Accessibility links

"Gulnar Tour" компаниясы үстінен іс қозғалды


"Gulnar Tour" компаниясының Алматыдағы кеңсесі. (Көрнекі сурет).
"Gulnar Tour" компаниясының Алматыдағы кеңсесі. (Көрнекі сурет).

Алматы қаласының Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы клиенттерін туристік сапармен Түркияға ұшыра алмаған "Gulnar Tour" туристік компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Прокуратураның хабарлауынша, ішкі істер басқармасы 9 шілдеде отызға жуық азаматтың арызын қарап, қылмыстық кодекстің 177 бабы 3 бөлімінің б тармағы бойынша ("алаяқтық жасау") іс қозғаған.

4 шілдеде Алматыдан Түркияға туристік сапармен ұша алмай қалған елуге жуық азамат "Gulnar Tour"-дың Алматыдағы кеңсесіне жиналған.

Туристік жолдаманы осы компаниядан алғандарын айтқан азаматтар сол күні Алматы қалалық ішкі істер басқармасына компанияның үстінен арыз жазған. Компнаия Түркияға ұша алмай қалған туристерге ақшаларын қайтарып беретіндерін айтқан.

2-шілде күні «Gulnar Tour» компаниясының қызметін пайдаланып, Түркияға барған 130 астам қазақстандық турист елге қайта алмай қалған. Олардың біразының елге қайтуын Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі қарастырған.

Прокуратураның дерегінше, туристердің ұша алмай қалуынан келген шығын алдын-ала болжам бойынша 6 миллион теңгені құрайды.

XS
SM
MD
LG