Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:32

РАДИОХАБАРЛАР / Зерде

Зерде - Өткен тарихты зерделеу, ақтаңдақтар мен ұлт тарихындағы қиын-қыстау күндердің бүгінгі тарихта бағалануы тұрғысында тарихшы – зерттеушілермен өткізілетін сұхбат, талдау хабарлар.

Келесі бағдарлама

19:45 - 20:00 28 мамыр 2012

Өткен тарихты зерделеу, ақтаңдақтар мен ұлт тарихындағы қиын-қыстау күндердің бүгінгі тарихта бағалануы тұрғысында тарихшы – зерттеушілермен өткізілетін сұхбат, талдау хабарлар.

мамыр 2012
19:45 - 20:00 21 мамыр 2012

Денсаулық

Сарапшылар  денсаулық саласына мемелкеттен бөлінген ақшаның қаншалықты орынды жұмсалып жатқанын біліп отыру үшін әр салаға бөлінген қаражат туралы толық мәлімет беруді талап етіп отыр. Олар бұндай ақпарттың қарапайым халық үшін қолжетімді болуы, қаржыны үнемдеуге қол жеткізіп және денсаулықтың қай саласы дәрі-дәрмекті көбірек қажет етенінін айқындап береді деп отыр.

19:45 - 20:00 14 мамыр 2012

Руханият

Ғаламторда атап айтқанда mail.ru агентте жиі жарияланатын өлеңдер оқырмандар арасында қызу талқыға түсіп жүр. Бұл мәселеге қатысты ақындардың көбі  көпшілік талқысынан өтпеген, сынға түспеген өлеңдерді  қалың оқырманға ұсыну поэзияға деген теріс көзқарасты қалыптастырады дегенді алға тартады.   Ал mail.ru агентке өлеңін жариялап жүрген ақындар болса,  өлеңдері кітапқа жарияланбай, қағаз бетінде қалып қалғанан гөрі агент арқылы қалың оқырманның оқығаны жақсы дейді.

19:45 - 20:00 11 мамыр 2012

Зерде

Ардагер Айтуар Сейітбеков Совет-герман соғысына 18 жасында аттанған екен. Ол майданда ұзақ болмапты, дегенмен сол 4 айдың ішінде көптеген қиыншылықтарды көрген екен. Сейітбеков 9 мамыр жеңіс күнін өз ауылында қарсы алыпты, себебі жарақат алғаннан кейін ол майданнан қайтарылған екен. Ардагер қазіргі кезде мемлекет өздеріне  жеткілікті көңіл аудармай отырғанын айтты.
Үрият Наманова есімді ардагер де соғысқа қатысқанын әңгімеледі, алайда бірнеше айдан кейін оларды қайтарыпты. Ол жыл сайын 9 мамыр жеңіс күнін ерекше көңілмен атап өтетінін айтты. 
Тарихи деректерге сүйенсек, екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 миллион адам әскерге алынды. 50-55 миллион адам қазаға ұшырап, 4 триллион доллар көлемінде шығын шықты. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда, екінші дүниежүзілік соғыста адамдар шығыны 5 есе, ал материалдық шығыны – 12 есе көп болды.
Әбен Берденов есімді ардагер соғыс басталған кезде студент болған екен. Алайда соңғы емтихандарын тек соғыс аяқталғаннан кейін ғана тапсырыпты. Ол майданға тамыз айында барыпты. Әбен Берденов Мәскеу түбіндегі және Сталинградты босату шайқастарына қатысқан екен.

19:45 - 20:00 07 мамыр 2012

Зерде

Қаңтар айында 110 жасқа толған Қызылгүл Боранбаева Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде тұрады.  Алайда Қазақстанға көшіп келгеніне сегіз жылдан астам уақыт өтсе де, Қызылгүл Боранбаева Қазақстан  азаматтығына қол жеткізе алмай отыр. Отбасында жалғыз бала болғандықтан ерте тұрмыс құрған ол қазір баларымен бірге бақытты өмір сүріп отырғанына шүкіршілік етеді.  Қызылгүл Боранбаева Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде кенже ұлы Рүстемнің қолында тұрады. Әсемгүл атты келінімен бір шаңырақ астында 34 жыл бірге өмір сүріп келе жатыр. Келіні Әсемгүл енесі  Қызылгүл Боранбаеваның жасы жүзге жеткенше өз аяғынан жүргенін айтады. Оның айтуынша, соңғы он жыл көлемінде денсаулығы сыр беріп үйде отырып қалғанымен әлі күнге дейін ақылын айтып отырады.

.

мамыр 2012

Күнтізбе

Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл

Назарға көп іліккен