Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:43

САЯСАТ

Шымкенттік қоғамдық қор Нұрсұлтан Назарбаевты хан көтеруді ұсынады

Елбасы туралы заңның сиясы кеппей жатып, Шымкенттегі «Қазақ хандығы» қоғамдық қоры елде монархиялық жүйе енгізіп, Назарбаевты хан көтеруді ұсынып отыр. Олар бұл мәселені референдум арқылы шешуді жөн санайды. Бұл бастамаға сын айтушылар «қазір ханның емес, қара халықтың қамын ойлау керек» деп есептейді.

«Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінде қолын Конституцияға қойып тұрған президент Нұрсұлтан Назарбаев кескінделген. Астана, 15 желтоқсан 2009 жыл.
x
«Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінде қолын Конституцияға қойып тұрған президент Нұрсұлтан Назарбаев кескінделген. Астана, 15 желтоқсан 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

«БІЗГЕ КЕРЕГІ ХАНДЫҚ ЖҮЙЕ»

Қазақстанда Конституциялық монархия орнатып, президент Нұрсұлтан Назарбаевты хан сайлау керек дейді «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының президенті Камалиддин Дулатов. Ол бұл бастаманың қоғамда қолдау табатынына сенімді

– Біз осындай тоқтамға келдік. Демократияны да, барлығын көрдік. Не ұттық? Енді тек қана монархия орнату керек. Осыған байланысты жұмыс бастаймыз. Бізді қолдаушылар көп. Президент Назарбаев ақ патша не хан бола ма - әзірге белгісіз. Бірақ негізі - бір. Ең бастысы - монархия орнату. Тек қана осы! Бұл келер жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына тұспа-тұс келмек, –
"Қазақ хандығы" қоғамдық қорының президенті Камалиддин Дулатов Шымкенттегі президент ескерткішін орнатуға жоспарланған жерде. 15 маусым 2010 жыл.
дейді Камалиддин Дулатов.

Оның пікірінше, хандық жүйе Назарбаев үшін де, халық үшін де өркендеудің кепілі болмақ.

– Мен Алладан Назарбаевтың мың жасауын сұраймын. Бірақ ол мүмкін емес қой. Ал жаңа президент келген соң екінші күні-ақ Назарбаев қамалады. Қазірдің өзінде кемінде 5 адам оның ертерек кетуін күні-түні күтіп отыр. Оны ұлт көсемі деп тану туралы бастаманы да сол үшін жасады. Олар «енді сіз алатын белес қалмады» деп шығарып салмақшы ғой президентті. Назарбаев 20 жылдан бері онсыз да ұлт көшбасшысы. Көрші Қырғызстанда не сұмдық боп жатыр? Бізге ондайдың керегі жоқ, – дейді қор президенті.

Қор басшылығы алдағы жарты жылда бүкіл Қазақстан бойынша референдум өткізген жөн деп есептейді. Оған дайындық жұмыстарының өзі 3-4 ай уақытты алады деп шамалайды бастамашылар.

КАМАЛИДДИН ДУЛАТОВТЫҢ ТҮСІ


2000 жылы құрылған «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының президенті Қазақ хандығын құру туралы идеяның осыдан 10 жыл бұрын көктен түскенін айтады.

– Сізге өтірік, маған шын. Бірақ осыдан он жыл бұрын, біздің еліміздің келешекке хандық заманға қайта оралатыны жөнінде маған түсімде аян берді. Осыны өзім де түсінбей, 6 ай жүрдім. Ата-бабаның өткен өміріне қайтып, хандық құруды ойлап, осы қорды аштық, – дейді Камалиддин Дулатов.

Қор президенті хандықта өмір сүру қазақтың қанында барын алға тартады. "Көшпенді халықтың ұрпағы үшін хандық заманының орнауы - ең дұрыс жол" деп есептейді.

– Хандықта өмір сүру қанымызда бар. Біз көшпенді халықпыз. Зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызбен, жер-жерге, жүз-жүзге бөлінушілік барлық аумақта бар. Сондықтан монархияның бұл тұсы, әсіресе жергілікті шенеуніктер арасында айқын көрініс тапқан. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, халықтың басым бөлігі «Жеті жарғы» заманындағы «дала демократиясымен» өмір сүруді қалайды. Шынында, өткенімізге оралатын кез келгендей. Мен монарх титулы елбасымызға одан да үлкен құқық беріп, халық жағдайының одан да жақсаруына мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деді «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының президенті Камалиддин Дулатов Азаттық тілшісіне.

Ол Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі – мемлекетті әлем елдері мойындауының айқын көрінісі және осының барлығы «тек қана тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президентінің арқасы» деп біледі.

«ХАННЫҢ ЕМЕС, ҚАРА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАУ КЕРЕК»

Азаттық тілшісі Қазақстанда монархиялық жүйе орнатуды көксейтін азаматтардың бастамасына қатысты Шымкенттегі саяси партиялардың пікірін білген еді.

– Қазіргі кезде ханның емес, қара халықтың қамын ойлау керек. Мен бұл қордың бастамасын қолдамаймын. Олар белгілі бір идеяны алып, оны бизнеске айналдырумен айналысатындай. Өткен жылы президентке Шымкентте ескерткіш ашамыз деп бастама көтеріп, соған қаражат жинап, демеушілер іздеген. Бірақ олары жүзеге аспады, – деді «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Жанысбек Өтегенов.

Биліктегі «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесін басқарып отырған Өмірзақ Мелдеханов бұл мәселеге пікір білдіруге құлық танытпады.

– Дулатовтың қандай да болмасын, бастамасына байланысты өз ойымды білдірмей-ақ қояйын. Шынымды айтайын, ештеңе айтқым да келмейді. Бұл - менің жеке көзқарасым, – деді «Нұр Отан» партиясының өкілі.

Азаттық тілшісі «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының бастамасына байланысты Шымкенттегі жергілікті билік орындарының да пікірін білмекке талпынғанымен, шенеуніктер бұл мәселеге байланысты пікір білдіруден тартынып, үнсіз қалғанды жөн көрді.

«ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛТЫН ЕСКЕРТКІШІ БӘРІБІР БОЛАДЫ»

«Қазақ хандығы» қоғамдық қорының былтыр Шымкент қаласындағы Ордабасы алаңында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы бастама көтергенін Азаттық хабарлаған еді. Алайда бастама аяқсыз қалды. Қор президенті бұл жоба уақытша ғана тоқтап тұр дейді.

– Үш-төрт кәсіпкердің өзі-ақ барлық қаражатты көтермек болды. Бірақ бізге Астанадан хабарласып, бұл істің жеке басқа табынушылыққа айналатынын айтып, оны уақытша кейінге қалдыра тұруымызды сұрады. Біз әлі де райымыздан қайтқан жоқпыз, ескерткіштің
Бізге Астанадан хабарласып, бұл істің жеке басқа табынушылыққа айналатынын айтып, оны уақытша кейінге қалдыра тұруымызды сұрады.
болатынына сенеміз, – дейді «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының президенті Камалиддин Дулатов.

Шымкенттік қор бұл ескерткішті президент Назарбаевтың мерейтойына арнамақ еді. Жаңа ескерткіш бой көтереді деп жоспарланған жерде – қаладағы Ордабасы алаңында тұрған совет-герман соғысында ерлікпен қаза тапқан ұшқыштардың құрметіне қойылған ескерткішті басқа жаққа ауыстыруды ұсынған болатын.

Ескі орнында 40 жыл тұрған ұшақ қазір қаладағы Абай саябағына ауыстырылды. Ал оның бұрынғы орны таспен қапталып, көк байрақ ілінді.

Ескерткіш ауторлары жобаның үш нұсқасын макетке түсірген еді. Олардың бірінде Нұрсұлтан Назарбаев екі барыстың төбе тұсында орналасқан хан тағына жайғасқан. Екінші мүсінде президент оң қолын жүрек тұсына қойып, түрегеп тұр. Ал үшінші жобада мемлекет басшысының Ата заңға алақанын қойып, ант беріп тұрғаны бейнеленген.

Биіктігі 17 метр болады деп жоспарланған ескерткішті тот баспайтын техникалық алтыннан соғу көзделген. Оның құны 50 миллион теңге деп есептелген.

Бірақ қазір ол жердегі құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Жергілікті билік онда үш бидің ескерткішін қоюды жоспарлапты. Алайда, қор басшысының айтуынша, биліктің осы жоспарына сын айтушылар көп болған. "Бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші тұруы керек," - дейді «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының президенті Камалиддин Дулатов.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 5
    Келесі 
Кімнен: қара тобыр Қайдан: шалғайдағы ауылдан
17.06.2010 18:06
+0 / -0
<<Ал жаңа президент келген соң, екінші күні-ақ Назарбаев қамалады... >>

ойпырмай, аузыңа май, әпендім! "Тегін адам таз болмайды" демекші, кім біледі, түсінде аян бергеніне қарағанда осы бірдеңені біліп айтып тұрған шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Сәт Қайдан: уақыт
18.06.2010 10:42
+0 / -0
Ей ол Төре тұқымынан емес қой!
Пікір алмасу

Кімнен: АсқарТехно+ Қайдан: Шымкент
30.06.2010 19:24
+0 / -0
Сәт, сен айдаладағы отырып сиетін, сасық манголдардың билікке келгені бізге жақсы болды деп ойлап жүрсің ба? Төрелер біздің алдымызда айпы, сол Шыңғызхан ұрақтарының басы қосылмай, сауатсыз саясатының кесірінен біз Ресейге 70 жыл құл болған жоқпыз ба? Соны ойлан.

Кімнен: махамбет Қайдан: Атырау
17.06.2010 18:11
+0 / -0
НӘН ге ескерткіш Қазақстанның барлық қаласында, Алматыда көк төбеге биіктігі 100 метр, және шет елдерде қою керек. Көзінің тірісінде көріп кетсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Едіге Қайдан: Алматы
24.06.2010 09:16
+0 / -0
"Құлпытас" та қойдырайық, үнгір бос тұра тұрар уақытша.
Көзі тірісінде көріп кетсін дегенім ғой..

Кімнен: Жандос Қайдан: Астана
17.06.2010 18:16
+0 / -0
...Дені дұрыс адамға Назарбаевқа ескерткіш орнату жөнініде ой түсіне аян түрінде келуші ме еді. Бұл ойыншық емес қой. Сосын рушылдық тек Шымкентте ғана асқынып тұрған болар. Өзге жерде байқамадым.
Пікір алмасу

Кімнен: Аскар Қайдан: Шымкент
30.06.2010 19:08
+0 / -0
Жандос, Назарбаевқа ескерткіш әлемнің 6 мемлекетінде орналасқан.Оның ішінде Украйна, Турция Ресей Федерация, Грузия т.б. Ал Қазақстанда жоқ. Біздің намысыміз қайда? Басқа елдер ескерткіш қояды да ал біз неге қоймасқа екен. Ал рушылдық тек Шымкентте ғана асқынып тұрған болар. Өзге жерде байқамадым. дейсің. Оңтүстіктен басқа облыстарда өз руын түгілі, қай жүзге жататынын білмейтін мангүрттер көп қой. Бұған не дейсің Шымкенттік емес бауырым.

Кімнен: Адай Қайдан: Батыс
17.06.2010 19:08
+0 / -0
дурыс, көршілес елдергеде (қай елде қазақ турады Россия, Қырғызстан, узбекистон, Туркменстан, Тажикстан, Афганстан, Китай, Монголия ж.б.) біздің НӘН ге есткеркіш қою керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.06.2010 19:58
+0 / -0
ол елдер қойдыра ма? бәлкім, қазақ байлығы мен жерін шетелге сатқан арсызды әлгі сатып алушы елдердің пайдакүнем басшылары неге өтірік болса да жылы қабылдамасқа!

Кімнен: Қазақ баласы Қайдан: Ауылдан
17.06.2010 19:16
+0 / -0
<<Ал жаңа президент келген соң, екінші күні-ақ Назарбаев қамалады... >>

Айтқаның тезірек келсін, айналайын! Тезірек жалмауыздан құтылсақ...
Пікір алмасу

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
18.06.2010 20:58
+0 / -0
Ай, қазақ баласы! Біреуге ауру тілегенше, өзіңе өлім тіле, деген екен бабамыз! Ауылыңда аш жата бермейсің бе ұлымай! ЖАСАСЫН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ! ЖАСАСЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ХАНЫ НҰРСҰЛТАН! МОНАРХИЯ ЖАСАСЫН!
Пікір алмасу

Кімнен: Асқар Қайдан: Шымкент
30.06.2010 19:17
+0 / -0
Қазақ баласы сен жалмауыз деп неге атыйсын біздің тұңғыш Президентімізді? Осы жағдайға да рахмет айтпайсын ба? Біз қазір 50 дамыған мемлекеттер қатарына кіруге сәлақ тұрмыз. Оның үстіне ОБСЕ ге төрағалық етіп Орта Азияның көш басшы мемлекет деп аталамыз. Соның барі сол Нұрсұлтанның арқасы емес пе? Көрер едін егер билікке Бакиев сияқты чорт келсе, ЖАЛМАУЫЗДЫҢ көкесін сонда көресің. Сонда да Құдай сақтасын!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.06.2010 19:22
+0 / -0
Жетіскен екенбіз!!! Хандық құру лы тұр ғой қазір, бұлар да НӘН-нің аузымен сөйлеп тұрған да

Кімнен: Ерлан Қайдан: Алматы
17.06.2010 19:24
+0 / -0
"Қазақ хандығы" қоғамдық қорының президенті Камалиддин Дулатовтың іші әбден пысқан екен!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.06.2010 19:36
+0 / -0
Құдай ұрды деген осы шығар

Кімнен: Арай
17.06.2010 19:37
+0 / -0
Мынауың нағыз жынды екен ғой, хандық құру дегенді қайдан шығарған?
Пікір алмасу

Кімнен: Apai Қайдан: Akistagi
11.07.2010 01:59
+0 / -0
Bykil Evropa k. achip kylsin!

Кімнен: Алтын
17.06.2010 19:39
+0 / -0
Қазаққа керегі енді осы ағана қалды ма? Не деген сұмдық. Онсыз да заң арқылы үрім-бұтағын қорғап алды. енді хан болса, қара халық табанын жалауға мәжбүр бола ма? Құдайдың өзі сақтасын!
Пікір алмасу

Кімнен: Қиялый Қайдан: Нарын
19.06.2010 13:53
+0 / -0
Заң арқылы қорғалдық деп ойлап жүр ғой бірақ ертең кеткен күні-ақ Конституциямыз өзгеріп кетпесіне кім кепіл? Оған үйреніп болдық қой.

Кімнен: Керей Қайдан: Атырау
17.06.2010 19:41
+0 / -0
О Құдайым, пендені адастыра гөрме

Кімнен: Арай Қайдан: Алматы
17.06.2010 19:42
+0 / -0
Хандық құрса нағыз масқар сонда болады. онсыз да құлдық өмір сүріп жатқанымыз аздай
Пікір алмасу

Кімнен: АсқарТехно+ Қайдан: Шымкент
07.07.2010 10:59
+0 / -0
Қандай құлдық туралы айтып турсың жаным-ау? Сен 20 жыл ішінде қазақтар- орыстарға, 70 жыл құлдық азапты ұмытыпсың. Біз тауелсіздік алып, Егемен ел болып жүрсек, сен али біреуге құл болып журсің бе? Кімге? Байыңа емес пе?

Кімнен: Жылқы
17.06.2010 19:43
+0 / -0
... Осындай да арсыздық, ұятсыздық, жалақшылық болады екен ау! Қай ғасырда жасап жатырмыз? Осы Қазақстандықтар жындана бастағаннан сау ма, Қой көрмеген қуып өлтіреді ........ деген мақал бар еді, сол рас ау шамасы! Неткен сорақылық! ... тым-ақ күлкілі! масқар! БҰлар шетінен бейшара ... екен ғой! Құлақ кесті құлдар-ай деші!
Пікір алмасу

Кімнен: Мухтар Мұхамбетжан Қайдан: Шымкент
30.06.2010 09:45
+0 / -0
ЖЫЛҚЫҒА. "Осындай да арсыздық, ұятсыздық, жалақшылық болады екен ау! Қай ғасырда жасап жатырмыз? Құлақ кесті құлдар-ай деші!" - Как раз сен өзің құл емессің бе ЖЫЛҚЫ? Англия мен Нидерландыны айтқанда, оларды қай ғасыр демейсің иә? Тупость или мангуртство, созданное за триста лет вашими хозяевами русскими - когда они старались сделать все, свойственное казахам - гнилью. Вот ты и заразился, Конь, рабской прытью - нет памяти в тебе, национальной. Были же у нас цари - Есім, Тәуке, Қасым - великие, достойные. Так что не ешай нам, казахам, поразмышлять о выборе пути для нации, нашей, казахской, а не вашей, мангуртской. ди не факт, что при ханстве будет рабство - в Англии что все рабы Елизаветы? или в Японии все ходят раком перед императором? Голова -то твоя ,Конь, только ли для того, чтоб ржать?

Кімнен: Айнаш Қайдан: Шымкент
17.06.2010 19:43
+0 / -0
Жұрт өзі естерінен адасайын деген бе? Хандық құру дегендері несі? Уа халайық, не боп барады өзі??

Кімнен: Қайрат Қайдан: ОҚО
17.06.2010 19:45
+0 / -0
Мен негізі осы авторға дән ризамын!!! Өркенің өсе берсін, айналайын. Қайда жүрсең де, аман бол! Азаттық, жарайсың!

Кімнен: Жарасай Қайдан: Астана
17.06.2010 19:47
+0 / -0
Мынау нағыз бомба ғой. хандық құрсақ, қара хлық құлдық өмір кеше ме? Бірақ онсыз да дәл солай ғой. тек заңды түрде болады.
патшамыз кімді қалдырар екен мұрагер етіп?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.06.2010 19:55
+0 / -0
Қазір жаңа бір бизнес түрі шықты, билікке жағымсу деген, сол арқылы қыруар пайда табуға болады, ол үшін ешкім ойламаған арсыз бір жағмпаздықты ойлап тауып, көн терідей қалың бетіңді бүлк еткізбей жаңағы идеяңды арсыздықпен ұрандау!
Атаңа нәлет ит жәңгір дегенді қазақ бекер айтпаған ау!

Кімнен: сөз
17.06.2010 20:00
+0 / -0
мына қазақ қандығы деген бірдеңе ұйым неткен арсыз оймен айналысып жатыр ә? Қолдан көсем жасап...

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
17.06.2010 20:20
+0 / -0
Осы неге Путин мен Медведьев ескерткіш соғу... ұлт көшбасшысы болу...тағы басқа да мәселелермен бастарын қатырмайды..... Нұреке сен басты қатырмай мен сияқты жұмыссыз жүргендерді жарылқа.. Мен сені сонда ертеңгі күні бәле-жаладан қорғап алып, қаламын!

Кімнен: Жансая
17.06.2010 20:24
+0 / -0
Халықдық па, құлдық па, коммунизм бе бәрібір боп қалды ғой. бір патша отыра берсе, ешқашан жағдай өзгермейді!
Пікір жарияланған бет , жиыны 5
    Келесі