Accessibility links

Сирияда Ресейдің Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады


Ресейдің Ми-8 әскери тікұшағы. (Көрнекі сурет).
Ресейдің Ми-8 әскери тікұшағы. (Көрнекі сурет).

Ресей Түркия Сириямен шекарада атып түсірген ресейлік Су-24 жойғыш ұшағының екі ұшқышын іздеу операциясын жүргізіп жатқан Ми-8 тікұшағы да апатқа ұшырағанын хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшқыштарды іздеуге қатысып жүрген екі Ми-8 тікұшағының бірін минометпен атқылаған. Апаттан тікұшақ экипажының бір ұшқышы қаза тауып, екіншісі аман қалған.

Бұдан бұрын Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымы Сирияның солтүстігіндегі үкімет әскері бақылайтын аймақта Ресейдің әскери тікұшағы көтерілісшілердің танкке қарсы қолданылатын зымыранынан атқыланып, қонуға мәжбүр болғанын хабарлаған.

Ұйым тікұшақ Латакия провинциясында қонуға мәжбүр болғанын және экипаждың аман қалуға мүмкіндігі туса да, көтерілісшілер тікұшақ қона салысымен тағы да зымыранмен атып жойып жібергенін айтады.

24 қарашада Түркия әскери-әуе күштерінің F-16 ұшағы Сириямен шекарада "елдің әуе кеңістігін әлденеше рет бұзғаны" үшін ресейлік Су-24 жойғыш ұшағын атып түсірген. Ұшақ экипажы парашютпен секіріп кеткен.

XS
SM
MD
LG