Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:55

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Қарабатанда жұмысшылар еңбекақыны көбейту туралы талаптарын билікке жолдады

Атырау облысында еңбек етіп жатқан Sichim S.p.A фирмасының жұмысшылары билік органдарына жолдаған ашық хатта жалақыны 60 пайызға өсіріп, әлеуметтік теңсіздікті шешуді талап етті. Сондай-ақ, олар «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бизнес көзіне айналды дейді.

Қарабатанда еңбек талабымен наразылық акциясына шыққан мердігер компаниялардың жұмысшылары. Атырау облысы, 20 желтоқсан 2008 жыл.
x
Қарабатанда еңбек талабымен наразылық акциясына шыққан мердігер компаниялардың жұмысшылары. Атырау облысы, 20 желтоқсан 2008 жыл.
Мәтін көлемі - +

«БІЗДІ ЖАЛАҚЫДАН КЕМСІТЕДІ»

Қашаған кенішінің айналасындағы әңгіме саяси жағынан шешілгенімен, әлеуметтік проблемалар әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Жалақыдағы айырмашылық, жұмыс жағдайының нашарлығы, еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы сияқты проблемалар әлі де жұмысшылар наразылығының өзегі болып қалуда.

Атыраудың іргесіндегі Қарабатан елді мекенінде Agip KKO «Болашақ» зауыты жобасының құрылысын салып жатқан мердігерлердің бірі
Қарабатандағы Agip KKO, Бонатти, Sichim мердігер компанияларының жұмысшылары. Атырау облысы, 20 желтоқсан 2008 жыл.
– Sichim S.p.A фирмасының 100-ден астам жұмысшысы, Атырау облыстық прокуроры мен еңбек департаментіне жазған ашық хатында, әлі күнге дейін жалақы төлеуде теңсіздіктер барына шағымданған.

Олар жалақыны 60 пайызға өсіріп, әлеуметтік теңсіздікті шешуді талап етіп отыр.

– Кейбір жұмысшыларға сағатына 560 теңгеден төленеді, ал біздің еңбегіміз, белгісіз себептермен, сағатына 350 теңгеге ғана бағаланып отыр. Ал коммуналдық төлемдердің, азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының ай сайын артуы салдарынан тапқан еңбегіміз келесі жалақымызға жетпейді, – деп атап көрсетеді жұмысшылар ашық хатта.

Қазіргі уақытта 1 АҚШ доллары 150 теңгенің шамасында.

«БҰЛ ОНДАЙ СҰРАҚ ҚОЯТЫН ЖЕР ЕМЕС»

Жұмысшылар сондай-ақ «Болашақ» зауытының құрылысын салу барысында еңбек қауіпсіздігінің сақталмайтындығын да айтады. Бұл жайында Азаттық тілшісіне айтып берген жұмысшылар, кәсіпорыннан жұмыстан шығып қалудан сескенгендіктен, өз аты-жөндерін көрсетпеуді өтінді.

– Біріміз аргон пісірушілермен улы газды бірге жұтып жүрсек, басқамыз қысты күндері қауіпті гидросынақта этиленгликоль химиялық сұйықтығын кешіп жүріп жұмыс жасаймыз. Осыдан-ақ біздегі жұмыс жағдайын бағалауға болатын болар. Жұмыс қауіпсіздігі жайлы
Атырау облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті кеңсесінің кірер есігі. Атырау, 6 ақпан 2010 жыл.
әдеттегі жиындарда осы мәселелер қозғалса «бұл ондай сұрақ қоятын жер емес» деп аузымызды жауып, әлгіндей сұрақ қойғандардың аты-жөнін компания басшылары жеке кітапшасына түртіп алады, – дейді жұмысшылар.

Жұмысшылар өздерінің кәсіби шеберліктері жағынан кез-келген шетелдік мамандардан қалыспайтынына сенімді. Олар бұған дейін де Sichim S.p.A фирмасы арқылы «Теңізшевройл» компаниясының екінші буын зауытының құрылысын салуға қатысқан. Кейін бұл жоба аяқталған соң қайта сынақ тапсырып «Болашақ зауытының құрылысына келген.

– Былтырғы мамыр айында жоба менеджері болған Джузеппе Роддели мырза жергілікті кадрларға баса мән беретінін, жұмысын жақсы жасағандарға бонус бөлінетіні жайлы айтқан еді. Содан бері шетелдіктердің қатары азайғанымен, енді мысырлық жұмысшылар көптеп келе бастады. Олардың арасында изометриялық сызбалардың исі мұрнына да бармайтын формэн, супервайзерлер жеткілікті, – дейді жұмысшылар.

Осы мәселе бойынша түсініктеме алмақ болған Азаттық тілшісіне Sichim S.p.A фирмасының қызметке қабылдау жөніндегі үйлестірушісі Марина Жұмағалиева жұмысшылардың наразылығына байланысты комиссия тексеру жүргізіп жатқандықтан әзірге ешқандай түсініктеме бере алмайтындықтарын айтты.

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ АРЫЗЫН КІМ ҚАРАЙДЫ?

Атырау облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Руслан Әдиетов болса, «бұл
Руслан Әдиетов, Атырау облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы. Атырау, 6 ақпан 2010 жыл.
арыздың бізге түк қатысы жоқ» деп, оның анық-қанығын еңбек департаменті зерттеуі тиіс деген желеу айтып, басқаға сілтеді.

Ал Атырау облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Темір Есетбаев «еңбек құқы мәселесіне қатысты жағын арнаулы комиссия тексеріп жатқандықтан, дәл қазір нақты жауап бере алмайтындығын» айтып, шығарып салды.

Әйткенмен, Темір Есетбаев жұмысшылардың сынақтан өте алмауының себебін қайта дайындайтын оқу орталықтарының сапасымен байланыстырды.

«Соңғы кезде не дұрыс базасы, не маман мұғалімдері жоқ оқу орталықтары көбейіп кетті. Оның сапасына тексеру жасап жатқан ешкім жоқ», – дейді шенеунік.

«ЖОЛ КАРТАСЫ» МЕН «ҚОЛ КАРТАСЫ»

Сонымен қатар қазақстандық жұмысшылар былтырдан бері жүзеге асырылып жатқан «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына да сын айтты. Мәселен, осы бағдарлама бойынша Sichim S.p.A фирмасына жұмысқа орналасуға келген бір топ жұмысшыларға 3-4 күн бойы құбырларды жабдықтатып, артынан олардың жұмысын «жарамсыз» деп бағалап, жұмысқа қабылдамаған екен. Алайда, біраз уақыттан соң, әлгі «жарамсыз жабдықталған» деген құбырларды зауыт құрылысына пайдаланған, дейді жұмысышылар.

– Кейіннен сол жұмысшылардың бірқатары жұмысқа қайта қабылданғанымен, олардың алатын жалақысы бізден де төмен – сағатына 120 теңге ғана, – дейді жұмысшылар.

Атырау қаласының маңындағы Геолог поселкесінің тұрғыны Бәсір Дауылбаев «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес қайта даярлау курсынан өткендердің бірі.

Жоғары білімді мұнайшы мамандығы бар Бәсір Дауылбаев өзінің бір жылдан бері жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады. Ол жұмысшылардың шағымындағы айтылған жайттарды растады.

Былтыр еңбек биржасына барған Бәсір Дауылбаевқа «Жол картасы» бағдарламасы бойынша басқа мамандық игеруді ұсыныпты. Өз айтуынша, ол «құбыр құрастырушысы» мамандығына екі ай оқып, «өте жақсы» деген диплом алып шығыпты.

Одан соң Бәсір Дауылбаевқа Sichim S.p.A фирмасына жолдама берілген екен. Бірақ компанияның кеңсесіне барған Бәсірге ондағылар жұмысқа қабылдау туралы нұсқау болмағандығын айтқан.

– Сынақтан сүрінбей өттім. Жұмысқа аламыз, хабарласамыз деген. Содан бері күтумен келемін. Мен сияқты ондаған жұмысшылар жүр. Оларды оқытып, жұмысқа жібереді, ал барған жерімізде бізді жұмысқа қабылдамайды. Осы бір шырғалаңнан шыға алар емеспіз, – дейді ол.

Осылайша жұмыс іздеп әуре-сарсаңға түскен Бәсір Дауылбаев жұмысқа орналастыруды бизнеске айналдырған делдалдарға да кез болғанын айтады.

Бірде оған телефон шалған біреу: «егер жұмысқа орналасқың келсе, 70 мың теңге төле (шамамен 480 доллар) сені бірден орналастырады» деп ақыл берген көрінеді.

– Мен одан бас тарттым. Не үшін пара беруім керек? Ал, егер содан кейін бір айдан соң мені жұмыстан шығарып тастаса ше? – дейді ол.

Жұмыс іздей жүріп еңбек базарындағы ахуалды өзінше байыптаған Бәсір Дауылбаевтың айтуынша, қазіргі кезде Атырауда жұмысқа орналастыру да ақша табудың бір жолына айналған.

– Әр жұмыс орнының өз құны бар. Делдалдарға ақша берсең болды – мәселең шешіліп жатыр. Мысалы, қазір теңіздегі Қашаған кенішіне жұмысқа қабылдау жүріп жатыр, оның құнын білетіндер 1000 доллар деп отыр. Сондықтан бұл «жол картасы» емес, «қол картасы» болды, – деп налиды жоғары білімді жұмыссыз Бәсір Дауылбаев.

Бірақ «жол картасының» облыстағы басты жауапкері Руслан Әдиетовтың айтары басқа.

Ол былтыр 13400 адам қайта даярлықтан өтіп, олардың 5400-ге жуығы жұмысқа орналасқандығын, ал биыл 6000 адам қайта даярлау курстарында оқымақ деген цифрларды тізіп шықты. Қанша адамның жұмысқа орналасқанын жергілікті еңбек мекемелері хабарлап тұрады дейді шенеунік.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ НАРАЗЫЛЫҚТЫ ПОЛИЦИЯ БАСЫП ТАСТАДЫ

2008 жылы желтоқсанда «Болашақ» зауытының құрылысын салып жатқан Agip KСO-ның басқа да мердігерлері Bonatti S.p.A, IGS Sichim, ССС, РSS компанияларының жұмысшылары бірнеше рет наразылық акциясына шыққан еді.

Олар вахталық әдіс енгізіп, жалақыны көтеруді, жұмыс жағдайын түзеуді талап еткен болатын. Сол жолы жұмысшылар наразылығын басу үшін қалалық полицияның бүкіл жеке құрамы мен жол полициясы, сондай-ақ, полицияның арнайы тобы тартылған болатын.

Солүстік-Каспий жобасы бойынша Батыс Ескенеде салынып жатқан «Болашақ» зауытының құрылысы 2005 жылы басталған.

Бұл жобаның жалпы құны 4 млрд доллар деп есептелген. Оның құрылысы 2010 жылы аяқталуы тиіс.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бекболат Қайдан: Атырау
08.02.2010 21:57
+0 / -0
Басирді қай жұмысқа алсаң да тұрақтамайды. Ол барған жерінде өз дегенімен жүріп-түрғысы келеді. Бұгінде барлық шаруа жекеменшік болғасын, кім оның демагогиясын тыңдасын, сосын шығарып жібереді. Оның әңгімесін тыңдасаң, өзінен басқаның бәрі ақымақ.

Кімнен: Сарапшы
08.02.2010 23:25
+0 / -0
«БҰҒАН ДЕЙІНГІ НАРАЗЫЛЫҚТЫ ПОЛИЦИЯ БАСЫП ТАСТАДЫ
2008 жылы желтоқсанда «Болашақ» зауытының құрылысын салып жатқан Agip KСO-ның басқа да мердігерлері Bonatti S.p.A, IGS Sichim, ССС, РSS компанияларының жұмысшылары бірнеше рет наразылық акциясына шыққан еді.
Олар вахталық әдіс енгізіп, жалақыны көтеруді, жұмыс жағдайын түзеуді талап еткен болатын. Сол жолы жұмысшылар наразылығын басу үшін қалалық полицияның бүкіл жеке құрамы мен жол полициясы, сондай-ақ, полицияның арнайы тобы тартылған болатын.»
----------------------------------------------------
Менің түсінбейтінім, кейбір жердің адамдарының наразылықты «тек қана көшеге шығып, нарымбайып тәрізділер секілді публикаға ойнау»- деп білетіндігі. Сосын, оны кейбір далада қалған сайқал «саясатшылар» өзінің жеке мүдделеріне пайдаланып, оларды «қорғаушылық жұмыстар» атқарып, «саяси ұпай» жинайтындығы.
«Кампанияның жұмысшылары бірнеше рет наразылық акциясына шыққан еді, бірақ қалалық полицияның бүкіл жеке құрамы мен жол полициясы, сондай-ақ, полицияның арнайы тобы тартылып, наразылықты полиция басып тастады»- дейді.
Сонда, жұмысшылар «наразылық акциясын міндетті түрде көшеде өткізу керек»-деп түсінетін болуы керек.
Егер, жұмысшылар көшеге шықпай, әркім өзінің жұмыс орнында болып, ол орынды ешкімге бермей, бірақ бәрі бір уақытта жұмыс жасамай, АЗАМАТТЫҚ БАҒЫНБАУШЫЛЫҚ наразылық акциясын жасаса, онда ең бірінші рет қаламды қолына ұстаған баланың қолының сыртынан ұстап, жазу жаздыруды үйреткен сияқты, полиция оларды қолынан ұстап жұмыс жасаттырмайтын шығар? Міне, дәл сонда ғана мердігер компанияға нағыз экономикалық рычаг арқылы әсер ету (қысым жасау) наразылық акциясы болар еді. Ал, санулы ғана адаммен дөрекі түрде наразылыққа шықандар керісінше «мердігер кампанияға физикалық қоқан-лохы жасалынып жатыр»- деп, полицияның арнайы тобын шақырту арқылы қазақтарды айыптауына жақсы болады. Оның пайдасын тек жұмысшылардың жасаған жабайы әрекетін қазақ үкіметінің бетіне басу арқылы шетелдіктер көреді. Сондықтан ғой қазақ үкіметі өз шынтағын өзі тістей алмай, өз саусағын өзі кесе алмай, шетелдіктермен ауыз жаласуға тура келіп, бейшара күйде жүргені. Үкімет деген халқымен ғана күшті, болмаса ол кәдімгі ұйымдасқан қылмыстық топ қана. Құрандағы «Алла әр халыққа өзіне сай басшы береді»- деген осы. Қолына найза алып шығатын заман өтіп кеткенін, ХХI ғасырда да саяси түсінігі жетілмей, әлі ерке баланың тірлігін жасап жүрген жүрген «қазаққа» таңданамын. "Қорыққан бірінші ұрады"-демекші, не болса содан қорқып, көрінгенмен ұрысыспай-ақ бермей, стойкаңды ұстап алып, тырысып алмай-ақ, денеңді бос ұстап, баспен ойланатын заман келді, қазағым. Бастың ішінде бәрі бар, ойлансаң не керектің бәрін сол жерден табасың.

Кімнен: Асқар Қайдан: Атырау
09.02.2010 00:23
+0 / -0
Иә,ол Сичимді жақсы білем,онда жолдас жігіттерім жасайды. "Соңғы кезде қорқыту,артқа түсу көбейіп кетті. Адамның басқан ізін бағатын надзирательдер бар. Итальянец бастықтың оң қолы Уральский жас жігіт дегенін жасап тұр,кого хочет возмет на работу,а кого хочет тесттен өткізбейді"-дейді олар. Январьда компания автобусының астына түсіп басылған,обл.больницаға түскен де Сичимнің рабочийі.

Кімнен: Bagytzhan Қайдан: Atyrau
09.02.2010 01:01
+0 / -0
Askar Kerimovtyn zhane Ruslan Adietovtyn aldyna zhumyspen komektesiniz dep barganda da komektese almady. Aitatyndary paidasyz kur tsifrlar goi.

Кімнен: булан
09.02.2010 01:05
+0 / -0
480-1000 долармен жумыска киргенше биздерге булан компаниясына келсендер 30 мын тенгемен жумыска киресиндер.сендерде ставка кымбат екен,бизде арзан.

Кімнен: Айбар Қайдан: Атырау
09.02.2010 15:09
+0 / -0
Қазіргі қазақ бұрынғы ата бабамыздай батыл да өжет емес,қатын өсектен әрі аса алмайды. Айтатындары ішкені,жегені,қызға барғаны т.б, ұрандатып күреске,демократияға шақырып,туалет жарына жазатын жастар бар Одан әрі аса алмайды.
Бекболат,Басир өз құқығы үшін күресе алатын аз қазақтың бірі. Сіз неге ондай қазақтың бар екеніне қуанбайсыз,көбейсе екен деп неге тілемейсіз? Еліміздің кері кетуі де сіз сияқты кертартпа,комнатный бакландардан ғой. Сіз сияқтыларға юбка киюге кеңес беремін.

Кімнен: Землячка Қайдан: Уральск
09.02.2010 15:38
+0 / -0
Молодцы, удальцы Уральские пацаны! Дерзайте, берите выше! Желаю не быть правой рукой, а править правой рукой! И в конце концов взять компанию в свои руки!

Кімнен: Абдуллаһ Қайдан: Атырау
09.02.2010 21:50
+0 / -0
Дәл осы қазір жергілікті Қазақстан-Атырау телеарнасынан Атырау облыстық жұмыспен қамту орталығының бастығы Әдиетов Руслан Қайыржанұлымен тікелей эфирде кездесу болды. Онда шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы былтыр 13615 адамға болса биылғы квота Аджип ҚКОның 20000 шетелдік жұмыс күшін сұрағанына қарамастан,Үкімет квотаны 13500 адамға азайтқаны туралы сөз болды. Сонда не болғаны,елімізде қолынан іс келетін жергілікті халық жұмыссыз өріп жүргенде Аджип ҚКОның шетелдіктермен не істейді. Өзімде сол Қарабатанда жасаймын, тай,түрік,араб,курд тағы басқалардың қандай "шеберлер" екенін көріп жүрміз ғой. Қолдарына кілт,болгарка ұстау білмейтін шетелдіктер осында келіп үйреніп жатады. Солар үйреніп кеткенше біраз құбыр кескіленіп ысырап болып жатады. Жоғарыдағылар өз қазағымыз білмейді деп шүйліге бергенше,неге солардың шеберлігін тексеріп жұмысқа қабылдамайды. Бір тайландық айтып еді: "Қарабатанда ең жоғарғы сатыда итальянец,сосын араб,еврейлер,сосын түрік,румын,филиппиндер,индустар,соңында қазақ пен тайланд"-деп еді. Сол шетелдіктің айтқаны рас,қазақ төменгі саты да. Қарсы сөз айтып,өз құқығын қорғағысы келген қаншама қазақты жұмыстан шығарғандары Аллаһқа аян. Ал сіздер жұмсақ креслода отырып,құрғақ сандарды тізіп айтқанға мәзсіздер. Ал далада жұмыссыз қазақ.........

Кімнен: Тілек Қайдан: Алматы
09.02.2010 23:05
+0 / -0
Мына Айбар деген азаматтың БАКЛАН дегеніне түсінбедім. Алдындағы Бекболаттың айтқаны шындық болғасын, шырылдап отырған бір досы боларсың. Оны білмесең, неге "аз қазақтың бірі" деп дәріптейсің. Ал, баклан деген қазаққа да, басқа кім-кімге де түсініксіз сөзіңе қарап, сенен де қорқып отырмын. Осындай ешқандай байлауы жоқ, арзан сөзбен бір-біріңді қолпаштаған комментті оқи беруге уақытымыз да жоқ. Ал, сендер Бәсір сияқты, қысыр-қымыр әңгіме соға беретін, қолдарың бос адамдар сияқтысыңдар.

Кімнен: Айбар Қайдан: Атырау
09.02.2010 23:33
+0 / -0
Тілек мырза, бұл жердегі мәселе Басирдің досы болу болмауымда, менің ағат айтқан сөзімде де емес. Мәселе теңсіздікте,жұмыссыздықта! Ол жігітті жақын білмесем де сыртынан танитыным рас. Ол жұмыссыз болар, ал менің әжептеуір қызметім бар. Менің бір ағат сөзіме байланғаныңызға қарағанда ақиқатты ашып айта алмайтын қазақ жайлы жазғаным сізге де тиіп кетті ме? Кешіріңіз онда! Менің сөзімнен ілік іздегеніңізден гөрі қазіргі жұмыссыздық,жұмыс орындардағы теңсіздіктер жайлы жазсаңыз азаматтық болар еді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.02.2010 14:06
+0 / -0
Сичимде жасайм.Родели мырза он колы болган бастыкты айдап салып отырганын тусинбеиди ешким.Баримиз бирнарсе айтуга коркамыз.Трубамонтажниктер маладец.Бирак жумыстан шыгарып тастауы мумкин гой

Кімнен: атыраулық
10.02.2010 17:00
+0 / -0
қап, енді бұл жұмысшыларды жұмыстан шығарып тастап жүрмесін, солай болса ше? Жігіттр шындықты айтқандарың үшін ризамын, иә, "қол картасы" болды-ау бұл

Кімнен: Басир Қайдан: Атырау
10.02.2010 18:07
+0 / -0
Мен, біріншіден Бекболат дегенді танымаймын ондай кісімен сөйлесіп те көрген емеспін, мүмкін саяси идеологтардың біреуі шығар жумыстағы адам өз құқығын айтпасын деген түсінік қалыптастырып отырған, Екіншіден сіз мені жұмысқа алып па едіңіз, менің жұмысыма баға беретін сізбе?, әлде жұмыстастарым ба? ... Мысалы; өзім бір мекемеде он жылдай ел қатарлы қызмет жасадым, жоғарыдағы басшыларға өз құқықтарымыз туралы айтып дауласқаным рас, нәтижесінде бірнеше жылдан бері жұмыс берушілердің жалған еңбек келісім шарттарын жасақтап жүргендерін сот арқылы дәлелдеп әшкереледім,маған тағып отырған кінәңіз осындайдан шығар... Үшіншіден басқа сұрақтарыңыз болса бүркеншек атпен емес тікелей хабарласуыңызға болады; Ұялы телефоным 87024764573 Басир

Кімнен: Айбар Қайдан: Атырау
10.02.2010 18:54
+0 / -0
Жарайсың Басир аға! Бекболат та Тілек те болып отырған,көп сексоттардың бірі не сол саяси идеологтар.