Сәрсенбі, 1 қазан 2014, Алматы 20:13


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰБТ қорытындысы шықты

ҰБТ тапсырып шығып келе жатқан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл.

10.06.2013
Биыл ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) сынағы кезінде бірнеше рет сынақ ережесін бұзған 31 талапкер тестке қатыстырылмады. Бұл туралы бүгін ҰБТ қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берген білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты. Министрдің сөзіне қарағанда, биыл сынақ тапсырған 11 мың 167 талапкер 100-ден көп балл жинаған.

Тестілеу кезінде басқа біреудің орнына сынақ тапсырмақ болған алты адам аудиториядан шығарылған.

«Тестілеу кезінде ереже бұзған жайттар болды. Талапкерлерден тыйым салынған ұялы телефондар, калькулятор, фотоаппарат секілді 27 мың 726 зат алынды. Бірақ оларға көбінесе ескерту жасалып, ары қарай сынақ тапсыруларына  рұқсат берілді. Былтырғыдай түлектерді тінту секілді оқиғалар болған жоқ» деді Жұмағұлов.

Биыл ҰБТ сынағы 3 маусым мен 9 маусым аралығында өткізілді. Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпаратқа қарағанда, сынақ қорытындысы бойынша жеті талапкер ең жоғары ұпай - 125 балл жинаған. 27 мың 465 (28,75 пайыз) талапкер қажетті 50 балды жинай алмаған.

Күнтізбе

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Қазақстандық дзю-дошы Елдос Сметов моңғолиялық Волбаатар Гамбатты иппон әдісімен ұтып, Азия ойындары чемпионы атанды. Инчхон, 20 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстан Азия олимпиадасында көзге түсті

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азиаданың 10 күнінен кейін Қазақстан 15 алтынмен командалық жалпы есепте төртінші орында келеді. Толығырақ