Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:55

ҚАЗАҚСТАН

Ембі мұнайшылары аштық жариялап, жұмысын тоқтатты

"ҚазМұнайГаз" барлау-өндіру" АҚ мұнайшылары аштық жариялап, жұмыстарын тоқтатты. Жұмысшылар жалақы жүйесінің тарифтік жүйесін қалдыруды, аймақтық және салалық коэффициентті төлеуді және филиал директорының орнынан кетуін талап етіп отыр.

Мәтін көлемі - +

«ЖАЙЫҚМҰНАЙГАЗДЫҢ» МҰНАЙШЫЛАРЫ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ

Атырау облысының Мақат ауданында басталған жұмысшылар наразылығын «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалының «ЖайықМұнайГаз» және «ЖылыойМұнайГаз» өндіру басқармалары да қолдады. Азаттық тілшісімен байланысқан «ЖайықМұнайГаз» өндіру басқармасының жұмысшылары бүгін жүзге тарта мұнайшының жұмысқа шықпағандарын айтты. Қазір бес көлікке мінген 10 жігіт Аққыстау ауылындағы «ЖайықМұнайГаз» басқармасы кеңсесінің қасында аштық жариялағандарын хабарлап отыр.

Мұнайшылар бұған дейін мақаттықтар талап еткен тарифтік жүйеге тиіспеуді, жалақы төлеу жүйесін «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалымен бірдей етіп төлеуді, шағымдарын ашық білдірген мұнайшыларды қудаламауды, «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалы директоры Ізтұрған Баймұхановтың орнынан кетуін талап етіп отыр.

Соның бірі «ЖайықМұнайГаз» өндіру басқармасының жерасты жөндеу цехының 5 разрядты операторы Мұратбек Хасановтың айтуынша, оларға жалақының өсетіні туралы таратылған қосымша келісімде «жалақыдағы өзгеріс Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес осы ескертпе қолға тиген күннен бастап бір ай ішінде күшіне енуі тиіс» деп жазылған дейді. Мұнайшылардың айтуынша, бұл бап өзендіктерге таратылған қосымша келісімде көрсетілмеген, сондықтан ембіліктерге де қажет емес.

Сондай-ақ «ЖайықМұнайГаз» мұнайшылары қосымша келісім енгізу туралы "ҚазМұнайГаз" барлау - өндіру" компаниясы таратқан бастапқы бұйрықпен таныстыруды да талап етіп отыр.

- Біздер ашығуды талаптарымызды толық орындалғанша жалғастырамыз. Қатарымыз әлі көбейе түспек. Ертең тағы 10 адам қосылады, - деп мәлімдеді Азаттық тілшісіне Мұратбек Хасанов.

Бұған қоса наразылық білдірген «ЖайықМұнайГаз» жұмысшыларының бірнеше өкілі бүгін «ЕмбіМұнайГаздың» Атыраудағы бас кеңсесіне барған. Олардың филиал директоры Ізтұрған Баймұхановпен қалай әңгімелескендері әзірше белгісіз.

Сонымен қатар наразылық танытушы мұнайшылар аштық жариялағандарын хабарлаған арыздарын Исатай аудандық әкімшілігінің қабылдамай отырғандарын айтады.

- Әзірге барлығымыз жатырмыз. Бізге назар аударып жатқан ешкім жоқ, - деп мәлімдеді аштық жариялаған мұнайшылар Азаттық тілшісіне.

ПРОРВА КЕНІШІ ЖҰМЫСТЫ ТОҚТАТТЫ

Дәл осындай талаптарды көлденең тартқан Жылыой ауданындағы Прорва кенішінің  мұнайшылары да жұмысты тоқтатты. Прорва кенішінің мұнайшысы Қани Ораловтың айтуынша, вахталық демалыста жүргендері бүгін Жылыой аудандық әкімдігі алдында жиналған.

Мұнайшылардың талабы туралы аудандық әкімшілік шешімін естімек болып Жылыой ауданы әкімдігіне телефон шалған Азаттық тілшісіне хатшы қыз әкім орынбасары Жәрдем Ахметовтың мұнайшылармен сөйлесіп жатқанын хабарлады.

Бірақ «ЖылыойМұнайГаз» мұнайшылары да талаптары орындалмай наразылықтарын тоқтатпайтындықтарын айтып отыр.

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ-ӨНДІРУ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ УӘЖІ 

Ал «ҚазМұнайГаз» барлау - өндіру» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің өндірістік филиалдарда еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша жалақы төлене бастағанын хабарлады.

Компанияның баспасөз ақпаратына сүйенсек,  «ӨзенМұнайГаз» және «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалдарының жұмысшылары өздерінің жалақыларының айтарлықтай өскенін енді іс жүзінде байқай бастайтын болады. «Жалақының өсуі, бұған дейін уәде етілгендей, 1,8 салалық коэффициентті ескере отырып жүргізілді, және де 1,7 аумақтық (аудандық) коэффициент сақталып қалды» деп уәде береді «ҚазМұнайГаз» барлау - өндіру» компаниясы басшылары.

Бұл баспасөз мәлімдемесінде «Шығыс Мақат пен Прорва кеніштеріндегі мұнайшылар наразылығы жаңа жүйе бойынша жалақы алып, оның шын мәнінде артқанына көз жеткізгеннен кейін жойылады» делінген.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Разия Қайдан: Аккыстау
02.07.2010 22:26
+0 / -0
Молодцы так держать

Кімнен: Исағали Қайдан: Атырау
03.07.2010 09:17
+0 / -0
"Жыламаған балаға емшек қайда" Жарайсыңдар адайдың жігіттері.

Кімнен: ДИНА Қайдан: АТЫРАУ
03.07.2010 11:59
+0 / -0
ЖАРАЙСЫНДАР МУНАЙШЫЛАР! ОЗДЕРИНДЕ КОРГАЙ БИЛИНДЕР, БАРИДЕ ЖАКСЫ БОЛАДЫ.

Кімнен: 2-новых сообщений Қайдан: Аккыстау
03.07.2010 13:54
+0 / -0
Ағалар!!! сіздерге ризамыз, айтқандарыңыздан қайтпаңыздар! Біздің болашағымыз сіздердиң қолдарыңызда!!!

Кімнен: Аққыстау Қайдан: Аққыстау
03.07.2010 15:14
+0 / -0
Жарайсыңдар жігіттер!!! Біз Аққыстау халқы сендерді (мұнайшыларды қолдаймыз)Қытайға сатады деген не масқара! ...

Кімнен: ne hochetsya zhit` v KZ( Қайдан: neponiatnoe
03.07.2010 15:40
+0 / -0
tusinbeimn(
Kazak kazaktan zherdin bailigin nesine kizganady?! birin biri kundep, kizganu kazaktyn tubine zhetedi((( kara basy men bilikka toli karnyn oilagan adamdardan zhuregim ainyp bitti(

Кімнен: Тилек Қайдан: Аккистау
03.07.2010 15:42
+0 / -0
Адай емес Жайықтың жігіттері
Пікір алмасу

Кімнен: Арлан-адай
03.07.2010 16:03
+0 / -0
Дұрыс айтасың. Адай емес Жайықтың жігіттері.
Пікір алмасу

Кімнен: жайыкмұнай
03.07.2010 16:37
+0 / -0
мүмкін жайықмұнай жігіттері болар

Кімнен: исатай Қайдан: Аққыстау
03.07.2010 16:31
+0 / -0
жалақымен бірге салынып жатқан ФОК-ты айту керек. Әйтпесе СПОРТ КЕШЕНІ деген атқа лайық па?

Кімнен: Адай Қайдан: Аққыстау
03.07.2010 17:32
+0 / -0
Тілек қателеспе бірінші котерілген адайлар )Манғыстау(

Кімнен: Аралбай НАҒЫЗ ҚАЗАҚ Қайдан: Тұщықұдық
04.07.2010 15:30
+0 / -0
Бәріңде қазақ емессіндерме?Қайдағы Адай қайдағы Жайықтың басын ауыртып отырсындар?Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос деген Абайдың сөзін ұмытпаңдар қазақтар.Мынандай қиын уақытта ру-руға бөлінсеңдер көзі қысық тісі қисықтарға жем боласындар.

Кімнен: Аралбай НАҒЫЗ ҚАЗАҚ Қайдан: Тұщықұдық
04.07.2010 15:46
+0 / -0
Бәріңде қазақ емессіндерме?Қайдағы Адай қайдағы Жайықтың басын ауыртып отырсындар?Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос деген Абайдың сөзін ұмытпаңдар қазақтар.Мынандай қиын уақытта ру-руға бөлінсеңдер көзі қысық тісі қисықтарға жем боласындар.

Кімнен: Тілек Қайдан: Аққыстау
04.07.2010 23:26
+0 / -0
Айтуларыңыз дұрыс, бәріміз жікке бөлінбей біріккеннің арқасында жеңіске жетіп отырмыз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Аққыстау
04.07.2010 23:29
+0 / -0
Жайықмұнай мұнайшыларына қолдау білдірген барлығына басымызды иіп, рахметімізді айтамыз... Сіздердің арқаларыңыз!
Пікір алмасу

Кімнен: jako Қайдан: 4apaev
05.07.2010 16:03
+0 / -0
malades kazmunai gaz

Кімнен: Ермурат Есенгазиев Қайдан: АТЫРАУ
05.07.2010 15:36
+0 / -0
Мұнаишылардың акшасын көбеитпеу керек керісінше азаиту керек. Олар өндірген мұнаиын өте қымбатқа өткізіп , өте жоғары жалақы алып, бірақ нанды, етті, ауылшаруашылық өнімдерін тегін жегісі келеді. Қазір ең көп табатын мұнаишылар. Сондықтан олар шүкір десін. Ауыл адамдары да отыр ғои 15-20 мыңға риза болып .
Пікір алмасу

Кімнен: аккыстау Қайдан: аккыстау
06.07.2010 10:45
+0 / -0
оган кім кіналі

Кімнен: Разия Қайдан: Аққыстау
06.07.2010 23:12
+0 / -0
Кімнің кім екенін осы жолы байқадық ! Қытайдың болашақ қүйыршықтары !!!! Сен де мұнайшы бол !!!!!

Кімнен: магамед Қайдан: актобе
08.07.2010 12:59
+0 / -0
дурыс атыраулык мунайшылар коп тукірсе кол деген бастарын бір болсын казактар алга

Кімнен: Бота Қайдан: Атырау
08.07.2010 15:04
+0 / -0
Мунайшылар дурыс алга.

Кімнен: аккыстау Қайдан: аккыстау
08.07.2010 22:46
+0 / -0
Казактар,әңгіме жалақыда емес, 48 бапта болып тур гой