Accessibility links

Джон Керри Ауғанстанға барды


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри президент сайлауына қатысты туындап келе жатқан алауыздықты бәсеңсіту үшін аяқастынан Ауғанстанға барды.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джефф Раткенің мәлімдеуінше, Керри Ауғанстан президенттігіне кандидаттар - Абдулла Абдулламен және Ашраф Ганимен және қызметінен кететін президент Хамид Карзаймен кездеседі.

Тәуелсіз сайлау комиссиясы бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ганиді 14 маусымда өткен дауыс берудің екінші кезеңінің жеңімпазы деп жариялаған. Алдын-ала мәліметтер бойынша Гани - 56.44 пайыз дауыс, ал бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла 43 пайыздан астам дауыс жинаған. Дауыс берудің түпкілікті қорытындысы 22 шілдеде жарияланады және ол алдын-ала нәтижеден өзгеше болуы мүмкін.

Бірақ Абдулла Абдулла алдын-ала нәтижемен келіспейтінін мәлімдеген.

Бұған дейін Джон Керри биліктің алғаш рет демократиялық жолмен ауысу процесі жүріп жатқан Ауғанстанға "сын сағаты таяғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG