Accessibility links

Украина сайлауына Қазақстаннан төрт бақылаушы барды


Украинаның Қазақстандағы елшілігінде Жоғарғы Рада сайлауына кандидаттардың тізімін қарап тұрған адамдар. Астана. 24 қазан, 2014 жыл.
Украинаның Қазақстандағы елшілігінде Жоғарғы Рада сайлауына кандидаттардың тізімін қарап тұрған адамдар. Астана. 24 қазан, 2014 жыл.

Бүгін Украинаның Қазақстандағы елшілігі арнайы брифинг өткізіп, "Украинада 26 қазан күні өтетін парламент сайлауына Қазақстаннан төрт бақылаушы барғанын" мәлімдеді.

Азаттық тілшісінің брифингтен хабарлауынша, елшіліктің кеңесші-уәкілі Юрий Лазебник брифингте "Украина орталық сайлау комиссиясының шетелдік және халықаралық бақылаушыларды тіркеуді аяқтағанын, Қазақстанның төрт бақылаушысы тіркелгенін" айтқан.

Украина ОСК-сі Польша, Венгрия, Литва, Ұлыбритания, Қазақстан, Түркия, Нидерланд және ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары және демократиялық институттар бюросы, Дүниежүзілік украин конгресі, ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы мен басқа да халықаралық ұйымдардың 494 өкілін ресми бақылаушы ретінде тіркеген.

Юрий Лазебниктің сөзінше, 26 қазан күні Астана мен Алматы қалаларында екі сайлау учаскесі ашылады. Ол пункттерде Украинаның Қазақстанда жүрген мыңнан астам азаматы дауыс бере алады.

XS
SM
MD
LG