Accessibility links

Қазақ әншісі Turkvision байқауында жеңіп шықты


Жанар Дұғалова Turkvision байқауына жолдама алған сәт. Астана, 28 қазан 2014 жыл. Баян Есентаевның продюсерлік орталығы ұсынған сурет
Жанар Дұғалова Turkvision байқауына жолдама алған сәт. Астана, 28 қазан 2014 жыл. Баян Есентаевның продюсерлік орталығы ұсынған сурет

Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова Татарстан астанасы Қазан қаласында 21 қарашада аяқталған Turkvision байқауының жеңімпазы атанды.

Ол байқауда өзі жазған "Ізін көрем" әнін орындады. Әншіге әділқазылар 225 ұпай берді. Жеңімпазға сыйақы ретінде 20 мың доллар тапсырылды. Былтыр Түркияда өткен алғашқы Turkvision байқауына Қазақстаннан "Ринго" тобы қатысып, тоғызыншы орын алған еді.

Eurovision байқауына балама ретінде Turkvision 20 түркітілдес мемлекет пен аймақ арасында өткізіледі. Байқау жыл сайын түркі елдерінің бір астанасында ұйымдастырылады. Келесі жылы бұл байқау Түркіменстанда өтпекші.

XS
SM
MD
LG