To get best possible experiance using our website we recommend that you upgrade to a newer version or other web browser. A list of the most popular web browsers can be found below.
Just click on the icons to get to the download page
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы 28 тілде хабар таратады. Бағдарламаларымыздың көбін өзіміз хабар тарататын аймақ елдеріндегі жергілікті радиостанциялар арқылы FM және орта толқында тыңдауға болады. Егер интернет арқылы тыңдау қиынға түсіп жатса, техникалық жәрдем алу туралы нұсқауымызды пайдаланыңыз.
Қазақтар әлемде – бұл Қазақстаннан сырт жерде тұрып жатқан қазақтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігі арқау етілетін апталық айдар ретінде беріледі.
Шеттегі танымал болған қазақтармен таныстырып отыру, олардың тұрмыстары, кәсіптері қандай, олар тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап отыр, балалары қай тілде сөйлейді, Қазақстанға қоныс аудаурды қалай ма, міне осы тәріздес мәселелер кеңінен қамтылады.
Қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының Қытайда өмірден өткеніне бір жыл толғанда Алматы қаласында ас берілді. Оған жазушыны көрген достары мен таныстары, шәкірттері қатысты. Сондай-ақ олар жазушы жайлы өз естеліктерін айтты. Ас барысында Қажығұмар Шабданұлына арналған деректі фильм көрсетіліп, құран оқылды. Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде туған. 1930 жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Дөрбілжін ауданына ауып барған. Қажығұмар Шабданұлының қызы Жайнар Қажығұмарқызы оның бар ойы Қазақстанға келу болды дейді. Қазақстанда 2009 жылы толық көлемде Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы екі мың данамен жарық көрген. Жайнар Қажығұмарқызы алдағы уақытта әкесінің әлі жарық көрмеген еңбектерін жариялауды көздеп отырғандарын айтты. Қажығұмар Шабданұлы туған жері – Қазақстанға оралу арманын айтып, 2006 жылы Қазақстан президентіне хат та жолдаған болатын. Арада бірнеше жыл өткенде тағы хат жазды. Бірақ бұл арманы орындалмай, қазақ қаламгері ақтық демі үзілгенше туған жерге жетуді аңсап өтті дейді Қабдеш Жұмаділов.
Жақында «Егемен Қазақстан» газетінде «Өз елінде өзі қонақ болғысы келетін оралман ағайындардың ойлағандары не?» деген мақала жарық көрді. Мақала авторы, газет тілшісі - Сейфолла Шайынғазы оралмандарды Қазақстанның адамы аз солтүстік облыстарына барудан бас тартып, Қазақстанның 4 облысын – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарына шоғырлана қоныстанғанын айыптай отырып, былай деді: «Осы сандарды ой елегінен өткізе отырып Қазақстанды Отаным деп келген бауырларымыздың 60 пайыздан астамының төрт облысқа ғана қоныстанғанын көруге болады. Оның сыры неде?»Ащы да болса айтайық, елім деп «еңіреп» жеткен бауырларымыздың Қазақстанға Отаным деп емес, осында бұрыннан тұрып жатқан немесе соңғы жылдары көшіп келген ағайын-туғандарын сағалап, күнелту үшін келетіндігін дәлелдейді.» - деген ой түйеді мақала авторы. Ардақты ағайын сіздердің назарларыңызға осы мақала төңірегіндегі сарапшылардың ой пікірлерін ұсынамыз. Әңгіме – Қазақстанның бұдан былайғы көші-қон саясаты өзгере ме? -деген сауал төңірегінде өрбиді.
Жақында Моңғолияға еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор Базылхан БҰҚАТҰЛЫ сексенге қараған жасында дүниеден озды. Моңғолияның Баян-өлгий аймағында тұрған көрнекті ғалым, Моңғолия ғылым академиясының бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты, қазақ түркологиясы мен диалектология ғылымына өзіндік үлес қосқан алтайтанушы. Базылхан Бұқатұлы 1932 жылы 9 мамыр күні Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы Цэнгэл ауылындағы Қақкөл деген жерде туған. 1960 жылы Моңғолия ұлттық университетінің филология факультетін үздік тәмамдаған. 1961 жылы Ұланбатыр қаласындағы Қазақ радиосының редакторы және дикторы, 1961-1991 жылдар аралығында Моңғолия ғылым академиясы Әдебиет және тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер болды. Осы жолғы қазақтар әлемде айдарында, Базылхан Бұқатұлының қазақ ғылымына қосқан үлесі жайында ой тербемекпіз.