Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:32

РАДИОХАБАРЛАР / Зерде

Зерде - Өткен тарихты зерделеу, ақтаңдақтар мен ұлт тарихындағы қиын-қыстау күндердің бүгінгі тарихта бағалануы тұрғысында тарихшы – зерттеушілермен өткізілетін сұхбат, талдау хабарлар.

Келесі бағдарлама

19:45 - 20:00 28 мамыр 2012

Өткен тарихты зерделеу, ақтаңдақтар мен ұлт тарихындағы қиын-қыстау күндердің бүгінгі тарихта бағалануы тұрғысында тарихшы – зерттеушілермен өткізілетін сұхбат, талдау хабарлар.

19:45 - 20:00 27 ақпан 2012

Зерде

Өткен тарихты зерделеу, ақтаңдақтар мен ұлт тарихындағы қиын-қыстау күндердің бүгінгі тарихта бағалануы тұрғысында тарихшы – зерттеушілермен өткізілетін сұхбат, талдау хабарлар.

19:45 - 20:00 21 ақпан 2012

Айтыс -Азаттықта: жалғасы

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Қонаевтай ер қайда" деген атпен өткен айтыстан түркістандық Бегарыс Шойбеков пен байқоңырлық Төреғали Төрәлінің сөз сайысы назарларыңызға ұсынылып отыр. 

"Соры қалың елдің үкіметінің беті қалың болады екі бастан" деп сөз бастаған Бегарыс Шойбеков билікті сынаса, Төреғали Төрәлі Жаңаөзен тақырыбын жырына арқау қылды.

19:45 - 20:00 14 ақпан 2012

Айтыс - Азаттықта: жалғасы

Алматыдағы Балуан шолақ атындағы спорт сарайында "Қонаевтай ер қайда" деген атпен Дінмұхаммед Қонаевтың  туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған айтыста жыр додасын қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан мен  астаналық Айнұр Тұрсынбаева бастап шыққан болатын. Ақындар сөз сайысында  Қонаевтың өз қолымен салдырған Алматыдағы республика сарайының ақындар айтысына берілмегендігін тілге тиек етті.

19:45 - 20:00 13 ақпан 2012

Зерде

Қазақстанда 1929-31 жылдары Совет өкіметіне қарсы ұйымдастырылған 300-дей көтерілістің ірілерінің бірі - 1930 жылғы Созақ көтерілісіне 7 ақпанда 82 жыл толды. «Байлар мен діндарлардың билікке қарсы қарулы көтерілісі» деп бағаланған осы толқу әлі күнге дейін саяси бағасын алған жоқ» дейді кей зерттеушілер.
Тарихи деректер бойынша, 1928 жылдың тамызында Қазақ автономиялы совет социалистік республикасы  Орталық атқару комитетінің  «Ауқатты байлардың мал-мүлкін тәркілеп, жер аудару» жөніндегі қаулысы шыққаннан кейін Қазақ өлкелік партия комитетін басқарған Филипп Голощекин елді неғұрлым қысқа мерзім ішінде отырықшылыққа көшіруді бұйырды.

«Орталық биліктің жергілікті белсенділері халықтың қолындағы соңғы сауын малына дейін сыпырып алып, түрлі салықтармен халықты мезі қылды, елдің ішерге асы қалмады. Ал «колхозға бірікпейміз» дегендерді белсенділер қамап тастады» дейді тарихшылар. Тарих ғылымдарының докторы Қайдар Алдажуманов бұл көтерілістің болуына сыртқы және ішкі факторлар әсер етті дейді. ол көп қазақстандық және шет елдік тарихшылар өзге мемлекеттер мен Совет Одағының қарым қатынасына мән бермейді деп санайды. 

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков «Созақ көтерілісіне жергілікті белсенділердің жасы келген адамдарды апанға салып, қыс айларының қар-аралас жаңбыры кезінде азаптауы түрткі болған» дейді:
Осы оқиғаны зерттеп, «Созақ көтерілісі» деген кітап жазған жазушы-журналист Өтеш Қырғызбаевтың айтуынша, «Созақ көтерілісіне басшы болған Сұлтанбек Шалақұлының 1930 жылы ақпандағы шайқаста қызыл әскер қоршауында қаза тапқаны айтылғанымен, оның сүйегін көрген немесе өлімін растайтын ешкім табылмады».

Өтеш Қырғызбаевтың сөзінше, «бұл көтеріліс кемінде 2 мың адамның өмірін қиған».

19:45 - 20:00 07 ақпан 2012

Айтыс-Азаттықта (жалғасы)

Желтоқсан айында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өткен болатын.

Сол сөз сайысындағы қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов пен алматылық Сара Тоқтамысованың айтысын бүгін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Күнтізбе

Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл

Назарға көп іліккен