Accessibility links

Тәжікстанда "салафиттер жетекшісі" ұсталды


Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" діни ұйымының жетекшісі Мухаммади Рахматулло.
Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" діни ұйымының жетекшісі Мухаммади Рахматулло.

Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" діни ұйымының жетекшісі Мухаммади Рахматуллоның ұсталғаны хабарланды. Азаттықтың Тәжік редакциясының күш құрылымдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Рахматуллоны құқық қорғау органдары ұстаған. Тәжікстанда 2000 жылдардың ортасында "Салафия" ұйымының жетекшісі ретінде танылған Рахматуллоның қайда және қашан ұсталғаны айтылмайды. Дереккөзінің мәліметінше, Рахматуллоға "діни алауыздықты қоздырды" деген және тағы өзге екі айып тағылған.

Тәжікстанда "Салафия" ағымының жақтастары он шақты жыл бұрын пайда болған. Биыл қаңтарда Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода "Салафия" елде экстремистік ұйымдар тізіміне енгізілген соң осы діни ұйымның мүшесі делінген үш адам ұсталғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG