Қазақстан

Бақыт Сәрсекбаев - Олимпиада жеңімпазы!

Бақыт Сәрсекбаев, Олимпиада шаршы алаңында,Бейжің, 24 тамыз, 2008 жыл

24.08.2008

Бүгін қазақ боксшысы Бақыт Сәрсекбаев Олимпиада чемпионы атанды. 69 кило салмақта ол финалда кубалық боксшы Карлос Бантер Суарресті 18:9 есебімен айқын басымдықта жеңді. Бұл Бақыттың бесінші жекпе-жегі болды. Алғашқы айналымда ол канадалық Адам Трупишті, одан соң молдовалық Виталий Грусачты жеңіп, ширек финалда өзбекстандық Дильшот Махмудовты, жартылай финалда оңтүстік кореялық Ким Джун-Джуды жеңген. Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиада ойындарында сынға түскен боксшылар арасындағы алтын алған жалғыз чемпион болып отыр.

Бейжің Олимпиадасына Қазақстаннан 10 боксшы қатысты. Атап айтқанда Біржан Жақыпов, Мират Сәрсембаев, Қанат Әбутәліпов, Галиб Жафаров, Мерей Ақшалов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Еркебұлан Шыналиев, Руслан Мырсатаев пен Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан намысын қорғады. Олардың ішінде Еркебұлан Шыналиев қола медаль алса, Бақыт Сәрсекбаев алтыннан алқа тақты.

Сонымен әлемнің 200-ден аса елінен 11 мыңға жуық спортшы қатысқан Бейжің Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 22 түрінен жарысқа түсіп, елге 2 алтын, 4 күміс, 7 қола медалін әкелді. Сонымен жалпы қортынды бойынша Қазақстанның олимпиадалық құрамасы жүлде саны жағынан 29 орынға табан тіреді. Грекиядағы ойындарда Қазақстан 40-шы орынды иемденген еді.
 
 
Бұл форумда жариялануды қалайсыз ба?
Аты-жөні *
Мекені
E-mail
Пікір *
Пікіріңізді білдірместен бұрын Форум ережелерін оқып шығыңыз

Пікірлер 1-5 (жиыны 5)
Кімнен: mahan Қайдан: jemeney
28.08.2008 21:26

Hazahteng abroyen kotergen azamattaremezga alges jawderamez hetayda hanatha,Hazahstanda Bahetha mengdabir rahemet,joldareng bola bersin ,joldastareng hezer bolsen.


Кімнен: altay Қайдан: altay
28.08.2008 10:34

Hanat Silam қола медаль
Ketay Kazaktareneng намысын қорғады


Кімнен: baket
28.08.2008 07:54

baket kazakte kwantte!


Кімнен: erjan rahimbek uli Қайдан: hitay xinjiang kunews
25.08.2008 16:04

Bahit sarsekbayev hatarli sportshilargha kop rahimet .hanttaring talmay otan uxin dangih alip bere beringder.onerlering ustem bolsin.men sender uxin huanamin.


Кімнен: казак Қайдан: барсакелмес
24.08.2008 19:36

Уррааааааааааааааааа! Жасасын Бақыт. Аэаттықтың бұл xабарды тез жеткізгеніне ырзамын.

Пікірлер 1-5 (жиыны 5)
Мәтін көлемі