Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 00:31


РАДИОХАБАРЛАР / Зерде

Зерде - Өткен тарихты зерделеу, ақтаңдақтар мен ұлт тарихындағы қиын-қыстау күндердің бүгінгі тарихта бағалануы тұрғысында тарихшы – зерттеушілермен өткізілетін сұхбат, талдау хабарлар.


19:45 - 20:00 30 сәуір 2012

Зерде

Қазақстанның анимация саласы тәуелсіздік алған 20 жылдан астам уақыт ішінде балаларға  қандай туындылар дайындап ұсынды? Туындылар кішкентай көреремендер ойынан шықты ма?

Бұл ретте ата-аналар әзірге кішкентай көрермендер көңілінен шыққан мултьфильмдердің жарыққа шыға қоймағанын айтады. Қазақстан аниматорлары қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев анимация өнеріне мемлекет көңіл бөліп отырған жоқ дей келе, дәл осы себептен жекелеген анимация орталықтарын ашуды ұсынады. Оның айтуынша, халықаралық талаптарға сай жасалған мультфильмдер тартымды болмақ.

Ол қазір телеарналарда жүріп жатқан қазақфильм киностудиясы шығарған мультфильмдерді анимация саласының мамандары дайындамағандықтан ойы күрделі, балалар бірден түсініп, қызығып қарайтындай деңгейде емес деді.
.


19:45 - 20:00 23 сәуір 2012

Руханият

Қазақстанда 12 сәуірде ғылым қызметкерлері күні алғаш рет аталып өтілді.Мереке 2011 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген болатын.
«Қазақстан ғалымдарының кәсіби мерекесі ұлттық жаңа ғылым жүйесінің құрылуына негіз салған - «Ғылым туралы» жаңа заңды жүзеге асырудың алғашқы жылының аяқталуымен тұспа-тұс келіп отыр»,- делінген білім және ғылым министрлігі таратқан  хабарламасында.

Алайда бірқатар ғалымдар елде ғылымға жеткілікті назар аударылмайды деген пікірде. Дінмұхамед Қонаев атындағы кен істері институты экология және тау кен жұмысының қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, технология ғылымдарының докторы, профессор Нариман Жалғасұлы үш ай бойы ақысыз демалыста болғандарын айтты.
Ешқандай зерттеу жұмыстарымен айналыспайтын ғылыми институттар қаржыдан қағылады. Тіпті жабылып қалуы да мүмкін. Білім және ғылым министрі осындай мәлімдеме жасады. Ал ғалымдардың үш айдан бері жалақысыз қалғанына, тиісті құжаттардың жіті сараптамадан өтіп жатқанымен түсіндірді.
«Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін ол қаржы мекемесінен өтуі керек. заңды түрде. Біз әр тиынға жауаптымыз» деді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
Министр еңбекақы мәселесіне қатысты дау барлық емес, тек бірді- екілі ғылыми институттарда туындап отырғанын айтты. Бұған ғалымдардың өздері кінәлі көрінеді. Өйткені мемлекеттік тапсырыс берілетін байқауларға белсенді қатыспайды, тың жаңалықтары да аз дейді ол.
..


19:45 - 20:00 16 сәуір 2012

Руханият

Қазақстанның анимация саласы тәуелсіздік алған 20 жылдан астам уақыт ішінде балаларға  қандай туындылар дайындап ұсынды? Туындылар кішкентай көреремендер ойынан шықты ма?

Бұл ретте ата-аналар әзірге кішкентай көрермендер көңілінен шыққан мултьфильмдердің жарыққа шыға қоймағанын айтады. Қазақстан аниматорлары қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев анимация өнеріне мемлекет көңіл бөліп отырған жоқ дей келе, дәл осы себептен жекелеген анимация орталықтарын ашуды ұсынады. Оның айтуынша, халықаралық талаптарға сай жасалған мультфильмдер тартымды болмақ.

Ол қазір телеарналарда жүріп жатқан қазақфильм киностудиясы шығарған мультфильмдерді анимация саласының мамандары дайындамағандықтан ойы күрделі, балалар бірден түсініп, қызығып қарайтындай деңгейде емес деді.


19:45 - 20:00 02 сәуір 2012

Уақыт бедері: спорт

2012 жылы Қазақстан біріншілігінде өнер көрсету үшін 94 легионер тіркелді. Мамандар легионерлерді тарту мәселесінің оң және теріс жақтары бар дейді.

Премьер-лиганың барлық клубтары шетелдік футболшыларды шақыру құқықтарын мейлінше пайдаланды. 2011 жылғы чемпион «Шахтер», «Астана», «Жетісу», «Ақтөбе» клубтары жеті легионерден сатып алды. Алматылық «Қайрат» клубы өз қатарына 5 шетелдік футболшыны қосты. Солардың бірі жартылай қорғаушы сапында өнер көрсететін Хорватия елінің азаматы Йосип Кнежевич. Ол «Қайратқа» жалға 10 айға берілген, негізгі келісім шарты ресейлік «Амкар» клубымен жасалған.

«Қазақстандық командаға өтуіме бұрынғы клубта көп ойнамауым себеп болды», -  дейді футболшы.

Биылғы жылы легионерлер қатарының артуы регламенттің қайта қаралғанымен байланысты екенін Қазақстан Ұлттық Лигасы өкілдері түсіндірді.

Бірнеше жыл бұрын Қазақстанға негізінен бұрынғы Совет Одағы құрамында болған елдердің ойыншылары келген  болса, бүгінде легионерлердің басым бөлігі Шығыс Еуропа өкілдері. Нақты айтсақ, көбіне Сербия мен Босния және Герцеговинадан.

«Бәлкім, бұл Қазақстан футбол аренасындағы серб агенттерінің белсенділігімен байланысты шығар», - дейді  Қазақстан Ұлттық Лигасының басшысы Олжас Абраев. 

Спорт шолушысы Есей Жеңісұлының сөзінше, легионер тарту бүкіләлемдік проблема.
.

Радионы тыңдау

Хабарлар кестесі

Күнтізбе

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?