Accessibility links

Өзбекстан ОСК: Сайлау заңды күшіне ие болды


Сайлауалды материалдар ілінген жерден өтіп бара жатқан адамдар. Ташкент, 26 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Сайлауалды материалдар ілінген жерден өтіп бара жатқан адамдар. Ташкент, 26 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Өзбекстанда бүгін өтіп жатқан президент сайлауы басталған төрт сағаттың ішінде тізімдегі сайлаушылардың 36 пайызы дауыс беріп үлгерді деп хабарлады осы елдің орталық сайлау комиссиясы.

«Сағат 10:00-дағы жағдай бойынша, сайлаушылар тізіміне енгізілген алынған 20 миллион 798 мың 52 азаматтың қазірге дейін 36,55 пайызы дауыс берген» делінген ресми ақпаратта.

Өзбекстан заңы бойынша, тізімге алынған сайлаушылардың кемінде 33 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда сайлау заңды күшіне ие деп танылады.

Бүгін Өзбекстан сайлау учаскелерінде жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат алтыда басталған ел президенті сайлауына дауыс беру кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.

Бұл сайлауға елдің қазіргі президенті, Өзбекстан либералды-демократиялық партиясы жетекшісі Ислам Каримовке бәсекелес ретінде Өзбекстан халықтық-демократиялық партия басшысы Хатамжан Кетмонов, «Адолат» социал-демократиялық партиясы атынан Наримон Умаров және «Қайта өрлеу» демократиялық-ұлтшыл партиясынан Акмал Саидов кандидат болып тіркелген. Бұл партиялардың ешқайсысы билікке оппозицияда емес.

XS
SM
MD
LG