Accessibility links

Байқоңырдан "Союз-У" зымыраны ұшырылды


Ресейлік "Союз ТМА-13М" зымыранының ғарышқа ұшырылған сәті. Байқоңыр, 29 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейлік "Союз ТМА-13М" зымыранының ғарышқа ұшырылған сәті. Байқоңыр, 29 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астана уақытымен сағат 03.44 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс М-24М" ғарыш кемесі тиелген "Союз-У" зымыран-тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ақпарат бүгін ресейлік "Роскосмос" ғарыш агенттігі сайтында жарияланды.

"Прогресс М-24М" кемесі халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан экипажға қажетті азық-түлік, оттегі, отын, ғылыми тәжірибелер өткізуге арналған құрал-жабдықтар мен ғарышкерлерге арналған сәлемдемелер - жалпы салмағы 2,3 тоннаға жуық жүк жеткізеді деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG