Accessibility links

Министр Әбденов қызметінен кетті


Жұмыртқа лақтыруға министрдің жауабы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:59 0:00

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов өзіне жұмыртқа лақтырған қоғам белсендісі Андрей Цукановтың ісіне пікірін айтты. Алматы, 26 сәуір 2013 жыл.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Әбденов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды" деп хабарлады Қазақстан президентінің ресми сайты.

Әбденовтің міндетін вице-министр Тамара Дүйсенова уақытша атқармақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзарту жайлы заң жобасына байланысты халыққа танымал болған. Заң жобасын түсіндіру үшін аймақтарды аралап жүрген министр Әбденов сәуірдің 26-сында Алматыға келгенде оған қоғамдық белсенді Андрей Цуканов жұмыртқа лақтырған.

Ал 7 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын парламентке қайтаратынын мәлімдеді. Ол әйелдердің зейнетке шығу жасын ерлермен теңестіруге наразылық туғанын айтты.

Қазір Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 58 жаста шығады.
XS
SM
MD
LG