Парламенттегі партиялар Ақорда саясатын қолдайтынын үнемі жария түрде мәлімдеп, онысын сөзімен де, ісімен де дәлелдеп отырса да Қазақстанға тағы бір билікшіл партия неге керек болды? Орталық Азиядағы демкоратияны дамыту қорының жетекшісі, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиевамен сұхбат.
Астанада "сот үкімін орындамады" деген айыппен істі болып, ақпаннан бері абақтыда отырған саяси белсенді Ермек Нарымбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Ол істі заңсыз деп санайды. Ал прокурор белсенді шартты жазамен бостандықта жүрген кезінде пробациялық бақылау талабын бұзған дейді.
Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні қалай өтті? Бұл күн жалпыхалықтық аза тұту күніне айнала алды ма? Сталиндік зұлматқа биліктің көзқарасы қандай? Тарих қалай жазылып жатыр? Алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлымен сұхбат.
Астанада Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің 5-отырысы өтіп, Еуразия экономика одағының (ЕАЭО) дамуы, жаһандық экономикалық өзгерістерге бейімделу, цифрландыру, жасанды интеллект және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
31 мамыр – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, зобалаңның көптеген сұрағы жауапсыз не даулы күйде қалып отыр. Азаттық осы мәселені Берлиннің Еркін университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Роберт Киндлермен талқылады.
28 мамырда Астанада Қазақстан мен Ресейдің ресми өкілдері бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды. Олардың арасында Қазақстанда жаңадан салынатын АЭС құрылысын салуға қатысты келісім де бар.
26 мамыр күні Алматыда Көкжайлау тау шатқалына шаңғы курортын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Экобелсенділер жиын біржақты өтіп жатыр деп наразылық білдірді. Ал вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Алматы маңындағы тауды "қауіпсіз әрі жауапты түрде" ел игілігіне пайдалануға үндеді.
Тағы