Прокурор соттан Күлекеевті 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Парақор деп айыпталған "Қазақстан темір жолының" бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев сот залында. Астана, 31 қазан 2008 ж.

31.10.2008

Астанадағы Сарыарқа ауданының №2 сотында Жақсыбек Күлекеев ісіне қатысты екі айға созылған сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталды. Мемлекеттік айыптаушы Еркін Шәріпов соттан Күлекеев пен оның жүргізушісі Есенгелді Оспановты Қылмыстық кодекстің 352-бабына сәйкес 10 жыл бас бостандықтарынан айырып, жазаларын қатаң түрде түзету мекемесінде өтеуге үкім шығаруды сұрады. Толығырақ