Accessibility links

Мәжіліс спикері Ізмұхамбетов болды


Парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланған Бақтықожа Ізмұхамбетов. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.
Парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланған Бақтықожа Ізмұхамбетов. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.

Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы болып "Нұр Отан" партиясы атынан депутат болып сайланған Бақтықожа Ізмұхамбетов сайланды. Бұл туралы мәжілістің алғашқы пленарлық отырысынан Азаттық тілшісі хабарлады. Ізмұхамбетовтің кандидатурасын мәжілістегі 107 депутат түгел қолдап дауыс берген.

Бақтықожа Ізмұхамбетов депутатыққа сайланғанға дейін Атырау облысының әкімі болған.

Алтыншы шақырылымдағы мәжіліске партиялық тізім бойынша сайланған 98 депутаттың 84-і - сайлауда ресми есеп бойынша 82,2 пайыз дауыс алған биліктегі "Нұр Отан" партиясының өкілдері. Мәжіліске өткен өзге екі партия - билікшіл "Ақ жол" партиясы мен Қазақстан халықтық коммунистік партиясының әрқайсысы 7 пайыздан асырып дауыс жинап, 7 орыннан иеленген. Қазақстан халқы ассамблеясы атынан мәжіліс депутаттығына 9 депутат өткен.

20 наурызда сайланған алтыншы шақырылымдағы мәжілістің алғашқы сессиясын бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Алғашқы пленарлық отырыста мәжіліс төрағасы, оның орынбасарлары мен парламент комитеттерінің төрағалары анықталады.

XS
SM
MD
LG