Accessibility links

Санкцияға ілінген Иосиф Кобзон Еуропада ем алмақ


Ресей әншісі Иосиф Кобзон Қырымда. 24 шілде 2015 жыл.
Ресей әншісі Иосиф Кобзон Қырымда. 24 шілде 2015 жыл.

Ресейлік танымал әнші Иосиф Кобзон өзіне қарсы батыс елдері салған санкцияға қарамастан, Еуропаға ем алуға бармақшы. Әншінің өзі ресейлік «Русская служба новостей» (РСН) радиосына берген сұхбатында, Ресей президенті Владимир Путиннің көмегі арқасында Еуропаға баруға мүмкіндік алып отырғанын айтқан.

Бұған дейін осы радиоға сұхбатында Кобзон президент Путинге жәрдем сұрап өтініш жасамағанын және ондай ниеті жоғын мәлімдеген.

Бұдан жеті жыл бұрын дәрігерлер Иосиф Кобзонның қуық безінде қатерлі ісік барын анықтаған.

Ресейдің Украинаға қатысты саясатын белсенді түрде қолдағаны үшін Иосиф Кобзонды Еуропа Одағы, АҚШ және Канада елдері санкциялар тізіміне алып, өз аумағына әншінің кіруіне және осы мемлекеттердегі оның дүние-мүлкіне тыйым салған еді.

XS
SM
MD
LG