Accessibility links

Луганск облысында үш адам мерт болған


Мариуполь қаласындағы митингке қатысушылар. 30 қаңтар 2015 жыл.
Мариуполь қаласындағы митингке қатысушылар. 30 қаңтар 2015 жыл.

Украинаның шығысындағы Луганск облысында өткен түні атыс барысында жергілікті үш тұрғын мерт болған. Попасная, Счастье және Станица Луганская елді мекендері оқ астында қалған, бірнеше тұрғын үй қираған. Луганск облысының губернаторы Геннадий Москаль аймақта шайқастар жүріп жатқаны, ресейшіл сепаратистер украиналық әскерилерге қарсы танктер мен «Град» қаруын қолданғаны туралы хабарлаған.

Донецк облысында сепаратистер Дебальцево қаласы мен Пески және Петровское ауылдары маңында украиналық әскерилер позициясын атқылаған. Украиналық әскерилер операциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мариуполь қаласы маңындағы Виноградное ауылын да сепаратистер атқылаған.

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» өкілдері болса украиналық әскерилер өткен түні Донецк қаласын атқылады деп хабарлаған. Сепаратистердің мәліметі бойынша, жергілікті үш тұрғын қаза тауып, жиырмаға жуық адам жараланған. Украина әскери басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG