Accessibility links

ОСК: ЖСДП-ның 23 үміткері сайлауға тіркелді


Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Жармахан Тұяқбай партия съезін ашып тұр. Алматы, 30 қаңтар 2016 жыл.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Жармахан Тұяқбай партия съезін ашып тұр. Алматы, 30 қаңтар 2016 жыл.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) бүгін парламент мәжілісінің ерте сайлауына өзін оппозицияшыл санайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) партиялық тізімін тіркегенін хабарлады. ОСК 7 ақпанда ЖСДП мәжіліс депутаттары сайлауына кандидат ретінде 23 үміткерді тіркеуді сұрағанын хабарлаған.

ОСК ЖСДП республикалық сайлауалды штабы басшысының орынбасары Асхат Рақымжановқа партиялық тізім бойынша ұсынылғандардың кандидат ретінде тіркелгені туралы куәліктерін тапсырған.

ЖСДП-ның 30 қаңтарда Алматыда өткізген съезінде партия атынан кезектен тыс парламент сайлауына 27 кандидат ұсынылып, бекітілген еді. ОСК депутаттыққа ЖСДП атынан кандидат ретінде тіркегендер арасында партия жетекшісі Жармахан Тұяқбай, Ермұрат Бәпи, Зәуреш Батталова, Ғабиден Жәкей, Уәлихан Қайсар, Бақытгүл Мәкімбай, Құрманғазы Рахметов, Петр Своик, Балташ Тұрсымбаев, Әмірбек Тоғысов, Рақым Айыпұлы сынды саясаткерлер мен азаматтық белсенділер кандидат болып тіркелген.

Партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін созылған. Ал партиялық тізімді тіркеу 19 ақпанда аяқталады. Ақпанның 20-сынан наурыздың 18-іне дейін партиялар сайлауалды үгіт-насихат шараларын жүргізеді.

ОСК бұған дейін «Нұр Отан» (127 үміткер), «Ақ жол» (35), «Ауыл» (19) партиялары мен Қазақстан халықтық-коммунистік партиясының (22) үміткерлерін тіркеген.

XS
SM
MD
LG