Accessibility links

Астанада Еуразия медиа форумы басталды


Еуразия медиа форумы. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.
Еуразия медиа форумы. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.
Бүгін Астанада он екінші Еуразия медиа форумы басталды. Жиынның ашылуында Қазақстан мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков форумға қатысушыларға президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды. Форумға Назарбаевтың өзі қатысқан жоқ.

Жиынға жолдауында Назарбаев медиа форумдағы конструктивтік диалогтың өзара түсіністік пен сенімнің нығаюына қызмет ететінін айтқан. Ол 12 жылда форумның халықаралық деңгейге көтеріліп, әлемдік маңызды проблемалар талқыланатын алаңға айналғанын айтқан.

Назарбаев бұған қоса Еуразия экономикалық одағы туралы идеясын ұсынғанына жиырма жыл болатынын айтып, "еуразиялық интеграция дамудың жаңа кезеңге өткенін" атап өткен.

"Мамыр айында дәл осы Астанада Еуразия экономикалық одағын құру туралы тарихи келісімге қол қойылады" деген Назарбаев хатында.

Форумға бірқатар елден келген саясаткерлер, сарапшылар мен журналистер қатысып отыр. Форум екі күнге созылады.
XS
SM
MD
LG