Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:33

РАДИОХАБАРЛАР / Қазақтар- әлемде

Қазақтар әлемде – бұл Қазақстаннан сырт жерде тұрып жатқан қазақтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігі арқау етілетін апталық айдар ретінде беріледі.

Келесі бағдарлама

19:45 - 20:00 01 маусым 2012

Шеттегі танымал болған қазақтармен таныстырып отыру, олардың тұрмыстары, кәсіптері қандай, олар тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап отыр, балалары қай тілде сөйлейді, Қазақстанға қоныс аудаурды қалай ма, міне осы тәріздес мәселелер кеңінен қамтылады.

мамыр 2012
19:45 - 20:00 18 мамыр 2012

Руханият

Бірқатар жазушылар мен философтар қазақтың басын біріктіретін ұлттық идея қажет екенін алға тартады. Олар Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі нарық заманында қазақтар тұрмыс-тіршіліктің қамымен жүріп, ұлттық идея туралы ойлауға мүмкіндігі болмады деген пікірде. Философтар Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін әлемнің 200-ге тарта мемлекеті мойындағанын ескере отырып, ендігі кезекте ұлттың басын біріктіретін ұлттық идеяның болуы шарт дейді.

Бірқатар зиялы қауым өкілдері Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры» атты кітабында жариялаған ұлттық идеяларға қолдау таныта отырып,  оны БАҚ насихаттауды ұсынып отыр.

19:45 - 20:00 04 мамыр 2012

Қазақтар - әлемде

Жақында Үкіметтің арнайы Қаулысымен оралмандарды қоныстандыруға арналған көші-қон квотасы тоқтады. ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясының мәлімдеуі бойынша, бұл Үкіметтің айрықша нұсқауына дейін тоқтатылатын болады. 2011 жылдың 22 желтоқсанында 2011-2014 жылдарға арналған көші-қон квотасы жылына 10 мың отбасы болып бекітілген еді. Қазақстан Үкіметі бұл Қаулының күшін жойып, жаңа нұсқаулық дайындап жатқанын мәлімдеді.

Бүгінгі хабарымызда Көші-қон квотасы неге тоқтатылды, Жаңаөзен оқиғасының бұған қаншалықты қатысы бар және алда Ішкі істер министрлігі дайындап жатқан жаңа бағдарлама қандай болуы керек деген сауалдарға жауап іздедік.

мамыр 2012

Күнтізбе

Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл

Назарға көп іліккен