Accessibility links

Ресейде тікұшақ апатынан 11 адам қаза тапты


Ресейдің Ми-8 жолаушылар тікұшағы. (Көрнекі сурет.)
Ресейдің Ми-8 жолаушылар тікұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Красноярск өлкесінде МИ-8 жолаушылар тікұшағы апатқа ұшырап, нақтыланған мәлімет бойынша, 11 адам қаза тапқан. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады.

Батыс Сібір өлкелік көліктегі прокуратурасы құтқарушылар тірі қалған адамдарды эвакуациялап жатқаны туралы ақпарат таратқан.

Игарка қаласынан мұнай соратын станцияға ұшып шыққан «Турухан» компаниясына тиесілі Ми-8 тікұшағы бортында 22 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.

Төтенше жағдайлар қызметінің ақпаратына қарағанда, апатқа тікұшақтағы техникалық ақау мен ұшқыштардың нашар ауа-райында қателік жіберуі себеп болуы мүмкін деген жорамал бар.

XS
SM
MD
LG