Accessibility links

Жамбыл облысында жол апатынан 15 адам мерт болған


Жол-көлік апаты болған жер. Жамбыл облысы, 19 сәуір 2015 жыл.
Жол-көлік апаты болған жер. Жамбыл облысы, 19 сәуір 2015 жыл.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында бүгін жол-көлік апаты салдарынан 15 адам қаза болған. 14 адамның өртенген сүйектері апат орнынан табылған, тағы бір адам ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған деп хабарлады Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің төтенше жағдайлар басқармасы.

«Газель-2705» маркалы жүк көлігі мен «Мерседес-Бенц Спринтер» шағын автобусы Алматы-Екатеринбург тас жолының 487-шақырымында бір бірімен соқтығысып қалған.

Бішкектен Солтүстік Қазақстанға кетіп бара жатқан шағын автобустың жүргізушісі мен ондағы жолаушылардың барлығы Қырғызстан азаматтары, «Газель» көлігінің жүргізушісі – Қазақстан азаматы деп хабарланды.

Апаттан зардап шеккен бес адам Жамбыл облысымен шектесетін Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының ауруханасына жеткізілген.

XS
SM
MD
LG