Дамаск Хула қаласында атыс кезінде қаза тапқан 92 адамның өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 26 мамыр күнгі шабуыл кезінде опат болғандардың 32-сі балалар еді. Бұл оқиғаға қатысты халықаралық қауымдастық дереу пікір білдіріп,
айыптап шыққан болатын.
27 мамыр күні Сирияның сыртқы істер министрлігінің өкілі Джихад әл-Макдисси адам өліміне "терроршылар" кінәлі, Дамаск тергеу жүргізеді деген мазмұнды мәлімдеме жасады. Өткен жұма және сенбі күндері үкімет әскері БҰҰ-ның бақылаушыларын Хула қаласына кіргізбей қойған еді.
Сирия армиясы араб әлемі мен Батыс елдерінің наразылығына қарамастан жексенбі күні көтеріліс жасаған қалаларды атқылауды жалғастыра берді.