Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Қазақтар - әлемде

Талғат Мамашев Қанаста кейбір қонақ үйлерде «қазақ пен сиырға кіруге болмайды» деген хабарландыру тұрғанын айтады

Талғат Мамашев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа төрағасының І-ші орынбасары.

04.08.2009
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Қазақстанмен іргелес жатқан Қытайдың Алтай аймағында ресми есеп бойынша 300 мыңға жуық қазақ тұрады. Осы өлкедегі қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа төрағасының І-ші орынбасары Талғат Мамашев Азаттық радиосына сұхбат берген болатын.

ҚЫТАЙЛАР ҮЙ ИЕСІНІҢ КІМ ЕКЕНДІГІН ТАНЫТТЫ

- Талғат Асылұлы, қазақ диаспорасы шоғырланған Қытайдың Алтай өлкесін аралаудағы мақсаттарыңыз жайында айтып өтсеңіз?


- Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы районының Алтай аймағында олардың ресми есебі бойынша 300 мыңға жуық қазақ тұрады екен. Біздің іс сапарымыз шілденің 6-сынан басталды. Сол күні Үрімжіге жетіп, одан әрі тікұшақпен Ганьсу өлкесіндегі Ақсай қазақ автономиялы ауданында жалғасты. Сосын Құмыл, Баркөл, Мори қазақ автономиялы аудандарында жалғасын тауып, қайтарда табиғаты тамылжыған Қанас көлінде болдық.

Бұл сапардың негізгі мақсаты – ондағы қазақтардың жағдайымен танысу, кеңірек қарым-қатынас орнату, жұмысымызды одан әрі жандандыру болған еді.

Ойға алған негізгі мақсатымыз орындалды. Күніне 600-700 шақырымға дейін жол жүруге тура келді. Қытайдың жолдары өте жақсы екен. Жүрген жерімізде «Нұрлы көш» бағдарламасын насихаттауға көбірек көңіл бөлдік.

- Шілденің 6-сында Үрімжіге келдік деп отырсыз, ұйғыр жанжалының үстінен түсіпсіздер ғой?

- Біз ол күні Үрімжіде болдық, түскен қонақ үйімізден 1-2 күн алысқа ұзап шыға алмадық. Ұйғырлар 5 шілдеде көшеге шықты ғой, 7-сі күнгі хансулардың ереуілін де көрдік. Олар үй иесінің кім екенін көрсетті. Дегенмен, ол жағын олар көп айтып жатқан жоқ.

Бұл сапар барысында, ауданнан-ауданға, облыстан-облысқа өткенде, жүрген жеріміздің бәрінде қарулы күзет, әскер, сақшы кездесіп отырды. Әсіресе, ұйғырлар көп шоғырланған мекендерде күзет қатты екен.


ҚАНАСТАН ҚАЗАҚТАР ЫҒЫСТЫРЫЛЫП ҚАЛЫПТЫ


- Жалпы, ондағы қазақтардың көшіп келуге ниеттері қалай екен?


- Қайтарда Қанас көлінде болдық дедім ғой. Бұл көлдің әсемдігіне көз тойғысыз. Мұндай ғажайыпты еш жерден көрмеппін. Алтайда Бейсенбі атты атақты би өткен. Бұл ара соның жайлауы болған деседі. Бүгінде Қанас демалыс аймағына айналған. Онда туристік қала бой көтеріпті. Үрімжіден Қанасқа ұшақ қатынайды екен. Туристер мол келетін көрінеді.

Сол жердегі ағайындармен кездестік. Олар енді біраз уақыттан кейін мұнда кіре алмайтын дәрежеге жететін сияқтымыз деген қаупі бар екендіктерін жеткізді. Қытайларда жерге жекеменшік ұғымы жоқ. Бұл ешкімнің бабасынан немесе атасынан қалған меншігі емес, мемлекеттің қорығы, сондықтан, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Сондағы қазақтар кезінде Қанас көлінің жағасына 300 киіз үй тігіп, ас суын осында келетін туристер арқылы айырып отырыпты. Сосын 150 үй тігуге рұқсат алыпты, биыл 70 үйге дейін азайған. «Енді бір-екі жылдан кейін, мұнда сығалай алмайтын шығармыз» деп жылап айтты олар, «ендігі бағытымыз – Қазақстан. Бұрынғы «Ағажай, Алтайдай жер қайда?» дегеніміз жайына қалды, жайлауымыздан енді айрылдық» деп шағынды. Әрі-беріден кейін қытай кейбір қоршаулы қонақ үйлердің маңдайшасына «қазақ пен сиырға кіруге болмайды» деп хабарландыру іліп қойған. Енді мал жайылмасын деп сыпайылап айтқаны ғой.

- Сіздер жайлауынан айрылған жұртты қалай жұбаттыңыздар?

- Жүрген жерімізде «Нұрлы көш» бағдарламасын насихаттауға көбірек көңіл бөлдік. Бұрынғыдай стихиялы түрде емес, арнайы қоныстандыру арқылы оралмандар баратын жерін алдын-ала біліп келеді. Оларға оның үстіне «Тұрғын үй жинақ банкінен» үстемақысы төмен несие ұсынылып отыр. Оралмандар алғашқы бес жыл бойына тапқандарын аталған банкідегі есеп-шотына құяды. Сосын белгілі деңгейде несиесін қайтара бастайды. Осының мән-жайын түсіндіріп, алдағы үш жылда Қазақстанға көшіп келуге мүмкіндіктің бар екенін айттық.

Дегенмен, Қытайға барып ондағы халықты көшіп келуге үгіттеу аса қиын. Оның үстіне қасыңда ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жүреді. Әрі Үрімжідегі ұйғыр оқиғасы ондағы қазақтарды да үркітіп тастаған екен. Кейбір аудандардың белді қызметкерлері жанымызға жақын келуге де батпады. Халық біршама үркек, сақ болуға тырысады. Соған қарамастан, оларға арқа сүйер ата жұрты бар екенін баса айттық. Өздері де жаппай көшуге бел буып отыр.

- Қазақты ата қонысынан ығыстыра бастаса, ал қазақ тілінің жайы қалай екен?

- Алтай қаласы мен Морида бірнеше қазақ мектебі бар екен. Онда әзірше таза қазақ тілінде сабақ берілетін көрінеді. Бірақ, бұл уақытша ғана сияқты. Негізінен, ондағы мектептердің барлығы қостілділік жүйеге көшкен.

- Қытай Батысты игеру саясаты бойынша қазақтар шоғырланған жерлерге дендеп ене бастады деп еді.

- Жалпы, Алтай – қазақтың қаймағы бұзылмаған өлкесі. Ол жерде ұйғырлар да аз көрінді. Қаптаған қытайларды да байқамадым. Тек Қанас секілді стратегиялық маңызды ошақтарда болмаса. Өздерінің ресми есебі бойынша ондағы қазақтың саны – 262 мыңға жетеді екен. Ал, жергілікті халық қазақтың саны бұдан екі есеге артық дегенді айтып жатты.

- Әңгімеңізге рахмет!
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Кімнен: Асылбек
04.08.2009 10:47
Бауырларымызды сактайык агайын...

Кімнен: Ернар Қайдан: Сарыарқа
04.08.2009 11:06
Негізінде Қытайдағы қазақтарды түп-түгел көшіріп алу керек және оларға жағдай жасау керек. Астанада құрылыс салуға мораторий жариялап, оралмандарға тұрғын үйлерді әрбір обьлыс, аудан орталықтарында салу керек секілді.

Кімнен: Мамыр Қайдан: Алматы
04.08.2009 11:43
Е, бәсе! Азаттық радиосы, ұйғырдың жырын жырлай бергенше, осылай сол Қытайдағы қазақтың мұңын да мұңдасаңшы.

Кімнен: mehmet Қайдан: ankara
04.08.2009 11:46
erteden tozip kelgen hitailar songi kezde ekonomikasi koterilgeninen kein biraz yltshildih jailap halipti goi

Кімнен: Қытай қазағы
04.08.2009 12:43
Есенгүл сіз айды аспанға шығарғандай, сенсациялық тақырып іздеп,оқырмандарды шатастыратын мақала жазуды қойыңыз!Қанаста қазақ пен сиарға орын жоқ дегенді қайдан шығарып жүрсыңдер! Не өзің теріс бірдеме жазып отырсың не ана Мамашрв мырза шатасты.Ол қытайшы білмейді ғой.Солай жазылған жазу бары рас болса онда неге фотосуретке түсырып алып, сайттарыңда көрсетпейсіңдер!Бұған сену қиын..

Кімнен: Oralbai Қайдан: astana
04.08.2009 16:58
Qazirge dein qytaimen arada ko'shw twraly kelisim jasalghanyn bilmeimiz.alpys ailagha qurylghan qytai siasatyn adam tu'sinip bolmaidy.qazaqtargha ne jaghdai jasamai,ne ata jurtyna ko'shirmei qashanghy zaryqtyryp otyrar eken.

Кімнен: altai Қайдан: alatau
04.08.2009 17:50
Oz ultih siyrga tengetip, ashkereletip otirgan qazaqtardi da qazaq deimiz-au! Qojiragan qairan baiqustarim-ai! Buitip kun korgenshe ana uigirlar sindi olgen artik! Bul Qazaq elin korlau goi!

Кімнен: XAH
04.08.2009 18:37
Nazarbaev kytailarga karsi minezin korsetip, bauirlarimizdi assimiliaciadan aman alip kalu kerek...

Кімнен: Жандос Қайдан: Алматы
05.08.2009 19:34
Ташкентте Ресей патшалыгы дәүірінде иттер мен сарттарга кіру тиым салынады деген ескерту болган екен. Бірақ коммунистер дәуірінде ұлттық саясат қаншалықты аз ұлтттар үшін зиянды болғанымен, тілде, яғни, ресми бұндай кемсітушілікке жол берілмеген. Сондықтан, дәл осындай ескертудің бар болғаны туралы хабарды беруден алдын, және бір тексеріп көрген жөн болар еді. Кімнен: Қытай қазағы 04.08.2009 12:43 хақ болып, ұятқа қалып жүрмейік.

Кімнен: Антивирус Қайдан: Алматы
05.08.2009 20:44
Қытайға КАЗАХСТАНның теңдесі жоқ ТІЛ мен ҰЛТ саясатын неге үйретіп келмедіңіздер?

Кімнен: Bayan Қайдан: Shetel
05.08.2009 22:15
Myna Mamashev tuk ondirmeitin, burungu komunist nomenkulatura. Odan shetelderde turatin Qazaqqa paida joq. Onu awusturuw kerek.

Кімнен: Hkitay HKazaghi
06.08.2009 16:58
MAMASHEVKE maldanip mas'hara boldih-aw... dunye juzi khazaktarning toghina tolghanip, ashina aynalghanning ornina, "khazak pen syirding kirwine bolmaydi" dep mangdayxalih asipti dep jengil soylew, Mamashevke jarasatin soz emes... hansha az bolsa da altayding khazaghi munday horlawdi kotermaydi. minday ezdik khazakka bitken minez emes. ne Mamashev jangildi, ne tilshi khiz tilin ushtap, hizghindi takhiripkha aynaldirw mahsatinda jazghan bolwi mumkin... osekti de oylanip aythan jon edi!

Кімнен: Qitay Qazaghi
06.08.2009 17:08
osekti de oylanip aytw kerek edi. shininda "qazaq pen syirding kirwine bolmaydi" delin'gen bolsa, Mamashev soni korip maqtan etip aytip otir ma? joq, ot jaqqisi kelip otir ma? otirikting ozine emes, qysinina seniw durisiraq... altay qazaqtari mindaygha jol bermese kerek.

Кімнен: 2405 Қайдан: Кызылорда
06.08.2009 18:27
Жалпы оралман дегендерді көшіріп алуды доғару керек. Себебі олар кезінде қазақтың басына күн туғанда елді жерді тастап кашып кеткен адамдардын урпактары.

Кімнен: 2405 Қайдан: Кызылорда
06.08.2009 18:41
Есенкүл Кәпқызымен калай байланысуға болады?

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
07.08.2009 09:43
Меніңше тәуенлсіздік алдық деп жар салсақ та..Біздер өз еліміз де әлі де болса үй иесі екенімізді көрсете алмай жүрміз. Жалтақпыз. Ендеше қандастарымызды күтіп алу шарасын жеделдетуге әлі ерте сияқты...

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
07.08.2009 09:53
2405 Кызылорда! Сізге айтарым!
Тарихтан мақұрым болсаңыз аузыңызбен орақ орып, қолыңызбен от көсемей жайыңызға отырыңыз! Қытайдың Алтай өлкесі қазақтың ежелгі жер!.

Кімнен: Qitaydan Қайдан: ile aymaghi
07.08.2009 12:21
2405 ке:
ел басына күн тумас бұрын-ақ, қазақтың жаны мал ұстіне құрылып, шоптың сонысы мен судың тұнығын қуып, ұлан-байтақ қазақ жерінің ат тұяғы жеткен жерінің бәріне ауыл-руімен көшіп-қонып, тіршілік еткен. енді келіп, «оралмандар» қашып кеткен деп, қаны бір туысыңа күйе жаққың келсе, сен де сау сиырдың бұзауы емес сяқтысың! болінгіш жершіл, рушылдығыңды әлі сұйреп жұрсең, бөлінгенді бөрі жеп далада қаларсың! шетелдегі қазақтар жан баға алмай барып жатқан жоқ, қаны бір туыстығын бұлдап барып жүр… ағайынға ауыр тиер мұндай қаңқу сөзді қәсиетті қазақ елінің топырағын басып жұрген азаматтан шығады дегенге аузым бармайды…

Кімнен: 9999
07.08.2009 18:21
олар қашқынның ұрпағы болса, 2405 орысқа сатылған сатқынның ұрпағы.

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Кокше
09.08.2009 16:41
Ай койындар озара кыркыспай кашкын-саткын дегенди кайдан шыгардындар.Кашкын-саткын болса онда узбектер де чечендер де украиндар да кашкын-саткын.15 республика тургындарынын бари де сондай, ау типти орыстар да шетелге кашып ак пен кызыл боп кырылыспап па еди. Ким сол уакытта шетке кашты, ким орыстардын кулдыгында калды онын бари де заман талкысы гой агайындар ау. Жалпы ондайды койып биригейк агайын.Осы беттин орысша форумында бир озге улт окилимен кактыгысып калдым.Ол маган аулына барып кой бак, саган лайыгы сол деди. (Убитые в дагестане оказались гражданами Казахстана макаласын карандар.)
Биз буйтип озара сыйыспай жатсак олар басынбаганда кайтушы еди.
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Мәтін көлемі - +