To get best possible experiance using our website we recommend that you upgrade to a newer version or other web browser. A list of the most popular web browsers can be found below.
Just click on the icons to get to the download page
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы 28 тілде хабар таратады. Бағдарламаларымыздың көбін өзіміз хабар тарататын аймақ елдеріндегі жергілікті радиостанциялар арқылы FM және орта толқында тыңдауға болады. Егер интернет арқылы тыңдау қиынға түсіп жатса, техникалық жәрдем алу туралы нұсқауымызды пайдаланыңыз.
Уақыт бедері –Қазақстандықтардың күнделікті тіршілігі, білім алу, дәрігерлік қызмет, баспана басқа да әлеуметтік мәселелерді қамтыған талдау хабарлар.
Қазақстандықтардың күнделікті тіршілігі, білім алу, дәрігерлік қызмет, баспана басқа да әлеуметтік мәселелерді қамтыған талдау хабарлар.
Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Қонаевтай ер қайда" деген атпен өткен айтыстан түркістандық Бегарыс Шойбеков пен байқоңырлық Төреғали Төрәлінің сөз сайысы назарларыңызға ұсынылып отыр. "Соры қалың елдің үкіметінің беті қалың болады екі бастан" деп сөз бастаған Бегарыс Шойбеков билікті сынаса, Төреғали Төрәлі Жаңаөзен тақырыбын жырына арқау қылды.
Қазақстанда вице-премьер Қайрат Келімбетов бастаған зейнеткерлік жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды.Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. 30 жылдан астам уақыт қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келе жатқан Ұлпан Молдағұлова енді төрт жылдан кейін зейнетке шығатын жасқа келеді. Ол зейнетке шығу жасының өзгеруі мүмкін деген хабарға қарсылық танытатынын айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше, зейнеткерлік жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныс жасау міндеттелген. «Әзірге дөп басып, ештеңе айта алмаймыз. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін ұсыныс жасауымыз қажет», - деді министр. Соңғы жылдары зейнеткерлік жас тақырыбы қоғамда жиі талқыланып жүр. Сарапшылардың кейбірі зейнеткерлік жас сөзсіз ұлғаяды деп есептейді. Сондай-ақ мұны өмір сүру ұзақтығының артуымен байланыстырады. Демограф ғалым Әзімбай Ғали расында Қазақстандағы орташа өмір сүру жасы ұзарып келе жатыр дейді. Статистика агенттігінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, 2010 жылы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы - 68 жасты құраған. Қаладағы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы - 63 жас болса, ауыл тұрғындарынікі де - 63 жас. Бұл ретте атап өтетін нәрсе Қазақстан орташа өмір сүру жасының көрсеткіштері бойынша әлем бекіткен межеге әлі жете алмай отыр. Қазақстандық зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы Айдар Әлібаев қазіргі кезде зейнетке шығу жасын өзгерту тиімсіз дейді.
Әдетте тұмаудың ең шарықтау шегіне жететін кезі ақпан айының соңына дейін созылады. Тұмаудың беті тек наурыз айының басында ғана қайта бастайды. Санитарлы-эпидемиологиялық станция мамандарының таратқан мәліметтері бойынша, бұл - «А» типтегі тұмау. Науқастанғандардың 70 пайызы - 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер болып келеді. Сұқбаттасымыз Әсел Қосжанова есімді студент өзінің жиі тұмаурататыны туралы әңгімеледі. Оның сөзінше, ол дәрігерлердің көмегіне жүгінбейді екен. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Данияр Меңлібеков осы қыста былтырға қарағанда тұмау көрсеткіштері аз болды дейді. Тұмау, грипп латын тілінен аударғанда grіppus сөзі “бас салу, шап беру” деген мағынаға ие. Ол - тыныс жолдарының жұқпалы вирусты ауруы. Аурудың қоздырғышы - ортомиксовирустар олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин және нейраминидаза болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Данияр Меңлібеков тұмаудың асқынуындырмау үшін дәрігерлерге дер кезінде қаралу керектігін еске салды.
Алматыдағы Балуан шолақ атындағы спорт сарайында "Қонаевтай ер қайда" деген атпен Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған айтыста жыр додасын қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан мен астаналық Айнұр Тұрсынбаева бастап шыққан болатын. Ақындар сөз сайысында Қонаевтың өз қолымен салдырған Алматыдағы республика сарайының ақындар айтысына берілмегендігін тілге тиек етті.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпыұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9 жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. Алматы қаласының тұрғыны, үш баланың анасы Гаухар Смаилова жылына бір рет отбасымен бірге демалысқа баратындарын айтты. әдетте олар Қазақстанның бір жеріне баруды жөн санайды екен. Гаухар Смаилова Қазақстандық туристік орталықтардың қызмет сапасы бағасына сай емес дейді. Қазіргі таңда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сияқты көрші мемлекеттер Қазақстанды туристік көрсеткіштер бойынша артта қалдыруда дейді мамандар. Олардың сөзінше, Қырғызстан мен Өзбекстанның артықшылықтары туризм бұл елдерде басымды мемлекеттік саясат болып табылады. Бюджеттен тікелей субсидиялар, өкілетті органдардың жоғары мәртебесі, салық салудағы жеңілдіктер.Туристер үшін Қазақстанда 700 саяхат бағыттары ұсынылады.Қазақстанның туристік қауымдастығы директорының орынбасары Шакира Әділбекова Қазақстанның танымал аймақтарын атады. Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік ақпараттары бойынша, туристік саланың жиынтық табысы 2011 жылғы тоғыз ай көрсеткіштері бойынша 82,3 миллиард теңгені құрады, 2010 жылғы осы кезеңмен 78,2 миллиард теңгемен салыстырғанда 5,2% ұлғайған. Алайда Шакира Әділбекова ешқандай жоғарылау байқалмады дейді.
2007 жылдан бастап 4 ақпан – қатерлі ісік дертіне қарсы күн болып жарияланды. Бұл күнді «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» жариялады. Халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аударту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының директоры Жәмилә Баттақова осы халықаралық күнге орай елде түрлі шаралардың болғанын айтты. Ақпан айының 1-10 күндері аралығында республика бойынша онкологиялық, яғни, «қатерлі ісік» ауруларының алдын-алуға байланысты онкүндік өтті. Маман қоғамның ақпараттануы өте маңызды деді. Халықаралық зерттеулердің нәтижесі темекі тарту (30 пайыз), дұрыс тамақтанбау (35 пайыз), инфекциялык факторлар (10 пайыз), кәсіптік концерогендік әрекеттер (4-5 пайыз), иондық сәуле әсері (4-5 пайыз), ультракүлгін сәуле әсері (2-3 пайыз), спирттік ішімдік ішу (2-3 пайыз), ауаның ластануы (1-2 пайыз), жалқаулық (4-5 пайыз) сынды әсерлерден қатерлі ісік ауруларының пайда болуын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұл ретте ерте кезеңде скринингтік сараптамалық анықтаудың алар орны ерекше. Қатерлі ісікті дер кезінде анықтаған жағдайда науқасты нәтижелі және толық емдеп шығуға болатыны бүгінде дәлелденіп отыр. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, науқастардың 50 пайызы аурудың 3-4-ші кезеңдерінде, яғни асқынған кезінде ғана мамандарға қаралады. Қатерлі ісік ауруларының жағ¬дайы бүгінгі таңда өзекті мәсе¬ле¬лердің бірі болып тұр. Дүние¬жү¬зі¬лік Денсаулық сақтау ұйымының қортындысы бойынша жыл сай¬ын жер шарында 10 миллионнан аса адам қатерлі ісік ауруына ұшы¬райды екен. Оның 6 миллионнан көбі қа鬬¬¬тыс болады. Егер осы бағытта кете берсе, 2020 жылы бұл көр¬сет¬кіш¬тер 2 еселенетін көрінеді. Яғни, жы¬лына 15 миллионнан аса адам ауы¬рып, 10 миллион адам қайтыс болады.
Желтоқсан айында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өткен болатын. Сол сөз сайысындағы қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов пен алматылық Сара Тоқтамысованың айтысын бүгін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда автокөліктерді техникалық бақылаудан жекеменшік компаниялар өткізе бастады? Мұның тиімділігі мен зиянды жағы қандай? "Уақыт бедері" айдарында осы тақырыпты талқылаймыз.
«Авторлық және сабақтас құқық туралы заңға», Қылмыстық және Әкімшілік құқық кодекстеріне енгізілген өзгерістер 31 қаңтардан бастап іске асты. Интернет желісінде туындыларды заңсыз пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында «Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерінде» авторлық құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ережелер күшейтіледі. Интернет ресурстарын ұйымдастыру және құру арқылы авторлық құқық нысандарын заңсыз таратқан тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Айыппұл санкцияларын арттыру да қарастырылған. олардың төменгі мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіштен 8 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бұл заң интернетті дамыту үшін қажет дейді. Мамандардың сөзінше, енгізіліп отырған өзгерістер авторлардың, орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың құқықтарын интернет желісін қоса алғанда авторлық және сабақтас құқық нысандарын заңсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-экономикалық салдары – заңды құқық иелерінің мүліктік жағдайын жақсартуда, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық тәртіпті нығайтуда зор мүмкіндік береді. Блогшы Жалғас Ертай өзге бір шешім қабылдау керек керек деп санайды: «Авторлық және сабақтас құқықтарды қарғау жөніндегі қазақстандық ассоциациясы президенті Виктор Лосевтің пікірінше, шамамен қазақстандық сайттардың 90 пайызы пираттық контенттен тұрады. Жалғас Ертай бұл заң күшіне енгеннен кейін Казнеттің негізін қалап отырған бірқатар сайттар жабылуға мәжбүр болады дейді.