Accessibility links

Қырғызстаннан көлік әкелудің жаңа ережесі бекіді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметі Қырғызстаннан көлік кіргізуге арналған жаңа ереже енгізді деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

"Отандық автомобиль өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан нарығына Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кірген көліктер ғана кіргізілетін болды" деді Ерболат Досаев.

Министр кіргізілетін көліктер Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) "Көлік құралдарының қауіпсіздігі" техникалық регламентіне сай келуі тиіс екенін айтты.

Досаевтың айтуынша, Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуына байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) Қырғызстанның тарифтік міндеттемелерін ДСҰ ережелеріне сай өзгерту жөнінде келіссөз өтеді.

Парламент мәжілісі бүгін Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы келісімді мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG