Accessibility links

Уимблдон: Зарина Дияс үшінші кезеңге өтті


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Әлемнің 34-ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне шықты.

21 жастағы қазақ теннисшісі өзімен жасты белорусьтік теннисші Александра Сасновичті (137-ракетка) 7:5, 6:1 есебімен жеңді.

Дияс үшінші кезеңде Андреа Петкович (Германия) пен Мариана Мариньо Дуке (Колумбия) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Дияс 2014 жылғы Уимблдон жарысының төртінші кезеңіне дейін жеткен.

Уимблдон – теннистен әлемдегі Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін ең ірі төрт турнирдің бірі. Лондонда өтетін жарыстың жүлде қоры 26 миллион 750 мың фунт стерлингті құрайды.

XS
SM
MD
LG