Accessibility links

БҰҰ: электрондық қалдық көлемі 40 миллион тоннадан асқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2014 жылы бүкіл әлемде электрондық және электротехникалық өнімдер қалдығының көлемі 41,8 миллион тоннаны құраған. Бұл туралы бүгін жарияланған БҰҰ зерттеуінде айтылған. Деректе әлгіндей қалдықтардың тек алтыдан бір бөлігі ғана қайта өңдеуге жіберілгені айтылған.

Құрамында алтын, күміс, темір, мыс бар электрондық қалдықтың жалпы құны 50 миллиард доллардан асады деп бағаланған.

Зерттеу авторлары электрондық қалдықтардың көп бөлігі (жеті миллион тоннадан аса) АҚШ-тың үлесіне тиесілі дейді. Екінші орында – Қытай (алты миллион тонна), одан кейін Жапония, Германия және Үндістан тұр.

Елдегі тұрғындар басына шаққандағы электрондық қалдық заттар көрсеткіші бойынша тізім басында Норвегия аталған – 28 килограммнан келеді. Осы көрсеткіш бойынша Швейцария, Исландия, Дания және Ұлыбритания алғшақы бестікке енсе, АҚШ тоғызыншы болып тұр.

XS
SM
MD
LG