Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:39

САЯСАТ

"Тасжарған" газетімен депутат та, саясаткер де соттасып жатыр

«Тасжарған» газетіне қарсы қозғалған тізбекті сот істері бітер емес. Енді Газеттің меншік иесі мен бас редакторы әкімшілік жазаға тартылып отыр.

Мәтін көлемі - +
Нәйла СҰЛТАН

Газеттің меншік иесі мен бас редакторы Бақытгүл Мәкімбай Малыбайдағы оқиғаны баяндайтын екі мақаланы басқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ, депутат Ромин Мадинов газет биылғы 24 сәуірде өзінің ар-намысына тиген «Бедный латифундист» деген мақаланы басты деп, моральдық өтем ретінде газет редакциясынан 300 миллион теңге өндіріп алуды талап еткен. «Тасжарғанды» сотқа берушілердің бірі, саясаткер Хасен Қожахмет өз мүддесіне нұқсан келтірген газетті жауапқа тарту керек дейді:

- Сыртымыздан жала жауып, күйе жағып отырса үндемей отыра бермекпіз бе? Мен олардан бір тиын сұрап отырғаным жоқ. Одан бері де газетке неше түрлі нәрселерді жазып жатыр. Газеттегілердің о бастағы мақсаты «сотқа берсін» деп жазған ғой. Саяси жұмыстарының түрі сол. Үнемі ұлттық ұйымдарға, «ұлтым» деген адамдарға тиісіп жатады. Соған қарағанда, бұларға басқа жақтан тапсырма берілген. Оны ел айтып жүр.

Ал, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшімнің айтуынша, биліктің әдеттегідей жасап келе жатқан әдісінің бірі өздеріне жақпайтын БАҚ-ты соттық, заңдық тұрғыдан қыспаққа алуы заңды:

- Кез келген мәселеде түймедейді түйедей етіп көрсетіп, себеп-сылтау тауып, сотқа беруге құмар адамдар бар. Ромин Мадиновтың өз азаматтық құқығын қорғауы заңды шығар. Екіншіден, негізгі сот Гүлжанат Шонабайға қатысты болып жатыр. Үшіншіден, Хасен Қожахметтің сотқа арыз бергендігін жақсы білемін. «Тасжарған» газетінде жарияланған Х. Қожахмет туралы мақала шындыққа жанаспайды. Хасен өзі барып, «шындыққа жанаспайтын мәліметті дұрыстаңдар» дегенде,  Бапидің өзі сотқа беруге рұқсат берген. Сол рұқсатпен Хасекең сотқа беріп отыр. Осыдан кейін осы газеттің өзінде де белгілі бір демократиялық принцип ұсталына ма деген сұрақ туады?

Қарашаның 21-і күні Алматының Медеу аудандық сотында журналист Гүлжанат Шонабайға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Оған ұлтаралық дүрдараздықты өршітіп, қазақ халқының ар-намысына тиді деген айып тағылып отыр. Қылмыстық істің қозғалуына журналистің биылғы жылы «Тасжарған» газетінде жарияланған қос мақаласы түрткі болған. Газеттің 9 шілдедегі санында «Бір қазақты екі ұйғыр неге өлтірді?» және 16 шілдедегі «Малыбайдағы маңқа қазақ бейшаралығына күйінеді» деген екі мақалада Гүлжанат Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылында болған кісі өлтіру оқиғасы жайында жазған еді.

Бұл мәселе жөнінде газеттің меншік иесі мен бас редакторы Бақытгүл Мәкімбайға хабарласқанымызбен тілдесу мүмкін болмады. Бұдан соң біз «Тасжарған» газетінің бас оқырманы Ермұрат Бапиды әңгімеге тартқан едік:

- Біріншіден, бұл елдегі мемлекеттік саясаттың қорытындысы деп есептеуге болады. Себебі, мемлекет елдегі тәуелсіз, әсіресе, ел ішіндегі жағдайға қатысты нақты мәселелерді жария етіп жатқан басылымдарға байланысты қатты саясат ұстанып отыр. Оның ішінде, оқырмандар мен ел арасында оппозициялық басылым саналатын осы – «Тасжарған». Сондықтан, бұл арада редакция, газет әлдебір заңды немесе заң талаптарын бұзып қойды деп айтуға келмейді. Редакция сол деңгейінде, қол қарқынымен артық та кетпей, кем де қалмай жұмыс істеп жатыр. Тек ел ішіндегі, әсіресе, Рахат Әлиевке қатысты, Америкадағы «Қазақгейт» сотына байланысты, ел ішіндегі жемқорлық, жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы парақорлық әрекеттер осының барлығы газетке деген қысымды күшейтуде.


Оның айтуынша, биліктің әлімжеттік жасап, қысым көрсетуіне байланысты бастапқыда «Дат» деген атпен жарық көрген газет аты «Тасжарғанға» дейін де талай рет өзгерген. Оқырман ортасында жүргеніне 10 жыл толған газеттің бүгінгі таралымы 50 100 дана екен.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
26.11.2008 01:22
+0 / -0
Хасеннің "Тасжарғанды" сотқа беруін жақсы түсінемін және қолдаймын. Өйткені оны газет редакциясының өзі осындай қадамға баруға мәжбүр етіп отыр. Егер "Нағыз Ақ жол" партиясына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын "Азат" атауын Бутялардың арсыздықпен иемденуіне нағыз азаттықтардың келіспей, жалған "Азатқа" наразылық білдіргендігі үшін Ермұрат Бапи өз газетінің беттерінде оларды ғайбаттап, қайдағы жоқ әңгімелер айтпағанда, "құда да тыныш, құдағай да тыныш" еді.
Оның үстіне, газет сол орынсыз әңгімелерді теріске шығарған Хасеннің орынды уәжін баспай қойып, "сотқа бер" десе, ол не істеу керек еді? Сондықтан, тап осы орайда мәселенің "Тасжарғанды" қудалауға ешқандай қатысы жоқ. Редакцияның өзі әдеп сақтап, ондай абыройсыз қадамға бармауы керек еді, немесе, жағдайды ушықтырмай, Хасеннің хатын жариялауы керек еді.
Ал, Ромин Мадинов пен Еңбекшіқазақ ауданы басшаларының талап арыздары, сөз жоқ, басылымды қудалау мақсатында ұйымдастырылып отырған саяси шаралар.

Кімнен: Арыстан Қайдан: Қарағанды
26.11.2008 11:19
+0 / -0
Біздің билікке дауа жоқ.Енді болса мыналарды(Мадиновпен,Қожахметовтерді)айдап салып отыр.Түбінде осы газетке күн көрсетпейді-ау.Бұл елдің заңы солай-ғой.Бәріде өтірік.Шындықты айтқан үшін соттау Қазақстанда ғана шығар осы.Осының барлығы көп ұлтты мемлекет деген жағымпаздық пиғылдың нәтижесі.

Кімнен: қазақ Қайдан: а
26.11.2008 12:52
+0 / -0
Өлтіретін қазағын тыныш қана өлтіре бермей ме,мынасы несі, түге, қалың қазақты дауға салып, ойбай, бұдан әрі үндемейікші, тыныш қана, дауысымызды шығармай-ақ, өлтіре беріңдерші, керек десең, үндеме десең, үндемей-ақ қойдық, тек,достық пен береке үшін өле берейік, өлуге дайынбыз да,,,

Кімнен: Амангелди Қайдан: Алматы
26.11.2008 15:21
+0 / -0
Е.Бапи БАК туралы занды билмейди. Зан боынша Хасен туралы жазылган мартиалдын орнындай колемди Хасенге де беру керек. Хасен карсы материал апарды. Бирак олар баспады. Енди Хасен не истеуи керек? Ермуратты уру керек пе, алде Бакыткулдин шашын жулу керек пе? Адилеттикти айтындаршы, агайын.
Хасенди билик айдап салып отыр деген тук таппаганын сози. Осындай созбен кулар кутылып жур. Ал Майлыбайданы материалды да "Адил Соз" сараптамасына беру керек. Шики материал, мен солай ойлаймын.

Кімнен: Тамерлан
26.11.2008 17:31
+0 / -0
Мен өз басым Хасен Қожахметті ұлт жанашыры, адал адам деп есептеймін. "Тасжарған" қаншама өздерін демократпын деп ойлағанмен қай мақалаға да парасаттылықпен, обьективті түрде келуі керек. Олай болмаса бос даурығушылық болып шығады. Қожахметке қатысты абайлап жазған жөн.Сосын қазақты "Маңқа" деудің өзі тым артық кеткендік. Қылмысты да белглі бір ұлтқа телімеген дұрыс.Ал Роминге келсек, ол кісінің 300 миллион теңге сұрағандығының өзі сол олигархтың бет бейнесін ашып береді.