Accessibility links

Ресей оппозициясы 19 сәуірде қарсылық шеруін өткізбек


"Солидарность" қозғалысы жетекшілерінің бірі Петр Царьков қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруінде. Мәскеу, 1 наурыз 2015 жыл.
"Солидарность" қозғалысы жетекшілерінің бірі Петр Царьков қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруінде. Мәскеу, 1 наурыз 2015 жыл.

Ресейдегі оппозициялық партиялар мен қозғалыстар сәуірдің 19-ы күні Мәскеуде наразылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

"Солидарность" қозғалысының Мәскеудегі бөлімшесі төрағаларының бірі Петр Царьковтың "Интерфакс" агенттігіне хабарлауынша, әзірше акцияның шартты атауы "Ашу-ыза мен ар-намыс маршы" деп аталады. Шерудің өтетін жері, форматы мен талаптары да әлі анықталмаған.

Царьковтың айтуына қарағанда, маршты ұйымдастырушы Қарсылық шаралары комитеті, РПР-ПАРНАС партиясы мен "Солидарность" қозғалысы биліктен акцияны қала орталығында өткізуді сұрамақ.

Оппозицияның наурыздың 1-і күні Мәскеудің Марьино ауданында өткізбек болған дағдарысқа қарсы "Весна" маршы қастандық құрбаны болған оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың қазасына байланысты өтпей қалған. "Весна" маршының орнына Мәскеудің орталығында өткен Немцовты еске алу қаралы шеруіне он мыңдаған адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG