Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:40

Алтынай Жүнісова: Омбыдағы айына бір рет 15 минут қазақ тілінде хабар тарататын радионың өзі жабылды

Ресейдің Омбы облысында ресми дерек бойынша 82 мың, қоғамдық ұйымдардың есебі бойынша 100 мыңдай қазақ тұрады. Омбы - қазақтың тарихи мекені, мұнда Ш. Уәлиханов кадет корпусында білім алған, Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы қызмет еткен. Омбыда қазақтың ардақтылары – Мағжан Жұмабайұлы мен Шоқан Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Бұрынғы Ленин көшесі Ш. Уәлиханов атымен аталады.

Мәтін көлемі - +
Осыдан тура 20 жыл бұрын Ресей Федерациясының Омбы облысының орталығы Омбы қаласында «Мөлдір» атты қазақ мәдени орталығы құрылған еді. Оны құрушылардың бірі, табаны күректей жиырма жыл бойы осы қоғамның ыстығы мен суығына күйіп келе жатқан Алтынай Жүнісова сол кезде өзінің студент болғандығын айтады.

- 1989 жылдың ақпан айында «Мөлдір» қазақ мәдени орталығы дүниеге келді. Ол кезде мен студент едім. Бұл Ресейде ең алғаш рет құрылған қазақ мәдени орталығы еді. Бізден кейін Мәскеуде «Мұрагер» атты қазақ мәдени орталығы ашылды. Олар өздерінің 20 жылдығын мамыр айында атап өтпек. Сол кезде ауыл-ауылдарды аралап, концерттер қоятынбыз. Қазір біздің қоғамымыздың жанында домбыра үйірмесі, «Әйгерім» би тобы, «Мөлдір» халық-аспаптар ансамблі бар. Орталықта 150-200-дей бала осы үйірмелерге қатысады және қазақ тілін үйренеді, - дейді Алтынай Жүнісова.

«Мөлдір» қазақ мәдени орталығын құрғаннан кейін, Омбы облысындағы қазақтар шоғырланған басқа ауылдарда қазақ мәдени орталықтары ашыла бастапты. Мәселен, Қоянбай ауылында, Одесса, Русская поляна аудандарында, Есіркөл ауданының Қасқат ауылында сондай орталықтар пайда болыпты. Бүгінде Омбы бойынша ауыл-ауылда 15 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыстық қазақ ұлттық мәдени автономиясы бар.

- 15 сәуірде Омбы қаласындағы облыстық Пушкин атындағы кітапханада «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының 20 жылдығына арналған кеш өтті. Оған Қазақстаннан Омбы қаласында отырған консулы Орынбек Мухсинов келді. Омбыдағы құрметті ақсақал, соғыс ардагері Сұлтан Есенболов, жалғыз айтыскер ақынымыз Амангелді Жүсіпұлы, белгілі суретші Амангелді Шәкенов және басқада омбылық қазақтар атсалысты, - дейді ол.

Жақында Омбы қаласындағы Шет тілдер институтының жанында «Болашақ» атты қазақ тілін үйрету орталығы ашылды. Оның сыртында Омбыдағы қазақтар тұратын 50 ауылдың 17-сінде қазақ тілі пән ретінде үйретіледі. Қалада 2-3 мектепте факультатив ретінде үйретіледі.

Бірақ, омбылық қазақ жастары тіл үйренуге тым құлшына қоймайды екен:

- «Болашақ» орталығы бізде коммерциялық негізде ашылды. Соған қарамастан, Қазақстанмен болашағын байланыстырғысы келетін балалар барып қазақша үйренуге кірісіп кетті. Кейбіреулері бізге келеді. Олар қанша мықты маман болса да қазақ тілін білмесе, Қазақстанда жақсы қызмет таба алмайтындығын біледі. Ал, Омбыда қалатындар қазақ тілін үйренуге тым құлықты емес.

Омбыдағы қазақтар қазақтың рухани мәдениетіне әлі де шөлдеп отырғандығын айтады. Бір кездері Омбыда Қазақ педагогикалық колледжі болса, бүгінде ол жабылған. Арнайы телехабар мен радио хабары бар болатын.

- Осыдан 2 жыл бұрын айына бір рет 15 минут эфирге шығатын «Шұғыла» атты радиобағдарламамыз болған. Қазір оны жауып тастады. Себебі, оның шығыны өте мол дейді. Солтүстік Қазақстан облысымен шектесетін біраз ауылдарымыз қазақ телеарналарын көре алады. Ал, қалада ол мүмкін емес. Біздің қоғамда «Атамекен» атты газетіміз бар, - деген Алтынай Қазақстанның мерзімді басылымдарын жаздырып алудың тым қымбатқа түсетіндігін айтады.

- Ал, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қоғамдық ұйымдарға кейбір басылымдар мен кітаптарды жіберіп тұрады. Бірақ ол 100 мың қазақтың сұранысын қанағаттандыра алмайды, - дейді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: XAH
24.04.2009 20:38
+0 / -0
Reseydin osinday ar areketi >Kazaktardin moynina abden minip aldi. Nazarbaev ozi kazakwa soylese bari de memlekettik tilde soiler edi. Balik bastan wirydi...

Кімнен: Тыңдарман Қайдан: Астана
25.04.2009 13:34
+0 / -0
Есенгүл,шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының басшысымақтарын сөйлете бергенше есімдері таныс емес,өз кәсіптеріне мықты басқа қазақтарды іздеп неге сөйлетпеске? Бұлар тек Азаттықта ғана емес Қазақстанның басқа БАҚ тарында үнемі сөйлейтіндер..

Кімнен: Muhammed Қайдан: Almaty
26.04.2009 05:33
+0 / -0
Ombydagy kazaktardy Kazakstanga shakyru kerek. Keletinder kelsin, oz Kazakstanymyzda sanymyzdy artyraiyk, al kelmeitinder, ory bolyp ketkender - miyli, orys bolsyn, reseide kalsyn, ondai azamattra bizge tuk te keregi jok.
Tagy, Han-men kelisemin, bizdin ukimet, okinishke orai ozi kazaksha soilemeidi. Ozin ozi bilikke otrygyzgan Nazarbay kazaksha da asa soilemeidi, nietin de bildimeidi....Elimizdi ozgertu kerek, kazakshalandury

Кімнен: Еги Қайдан: Алматы
26.04.2009 21:06
+0 / -0
Жагдайларын оте ауыр екен.Соган карамастан енбек етип жаткан мадени орталыктарга алла разы болсын.Алтынай ханым:негизинен Омбылык бауырларынызды атамекенге кошуине куш салганыз дурыс болар.Казирги танда кабылданып отырган Нурлы кош багдарламасынан хабардар боларсыз.Осы багдалама бойынша жылына 20000 отбасы ягни,3-жылда 60000 жануясынын кошип келуине мумкиндик жасалып отыр.Бул жуйели багдарламада уй жане жумыс орыны,бир ретки жардем акы маселелери толык жолга койылган.Сондыктан мундай зор мумкиндиктен кол узбей басканын жеринде тири жетимнин кунин кешкенше кок байрагымыздын астында бас бириктирип,елимиздин иргесин бекитип,болшагымыздын баянды болуыны ат салысайык.

Кімнен: Арыстан
27.04.2009 15:43
+0 / -0
Қазақтың билігі өз еліндегі басқаларды жарылқап ассамблеяны құрып,еййй шіркін...ал өзге елдегі қара көздеріміздің жайы мынау...бізде 15 минутың не орыстың тілі әлі 15 ғасыр сайрайтын шығар...әй одан да көп болар ау...

Кімнен: asghar Қайдан: iran
27.04.2009 22:21
+0 / -0
salem kormte komdostar kazak donya bare jernde kazakstandg azmate bolde.iranda kazakdar bare kazak telne soylsede.bezde kindek tek kazaksha jazo.internet kazaksha jazlmimez.kazaksha uirte site jok .jardem kelten adamdar bolsa bezde kondrasez.(http://kazak.blogfars.com/)

Кімнен: Оқырман Қайдан: РК
29.04.2009 14:01
+0 / -0
Ал бізде орыстарды төбемізге отырғызып қойдық, ойына не келеді соны істе деп. Биліктің өзі қазақ тілінде сөйлемейді, сөйлесе күлкін келеді, қазақ тілін мазақ қылып тұрғандай.