Accessibility links

Түркия: Су-24 ұшағына өтемақы төлемейміз


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркия Сириямен шекарада атып түсірген ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағы үшін Ресейге өтемақы төлемейді. Бұл туралы 16 желтоқсанда Түркия сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танжу Билгич мәлімдеген.

Оның алдында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Мешков Түркияны әскери ұшақты атып құлатқаны үшін өз еліне өтемақы төлеуге шақырған.

24 қарашада түрік әскери-әуе күштері «Түркия әуе кеңістігін бұзып, ескертулерді елемеді» деген уәжбен Сириямен шекарада ресейлік бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсіріп, ұшақтағы екі ұшқыштың бірі қаза тапқан. Бірақ Ресей ұшақтың «Сирия әуе кеңістігінен шықпағанын» мәлімдеп, кейін Түркияға қарсы экономикалық санкциялар енгізген.

XS
SM
MD
LG