрімовті кіргізбей қойған Батыстың Жаңаөзен оқиғасынан кейін Назарбаевты қарсы алып жатқанына таңданады. Қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің бір тобы жаңаөзендіктерге көмек ретінде қаржы аударып, өзгелерді де осындай қайырымдылық қадамына шақырды. АҚШ-ң Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс сәрсенбі күні Астанада журналистерге берген алғашқы баспасөз жиынында "Вашингтон Қазақстанның оппозиция өкілдері мен журналистерді тұтқындауына алаңдаушылық білдіреді" деді. Маңғыстау облысының тұрғыны, үш баланың әкесі, көзі көрмейтін зағип жан Исраил Азнабакиевке ақпан айының басында оның Астанада өткізген наразылық акциясынан кейін президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин пәтер бөлу жөнінде бұйрық берген. Ақордадан соғылған телефоннан кейін Исраил Азнабакиевті облыс әкімі қабылдаған, қарттар үйінде тұратын Мұнайлы ауданының мүгедек тұрғынының отбасына іргесі енді қаланатын бір үйден пәтер берілетін болыпты. .
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға жұмыс сапары басталды. Сапар алдында қазақстандық құқық қорғаушылар мен оппозиция белсенділері канцлер Ангела Меркелді Назарбаевпен кездесуде Қазақстандағы адам құқтары жағдайы, Жаңаөзен оқиғасы туралы мәселелелерін сұрауды өтініш еткен еді. Бірақ сарапшылар Назарбаевқа мұндай тұрғыдағы сауалдың қойыларына күмәнді Ал Қазақстанда болса Жаңаөзеннен кейнігі репрессиялар одан әрі жалғасып, енді тіркелмеген Алға партиясының аймақтардағы бөлімшелері тінтіліп, олардың жетекшілері ҰҚК-на шақырыла бастады. Қазақстанның солтүстік аймағын былай қойғанда оңтүстік аймағының өзінде 30 градус аяз болып тұр, ал Кентау қаласының 70 мыңнан астам тұрғыны бес тәуліктен бері жылусыз қалған, бүгін ғана ішінара жылу беріле бастады деп хабарлайды тілшіміз. 2010 жылдың желтоқсан айында Алмавтыда жұмбақ жағдайда қырғыз журналисінің өліміне қатысты айыпталып сотталған адамдар адвокаттарының арызы бойынша сот үкімі сәрсенбіге қалды. Қазақстанда 1929-31 жылдары Совет өкіметіне қарсы ұйымдастырылған 300-дей көтерілістің ірілерінің бірі – 1930 жылғы Созақ көтерілісіне 7 ақпанда 82 жыл толды. «Байлар мен діндарлардың билікке қарсы қарулы көтерілісі» деп бағаланған осы толқу әлі күнге дейін саяси бағасын алған жоқ» дейді зерттеушілер. Жазушы-журналист Өтеш Қырғызбаевпен сұқбатымыздың жалғасын тыңдаңыздар.
Бұған дейін «ұсталуы» төңірегінде алып-қашпа әңгіме көп айтылған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеевті бүгін қаржы полициясы ұстап әкеткені хабарланды; Зауыттың атының өзгеруін сылтау етіп, бізді жұмыстан шығармақшы деп шағымданады «Қазақмыс» корпорациясына қарайтын Жезқазған мысбалқыту зауытының жұмысшылары; 1930 жылғы ақпан айының 7- 16 аралығында Қазақстанның оңтүстігінде болған Созақ көтерілісі жайында бүгінгі ұрпақ не біледі? Осы оқиғаны жан-жақты зерттеп, бірнеше кітап жазған жазушы-журналист Өтеш Қырғызбаевпен сұқбатымызды да назарларыңызға ұсынамыз. .
Қазақстандағы оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Алматыда съезд өткізіп, кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады Сарапшылардың кейбірі Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүмкіндіктерін жоғары бағаласа, өзгелері «партия алдағы додадан шет қалады» деп есептейді «Уақыт бедері» айдарымен берілетін хабарымызда тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі көтеріледі
Алматы соты «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың апелляциялық шағымын өзгеріссіз қалдырды, операция жасалады деген Козловтың жағдайы беймәлім Жаңаөзенге қатысты қамауға алынғандарға жаппай 164-ші баптың 3-ші тармағы бойынша айып тағылды. Сарапшылар әлеуметтік араздық тудырды деген айыпқа қатысты өз пікірлерін білдіреді Қазақстандық белсенділер Ослодағы Хельсинки комитетінің жиынында Жаңаөзен оқиғасы туралы баяндап, ресми деректерді теріске шығарғандарын айтады Алматы маңындағы мектепте орамал таққан қыздар мәселесін ауыл болып талқыға салып отыр. Ол жаққа барған тілшіміз хабар береді "Еркін интернет үшін" қозғалысының жетекшісі Ғалым Ағалеуов "ЖСДП" белсенділері отырған түрмеге барып, олармен кездесуге тырысқанын айтады. Бірақ қамаудағылармен тек адвокаттары ғана кездескен.
ҰҚК Республиканың редакциясына тінту жүргізгені хабарланды Оппозициялық «Алға» партиясының жетекшісі, Жаңаөзенге қатысты қамалған Козловқа операция жасалатын болды Жаңаөзендегі оқиғаларды зерттеу үшін құрылған қоғамдық комиссиялар қаладағы төтенше жағдай алынғаннан бері не істеп жатыр? 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде жапа шектім деген Екпін Шардаров өзін желтоқсаншы ретінде мойындауды талап етіп отыр
Белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен Тохнияз Күшіков рахымшылыққа ілініп, түрмеден босайтын болды Еуропалық парламенттегі тыңдауда Қазақстан ресми орындары Жаңаөзендегі оқиғаны бұзақылар ісі деп атады дейді осы жиынға қатысқан Стан ТВ тілшісі Жұлдыз Төлеу Жаңаөзендегі комменданттық сағат алынғанымен, жергілікті халық атын жариялап сұқбат беруден қорқатындарын айтты Вашингтонда сапармен жүрген Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Хиллари Клинтонмен кездесті Маңғыстаулық Исраил Азнабакиев президенттен көмек сұрап, Астанадағы теміржол вокзалында наразылық акциясын өткізіп жатыр.