Accessibility links

"Фукусима" АЭС-індегі қауіп-қатер деңгейі ең жоғары шамаға жетті


Жапонияның атом және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі агенттігі "Фукусима" атом электр станциясындағы радиация мөлшері кезекті рет өлшеген соң, радиациялық қауіп-қатер деңгейін халықаралық бағам бойынша бесіншіден жетінші дәрежеге көтеретінін айтты.

Бұрын-соңды ядролық нысанға бұндай жоғары қауіп-қатер дәрежесі тек 1986 жылы Чернобыль АЭС-інде апат болғанда ғана берілген.

Наурыздың 11-інде болған зілзала мен жойқын цунами "Фукусима" АЭС-інің салқындату жүйесін істен шығарып, станцияны апатқа ұшыратқан.

Бүгін АЭС-тің төртінші реакторында өрт шығып, кейін ресми орындар өрттің сөндірілгенін хабарлады.

Бүгін Жапонияның шығыс аймағында магнитудасы 6,3 балл жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
XS
SM
MD
LG