Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:46

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

«Гэллап»: Қазақстан тұрғындарының 15 пайызы шетелге көшкісі келеді

«Гэллап» халықаралық зерттеу орталығы пост-советтік мемлекеттерде 70 миллион халық шетелге көшуге ынтызар деп хабарлады. 12 елді қамтыған зерттеуде Қазақстан бесінші орында тұр.

Мәтін көлемі - +

«Гэллап» зерттеу қызметінің әлеуметтік сауалнамасына қатысқан қазақстандықтардың 15 пайызы шетелге біржола қоныс аударуды қалайтындықтарын айтқан. Бұған қоса, респонденттердің 30 пайызы шетелге барып табыс тауып қайтқанды жөн көретіндігін білдірді. Шетелде оқу немесе түрлі бағдарламалармен сыртқа шыққысы келетіндер – 32 пайыз.

Орталық Азиядағы бес мемлекет ішінде Қазақстанды бұл көрсеткіштер бойынша Қырғызстан ғана басып озыпты. Биыл сәуір айындағы наразылық шерулерінен соң президент Құрманбек Бакиевті биліктен кетіріп, маусым айында ұлтаралық қақтығыстарды басынан өткерген Қырғызстан тұрғындарының 18 пайызы шетелге біржола кеткісі келетіндіктерін білдірген. Одан қалды сауалнамаға қатысқан қырғыздардың 34 пайызы шетелде нәпақа табуды жөн көреді.

МемлекетШетелде жұмыс істегісі келетіндерШетелде білім алғысы келетіндерШетелге біржола көшкісі келетіндер
Армения44%39%39%
Молдова53%30%36%
Беларусь35%32%20%
Қырғызстан34%32%18%
Қазақстан30%32%15%
Украина21%20%15%
Грузия34%31%14%
Әзірбайжан24%19%12%
Ресей22%24%11%
Тәжікстан28%25%9%
Өзбекстан24%30%6%
Түркіменстан19%24%5%

Қазақстан мен Қырғызстанға қарағанда, аймақтағы қалған үш мемлекеттің тұрғындары шетелге кетуді қаламайтын көрінеді. Зерттеуге қатысқан тұрғындар арасында шетелге біржола көшкісі келетіндер көрсеткіші Тәжікстанда - тоғыз, Өзбекстанда - алты, Түркіменстанда бес пайыз ғана болды.

«Гэллап» зерттеуіне сәйкес бұл жағынан Молдова мен Арменияға жетер ешкім жоқ. Еңбек күштері шетелге ағылып жатқан Молдовада сауалнамаға қатысушылардың 39 пайызы өзге мемлекетте түпкілікті тұрақтағысы келетіндігін білдіріпті. Арменияның бұндай көрсеткіші бар болғаны үш пайызға аз екен.

Зерттеу қызметі Балтық елдерін қоспағанда, пост-советтік 12 мемлекетте сауалнамаға қатысушылардың шамамен 30 пайызы өз елінен көшуді қалайды деп көрсетті. Яғни, бұл елдердегі әрбір төртінші ересек адам шетелге кетуді армандайды.

Әлеуметтік зерттеуге 13 мыңнан астам адам қатысты, әрбір мемлекеттен мыңнан астам тұрғын пікір білдірді.

Тақырыпқа орай Алматы тұрғындары арасында жүргізілген сауалнаманы мына жерден тыңдаңыз.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: kazakh emes Қайдан: Rome
05.08.2010 19:02
+0 / -0
Мені қосса шетелге бір жола кеткісі келетін адамның саны Қазақстанда одан да көп болар еді... бұл сауалнама өте дәл емес

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
06.08.2010 00:30
+0 / -0
Қазақстан тұрғындарының 15 пайызы шетелге көшкісі келеді дегендер бұл елдің байырғы халқы ма екен ? Жауабы иә болса Қазақ ұлты құрдымға бара жатыр деп мойын алуға тура келір тұр екен . Не деген мен , Ираннан көшіп барғандардың көбі не Ауғанның босқындары не Атамекенге барсақ қарқалләзи боламыз деп жүргендер еді . Олардың бір талайы қайтадан Иранға оралман болған немесе шырқ айналып баяғы тастап кеткен жұртқа келе береді ; Ойбайымнан байбайым жақсы екен дегендей ! Оралмандарға бұлданған шенеуніктер олар қор болғысы келмейтінін аңғармайды , әйтпесе бұрыңғы озбырдардың зорлық - зомбылығына төзе берер еді . Мұсылман дегенің қор болуға жарамас .

Кімнен: максат Қайдан: атырау
06.08.2010 03:32
+0 / -0
шетелде уй берсе жумыс берсе кетер едим казакстанда жок тек акшалары барлар омир суре алады
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.08.2010 11:17
+0 / -0
бауырым қазақтын мына мақалын білесн ба? " өзге елде сұлтан болғанш, өз елінде ұлтан бол" дегенді. Сондықтанда артық кетудің қажеті жоқ

Кімнен: Едіге
06.08.2010 08:39
+0 / -0
Дұрыс мағлұмат емес. мүлдем.....

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
06.08.2010 09:14
+0 / -0
Түрікменстан мен Өзбекстанның тізім соңында тұрғанына қарап бұл сауалнама халықтың әлеуметтік жайын емес, этно дәстүрін көбірек көрсетеді деп санауға болатын сияқты. "Ер туған жеріне, ит тойған жеріне", "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" дейтін қазақ халқы дәстүрлі мәдениеті бойынша төбесінен алтын құйсаң да шетелге біржола кетпейді. Оқудың, жұмыс істеп қайтудың (пайдасы болса) жөні бөлек. Ал Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері, әсіресе славян тектестер жанға жайлы жер іздеп, ауа көшуге бейімдігі рас. Әуел баста Қазақстанға да осы мақсатта келген.

Кімнен: Ләзиза Имашева Қайдан: Астана
06.08.2010 14:11
+0 / -0
Қазағымыздың өзге елге кетуді аңсауы қасірет екен. Бірақ еліміздегі барлық байлықтың қызығын қазақтың өзі емес, өзгелер көріп отырғанын көріп, балаларыңның болашағына алаңдайсың. Қазір көшу емес, қазақтардың санасын оятып, елді бірлік пн тірлікке шақыру керек. Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша шайқасып, ұрпағына аманат еткен жеріміз, еліміз, тілімізді қорғауды ойламай, тек жансақтауды ойласақ, не болғаны? Ішкі саясатымызды мықтау керек. Төртеудің түгел болғанын ойлайық, Біреу менің сөздеріме күлер де... мүмкін. Бірақ бұл ащы болса да шындық. Қандай үлде мен бүлдеге ораймын деп шетелге шақырса да еш келіспес едім. Бұл шыным. Өз басым Қазақстанның болашағына сенемін. Бәрі бір күнде бола қоймас. Тек уақыт оздырып алмасақ. Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлейік. Текті ұрпақ тәрбиелейік! Әр қазақтың бірінші міндеті осы болсын.

Кімнен: БЕЙБИТ Қайдан: Алматы
06.08.2010 14:44
+0 / -0
Мен Қазақстанда шетелге кошкиси келетиндер коп дегенге келиспеймин.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.08.2010 16:37
+0 / -0
Келіспесең кесек арқалап жүре бер

Кімнен: Айзада
06.08.2010 15:27
+0 / -0
Шетелге кеткісі келуде тұрған не бар екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Махмут
06.08.2010 15:36
+0 / -0
рас, онда тұрған ештеңе жоқ. Керісінше, ата-бабамыз ел көр, жер көр, өнер, ғылым-білім үйрен деп жіберіп отырған. Ол кезде Еуропа емес, ғылым мен мәдениеттің ошағы Шығыста болғандықтан Әбу Насыр секілді бабаларымыз Шам, Мысыр кетіп, адамзат баласына қалдырған баға жетпес мұрасын сол жақта жазған.

Жалпы, осы жалған патриотизмді жалаулатып, "ойбай, ешқайда бармаңдар, шетел жаман, пәленің барлығы шеттен" деп, ауыл маңындағы шиден ұзап шықпаған көрсоқыр кеудемсоқтардың сөзі мезі етті.

Өзге әлемдегі жұрт секілді қазақтар, әсіресе жастарымыз шықсын шетке, араласын, жақсысын үйренсін, жаманы болса одан жиренсін. Игеріп келген жақсы нәрсені елдің игілігі үшін пайдалансын, жаңалық етіп енгізсін.

Ал, "Хабарды" көріп, қарын қасып диванда жатып "шықпаңдар, бармаңдар!" деп құр айғайға басу надандықтың белгісі
Пікір алмасу

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
06.08.2010 16:38
+0 / -0
Махмут мырза, ел көру мен жер көру бір басқа да, жайлы жерге біржола кетіп, сонда тұрақтап қалу бір басқа. Қазақ бөтен жерді жерсінбейтін халық (!!!). Неше жылдар шетте жүрсе де ата-бабасының жеріне оралғанда ұшақтан түсе сап қара жерді құшақтап жылау тек қазақтың ғана қанына сіңген тектілік қасиет болуы мүмкін, ойлап көріңіз. Өз жерінен өз еркімен кеткен қазақ жоқ тарихта. Қазақты кетірген санқилы зобалаң ғана. Ал қазіргі уақытта кетіп жатқан адамдар түбі қайтып оралады, егер бойында қаны болса. Мысық екеш мысық та туған, өскен жерін мың шақырымнан адаспай тауып келеді. Неге?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.08.2010 17:23
+0 / -0
"Хабарды" көріп, қарын қасып диванда жатып "шықпаңдар, бармаңдар!" деп құр айғайға басу надандықтың белгісі. Дегенініз дұры, бірақ мәселе көшіп кеткісі келетін 15% да, әрине шетелді көрген, білім алған жөн. Ал түбегеилі көшкісі келетіндер олар біздін елде тұратын басқа ұлт өкілдер, өз елің ансап жүрген

Кімнен: boztorgai Қайдан: сыр бойынан
12.08.2010 22:23
+0 / -0
көшсеңдер де келін мен баладан аса алмадым демей, бізден хабар алып тұрыңдар