Accessibility links

Республикашыл 2 үміткер АҚШ президенті сайлауынан шықты


Нью-Гэмпширдегі президенттікке түсуден үміткерлерге партия арасындағы дауыс беру. АҚШ, 9 ақпан 2016 жыл.
Нью-Гэмпширдегі президенттікке түсуден үміткерлерге партия арасындағы дауыс беру. АҚШ, 9 ақпан 2016 жыл.

АҚШ-та Республикашыл партияның екі үміткері - Нью-Джерси штатының губернаторы Крис Кристи мен Hewlett-Packard-тың бұрынғы басшысы Карли Фиорина партия атынан президент сайлауына түсу бәсекесінен бас тартты.

9 ақпанда Нью-Гэмпшир штатында өткен партияның өз ішіндегі дауыс беруде Крис Кристи республикашыл кандидаттар арасынан алтыншы орын, Виорина жетінші орын алған.

Нью-Гэмпширдегі дауыс беруде республикашыл үміткерлер арасынан миллиардер Дональд Трамп жеңіске жеткен. Демократтар арасынан сенатор Берни Сандерс алға шыққан. Демократ, бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон екінші орын алған.

АҚШ-та президент сайлауы 2016 жылы 8 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG