Ринат пен Ақмаралдың айтысын мына жерден тыңдай аласыз.21-22 наурыз күндері Алматыда өткен айтыста Ринат Зайытовтың сөзіне куә болған көпшілік оның әрі шумақ жырына дуылдата қол соғып, ризашылығын білдіріп отырды. Әр айтыста қоғамдағы кемшілікті жіпке тізген Ринат Зайытов айтыстың жылдан астам уақыт телеарналардан берілмей келе жатқандығын жыр тілімен түйреп өтті:
Айтыскер ақын Ринат Заитов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл. «Бұл айтысты экраннан көрсетпейді, ағайын, білесіз ғой өзіңізде,
Ақын – ана, өлеңді – бала дейін, түсінікті болу үшін көбіңізге.
Бұрын телеарна дейтін гинеколог аборт жасап тастаушы ед сөзімізге,
Ал, енді эфирінен мүлдем алып, спираль салып қойды өзімізге.
Сонда да өлең оты сөне қоймас,
Ұлы өнер мазаққа көне қоймас.
Отыз рулы қазағым аман болса,
Отыз тістен шыққан сөзім өле қоймас».
Ринат Зайытов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. 17 жасында қолына домбыра алып, айтысқа түскен Ринат республикалық айтыстарда неше мәрте бас жүлдені жеңіп алған. Ал, Ринат Зайытовтың жұрт жадында қалған елеулі айтыстарының бірі - Дінмұхаммед Қонаевтың 95 жылдығына арналған айтыстағы Балғынбек Имашевпен болған сөз сайысы.
Бұл жолы Ринат Зайытовпен айтысқан Ақмарал Леубаева да өткен ғасырдың сексенші жылдарының аяғында айтысқа шыға бастаған. Содан бері талай айтысқа қатысып, салмақты әрі өткір ойларымен ел аузында жүрген танымал айтыскерлердің біріне айналған Ақмарал ақынның ұтымды айтысының бірі Әбілқайыр Сыдықовпен болған.
Биылғы өткен наурыз айтыста Ақмарал Леубаева жемқорлықпен күрестің кемшіліктерін, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы даулы
Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл. мәселелерді өз жырына арқау етті:
«Ұстадық дейді жемқорды,
Ұсағы ғана уыста, дәл шортандай ірі емес,
Есебін тапқан есерге
Ердің құны түк емес.
Бағана өзің бастаған «ш» Шымкент деген елденбіз,
Адамнан келген ажалды алдымен біздер көргенбіз.
СПИД дейтін тажалға жүз баланы бергенбіз,
Сарыағаш, Арыс, Монтайтас су алғанды да көргенбіз.
Оқ-дәрі қойма өртеніп, өз оғымызға өлгенбіз,
Сынақ деп Алла берген соң жұмылып жұрт боп жеңгенбіз,
Қызылағаштағы қырғынға оңтүстік жұрты жиылып,
Жүз миллион жиып бергенбіз».
Ақмарал Леубаева Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау аулында дүниеге келген. Ең алғаш рет 1988 жылы 18 жасында комсомолдың 60 жылдығына арналған облыстық айтысқа қатысып, бас жүлде алған. Содан бері айтыстан қол үзбей келеді.