Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:00

МӘДЕНИЕТ

Қытай қазағының фильмі «Еуразия» кинофестивалінің байқауына ілінбеді

Қазақстанда өткен халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу мақсатында Үрімші қаласындағы «Тянь-Шань» киностудиясында түсірілген «Гүлбике» фильмін алып келген Мақсат Кәдірхан өз туындысының сайысқа қатыстырылмағандығын айтады.

Қытай қазақтары түсірген "Гүлбике" фильмінен көрініс
x
Қытай қазақтары түсірген "Гүлбике" фильмінен көрініс
Мәтін көлемі - +
– Бұл жолғы кинофестивальге түркітілдес мемлекеттердің фильмі қатыстырылады екен. Біздің фильміміз осы талапқа сай келмей тұр. Өйткені, тіліміз – қазақ, тегіміз – түркі болғанымен, мемлекетіміз – Қытай. Сол себепті де біздің фильм фестиваль аясында көрсетілетін болады, – дейді ол Азаттық радиосына берген сұхбатында.

«КӨРІКТІ МЕКЕН» КӨРЕРМЕННІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛДЫ

Мақсат Кәдірхан Қазақстан көрермендеріне «Көрікті мекен» және «Бөрі соқпақты боз дала» фильмдері арқылы таныс. Ол – Үрімшідегі Тянь-Шань кино студиясы директорының орынбасары, мемлекеттік І дәрежелі режиссер, «Гүлбике» фильмінің көркемдік жетекшісі, продюсері. 
"Гүлбике" фильмінің режиссері Мақсат Кәдірхан

Ең алғаш Қазақстанға 2005 жылы «Көрікті мекен» фильмін алып келген екен. Қазақ көрермендерінің көңілінен шыққан бұл фильмнің Қазақстанда прокаты да жаман болмапты. Біраз кинотеатрларда көрсетіліп, қазақ телеарналары сатып алған екен. «Көрікті мекен» бүгінде ара-тұра «Қазақстан», «Хабар» телеарналарында көрсетіліп тұрады.

– «Көрікті мекен» туралы кезінде газет-журнал беттерінде жақсы пікірлер айтылды. Прокаты да жаман болмады. Бұл фильмнің Қазақстанда көрсетілуінен 2,5 мың доллардай пайда таптым, – дейді Мақсат Кәдірхан.

«Көрікті мекен» әлемнің 27 мемлекетінде көрсетіліпті. «Тянь-Шань» киностудиясының директоры Жан И Ганның айтуы бойынша, 2006 жылы Қытай басшысы Ху Цзинь Тао Америкаға барған сапарында Қытайдың таңдаулы 4 фильмін ала барыпты. Соның бірі осы «Көрікті мекен» болған екен.

«Тянь-Шань» киностудиясының директоры Жан И Ган осы фильмді Марокко, Тунис елдеріне апарып көрсеткен кезде, олардың қазақ халқы туралы көп нәрсені сұрағанын айтады.

Бұдан кейінгі «Бөрі соқпақты боз дала» фильмі 2008 жылы «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінде І жүлдеге ие болыпты.

«ГҮЛБИКЕ» «АЙРЫҚША ОҚИҒА» ДЕГЕН АТПЕН ҚАТЫСТЫ

2009 жылы түсірілген «Гүлбике» фильмі қазақ тұрмысынан алынған. Сахараға кіндігі байланған қазақ өмір-салтын 5 жасқа дейін сақау болған, кейін дарынды ақынға айналған Гүлбике қыздың өмірі арқылы баяндайды.  

– Бұл фильм жайында Ислам Адырбеков: «Меніңше, бұл фильм Қазақстанға оқулық ретінде ұсынылуы керек. Себебі, біздегі ұмыт боп бара жатқан қазақ тұрмысы мен мәдениеті «Гүлбике» фильмінде өте жақсы суреттелген. Біздегі фильмдер – махаббат, жастар тақырыбында. Қала мәдениетіндегі жастар дала мәдениетін түсінуден қалып барады» деген еді Қазақстанның Мәдениет министрлігіне жазған хатында. Сосын біз оны Қазақстанға жеткізудің жолын іздедік. Мәдениет министрлігімен байланыстық, олар жолды «Қазақфильм» кино студиясына сілтеді.

Басында биыл қыркүйекте өтеді деп жоспарланған Дүниежүзі қазақтары құрылтайында көрсетпек болды. Алайда, құрылтай кейінге қалды. Бірақ біз фильмді «Еуразия» кинофестивалі аясында көрсетуді мұрат тұттық. Сөйтіп, осында алып келген едік. Ендігі мақсатымыз осы фильмді Қазақстанда көрсету, тарату болып отыр, – дейді Мақсат Кәдірхан.

«Еуразия» кино фестивалінің арт-директоры Гүлнәр Әбікеева «Гүлбикенің» неге кинофестивальге қатыстырылмағандығы жайында:

– Бұл фильм, негізі, биыл күзде Астанада өтуі жоспарланған дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезінде көрсетілуі керек болған. Алайда, құрылтай кейінге шегерілгендіктен, фестивальге «Айрықша оқиға» деген атаумен қатысты. Бұл фильм туралы арнайы отырыс өткізіп, әсіресе қазақтілді баспасөзге түгелдей хабарладық. Фестивальдің мақсаты – Орта Азия және түркі тілдес халықтар киносын көрсету болды. Сондықтан Қытай атынан қатысқан «Гүлбике» фильмі конкурсқа қатысатын болса, онда фестивалдің негізгі мақсатынан ауытқып кетер еді, – деді.

Қытайлық режиссердің «Қазақстанда таратсақ» деген ойы да жүзеге аспады. Сөйтіп, фестиваль аясында көрсетілген «Гүлбике» фильмі Қытайға қайтадан сапар шекті. Жан И Ган мырза «Гүлбике» енді Солтүстік Корея мен Жапонияда көрсетілетін болады дейді.

«Қазақфильм» кино студиясының бас редакторы Дидар Амантайға хабарласқанымызда, бұл фильмнің прокатын «Қазақфильм» мойнына ала алмайды дейді.

– Алматыдағы кинотеатрлардың барлығы жекешелендірілген. Оларға «Қазақфильмнің» құзыры жүрмейді. 25 қыркүйекте «Алматы тауэрс» кино залында фильмнің арнайы көрсетілімі болды. Фильмді көрген кинопрокатымен айналысатын адамдар, кинотеарлардың иесі мүдделілік танытар деген үмітіміз де болған еді. Біздің қолымыздан келгені осы. Бұл өте үлкен көмек, – дейді Дидар Амантай.

«ТЯНЬ-ШАНЬ» КИНОСТУДИЯСЫНДА ОННАН АСТАМ ҚАЗАҚ ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛДІ

Үрімші қаласында «Тянь-Шань» киностудиясы өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап жұмыс істейді. Мұнда Қытайда тұратын әртүрлі ұлттардың тілінде фильм түсіріледі. Соның бірі – қазақтар. «Тянь-Шань» киностудиясының құрылғаннан бері түсірген қазақ фильмдерінің саны оннан асады екен. Қазақ режиссері Мақсат Кәдірхан соңғы бес жылда 3 қазақ фильмінің түсірілуін үлкен жеңіс деп есептейді.

Фестивальге арнайы келген «Тянь-Шань» киностудиясының директоры Жан И Ган қазақ тілінде түсірілген фильмдердің аса көп емес екенін айтады. Бірақ бұл жолғы мақсаты – Қытайда түсірілген қазақ фильмдерін Қазақстанда көрсету, тарату екен.

– Қытайдағы 56 ұлттың бірі – қазақтар. Сол қазақтың өнерін Қазақстанға танытып, осындағы көрермендердің көзайымына айналдыру басты мақсатымыз болып отыр. Осы сапарымызды «Гүлбике» фильмінің прокаты жайында сөйлеспек болған едік. 20 жылдық режиссерлік тәжірибемде «Гүлбике» фильмі жаман шықпаған секілді. Шыңжаңдық көрермендер жақсы қабылдады, – дейді Жан И Ган мырза.

Қытайда жылына 500 таспалық фильм түсіріледі екен. Биылғы қытай кино прокатынан түскен қаржы 100 миллиард юаньға жеткен. Қытайда 5 мың кинотеатр бар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Aza
28.09.2010 15:08
+0 / -0
Орыстардың "Гастарбайтері" де қатысты ғой. Оларды славяндар деп жүрсем...
Пікір алмасу

Кімнен: Көпкөрген Қайдан: Жоғарыдан
28.09.2010 16:03
+0 / -0
Орыстарды славян деп жүрген сен де ақымақ екенсін! Славяндарды кім көтерді? викингтер, түркі тілдес халықтардан шыққан сен сияқты елінде бір нәрсеге ренжіп қалған далбандар.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
28.09.2010 15:30
+0 / -0
Құрметті Мақсат Қадірхан! Сізбен ақылдасатын арнайы шығармашылық жоспар бар еді..электрондық адресіңізді осы жерге қалдыра аласыз ба?

Кімнен: Көпкөрген Қайдан: Жоғарыдан
28.09.2010 15:36
+0 / -0
Мақсұт Қадірхан, айналайын, Әбіш атамыз кешірсн! Ұрпағы кетпей, болмайды!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.09.2010 16:06
+0 / -0
Біріншіден, "Гүлбике" фильмін осы Еуразия фестиваліне қатыстырып, сол фестиваль аясында көрсетуге ұйғарған "Қазақфильм" басшылары еді. Талап та, ұсыныс та "Қазақфильмдыкі" еді. Екіншіден, фестивальге қатысу, қатыспауды "Қазақфильм" басшылары емес, Іріктеу комиссиясы шешеді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.09.2010 16:07
+0 / -0

Биыл маусым айында "ГҮЛБИКЕ" кинофильмінің продюсері Мақсат Қадірхан бастаған бір топ адам "Қазақфильмге" келді. Киностудия басшысы Ермек Аманшаев мырза Қытайдан келген қандастарымызды құшақ жая қарсы алды. Олар "Гүлбике" фильмін Қазақстанда көрсету туралы әңгіме қозғады. Кинотеатрларды қызықтыру мақсатында "Қазақфильм" басшылығы бұл фильмнің жақсы бір тұсаукесерін өткізу қажет, оны біз жасап береміз, салмағын өзіміз көтереміз деген ұсынысты айтты. Мақсат Қадірхан бұған разы болып, қатты қуанды. Әуелі белгілі бір Құрылтай кезінде көрсетейік деген Қытайдан келген қазақ азаматтары тарапынан ой айтылды. Кейін қайта-қайта хабарласа отырып, 6 Еуразия кинофестивалі аясында көрсеткен дұрыс деген екі жақты шешім қабылданды. "Қазақфильм" уәдесінде тұрды, олардың алты адамын фестивальге қонақ ретінде шақырып, барлық шығынын фестиваль өз мойнына алды. Онда фестивальдің негізгі конкурсына қатысу туралы әңгіме болған жоқ еді. Бірақ та, Еуразия фестивалі "Айрықша уақиғаға айналған фильм" деген марапат сыйлығын берді. Бар әңгіме осы ғана еді. Оны сан-саққа жүгіртіп, жала жауып, "Қазақфильмді" жерден алып, жерге салу - осындай көмек көрсеткендері үшін рақметі ме?!



Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.09.2010 16:09
+0 / -0
"ГҮЛБИКЕ" - режиссер Ершат ЯХФУ мен Бас продюсер, "Тянь-Шань" киностудиясының директоры Жанг Иганг қазақтар өмірінен жүрдім-бардым түсірген, белгілі бір саясат үшін түсірген Қытай фильмі. Жай бір этнографиялық деңгейде түсірілген туынды. Кино деп айтуға аузың бармайды. Қазақтың атын шығаратын фильм емес, қазақты ұятқа қалдыратын фильм! Кино тілі жоқ, кино бояуы жоқ. Телебағдарлама секілді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.09.2010 16:10
+0 / -0
Қызық!

"Гүлбике" деген тағы қандай шедевр, ол неге фестивальге қатыстырылмады, оған "Қазақфильмнің" не қатысы бар... Түсінбеймін.

Осылай жазған адамдар "Гүлбике" үшін қатты налып жүрсе, неге өзі бастама көтеріп, фильмді жарнамалаумен, фестивальге ұсынумен, прокатқа шығарумен айналыспады екен?

Әр кинотеатр - қазір жеке меншік! Қазақфильмді тыңдайды екен саған!

Кімнен: Болат Қайдан: Алматы
28.09.2010 16:25
+0 / -0
Фестивальдің мақсаты – Орта Азия және түркі тілдес халықтар киносын көрсету болды. Сондықтан Қытай атынан қатысқан «Гүлбике» фильмі конкурсқа қатысатын болса, онда фестивалдің негізгі мақсатынан ауытқып кетер еді, – деді,«Еуразия» кино фест…ивалінің арт-директоры Гүлнәр Әбікеева.
..........................................................
Мүмкін ол, фестиваль РЕСЕЙДЕ өтіп жатыр деп шатастырып алған шығар... (В номинации “лучшая женская роль” победила российская актриса Дарья Горшкалева за роль в фильме “Гастарбайтер”,В номинации “новое имя в кино” лучшей стала актриса из Татарстана Разида Хадиулина за фильм “Бибинур”.)

Кімнен: Анар
28.09.2010 16:40
+0 / -0
"Евразия" фестивалінің аясында көрсетілген фильмдердің көбісін көріп үлгердім. Менің ойымша фестиваль әдил өтті. Жоғары бағалаған фильмдерім жүлделі орындар алды. Туыстыққа, таныстыққа салынбай нағыз өнер туындыларын бағалай білгендерінізге рахмет.

Кімнен: Бекболат
28.09.2010 17:04
+0 / -0
Биылғы фестиваль өте қызықты өтті. Негізгі міндеті мен максатын өте жоғарығы деңгейде орындап шықты. Осы жылы фильмдерді көру де ыңғайлы болды, Әр кинотятырға ушып-конбай бир жерде көруге жағдай жасалынды. Және, фильмдер жайлы мағлұмат алу да қыйынға соқпады. Осы үшін ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. )

Кімнен: Мұңалжары Қайдан: Жылойдан
28.09.2010 17:57
+0 / -0
Осы қытайда түсірілген киноларды біздегідей торрент-трекерлермен алуға болады ма екен, "Азаттық" журналистері? Мүмкін, осында оқып жатқан қытайлық студент-қазақтар не біледі екен? Кинотеатрларда көрсетілмесе, и-нет арқылы он-лайн не болмас, көшіріп қарайын дейміз ғой. Білетіндерің болса, осы жерге жазып кетсеңіздер!

Кімнен: Мақсат Қайдан: Қытай
28.09.2010 18:57
+0 / -0
"Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
28.09.2010 15:30 Сіздің бұған қосарыңызҚұрметті Мақсат Қадірхан! Сізбен ақылдасатын арнайы шығармашылық жоспар бар еді..электрондық адресіңізді осы жерге қалдыра аласыз ба?" дегенді жазушыға менің адресім sjanbolat@yahoo.com.Рахмет!

Кімнен: Nurlan.JASTABAN Қайдан: Urimji
28.09.2010 20:24
+0 / -0
Otkende altayda kynoxanada korgenmin , jaman emes ...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.09.2010 21:09
+0 / -0
Біріншіден, Мақсат Қадірхан мырза Еуразия кинофестиваліне қатысқысы келсе, ешкімнен сұрамай, фестивальдің ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНА "DHL" немесе басқа да пошта түрімен жіберуі қажет еді. Оны істемеді, енді кімнен көреді? Екіншіден, о баста Қазақфильммен ТҰСАУКЕСЕР туралы ғана келісіп, әрі киностудия уәдесін орындап, оларды шығындалып шақырып, фестиваль аясында тұсаукесерін жасап беріп жатса, сонда - енді мені ЖЕҢІМПАЗ деп таныңдар дегені - не сұмдық? ҰЯТ ҚАЙДА, РАҚМЕТІ ҚАЙДА, НАМЫСЫ ҚАЙДА? Елді неге адастырады? Неге әуел бастан не болғанын айтпайды? Мұндай серіктестікпен енді кім жұмыс істейді?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.09.2010 21:16
+0 / -0
Мақсат Қадірхан мырза, мынауыңыз ұят болған екен...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.09.2010 21:19
+0 / -0
Сонда не, қазақтың басқа киносы тоқалдыкі ме? Бәйгеге іліну мен бәйгеде шабудың шарты біреу, талап тең, әділ болуы тиіс. Мен Қытайдан келдім екен деп сонда бас бәйге сұраймын ба?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.09.2010 21:25
+0 / -0
Автор режиссер Ершат ЯХФУ мен Бас продюсер, "Тянь-Шань" киностудиясының директоры Жанг И Ганг фильміне неге жақтасып отыр, түсініксіз? Қытай түрлі аз ұлттарға кешегі Кеңес Одағы тәрізді айына-жылына бір-бір фильмнен түсіріп береді. (Ал өздері жайлы жүздеген фильм түсіреді). Тәуелсіздік туралы ойланбасын деп. Сондықтан, ол фильмдер тек этнографиялық тұрғыдағы кинотуындылар ғана болып қалады. Онда ел мұраты, қазақ мүддесі айтылмайды. "ГҮЛБИКЕ" - қазақ мүддесінен шығатын фильм емес.

Кімнен: balgalym Қайдан: Taraz
29.09.2010 03:46
+0 / -0
Блокбастерлер түсіріңдерсей, болмаса Такеши сияқты түсіріңдер анассс деп тұрып! Қазақ деп! Еркек деп! Қатынын бір теуіп! Щещеңң деп!
Әйтпесе тек қана мылжың.

Кімнен: Тағы
29.09.2010 03:48
+0 / -0
Келін мысалыға қызық болды кішкене. Нағыз Қазақи болды. Блмим басқа қандай қазақша кинолар бар??? Қайдан көрсе болад дым жоқ, ақпарат аз.

Кімнен: Arman Қайдан: Actana
29.09.2010 15:24
+0 / -0
«Еуразия» кинофестивалінің өткеніне ешкімнің таласы жоқ, қайта ондай фестивалдердің болғаны біз үшін үлкен сабақ.
ал негізгі сөзге келсек мұнда Мақсат мырзаның "Қазақ филімді" жамандап отырған ештеңесі жоқ сияқты тек ол кісінің осы фесивалға Қытайдан келгені үшін «Гүлбике» фильмінің қатыспағанына өкпелі екенін есі бар адамға белгілі болып тұр ғой.
жалпы бұл фесивал Түркі халықтарының арасындағы фестивал ма әлде Түркі мемілекеттері арасындағы фесивал ма? осы жағы түсініксіз... Мақсат бауырым сіз ренжімеңіз!! қалай болғандада филімнің бағасын "Қазақ филім" емес "халық" береді ғой егер жақсы болып жатса халық соны қалайды, соны қызықтап көреді..
Ал мына сайттағы жарыса шауілдеген иттей болған быраз ақымақ кісілердің сөздерінен титтейде ұлттық сана мен рухтың аздығы мен мұндалайды. Біз мына Қазақ деген үлкен мемілекетте тұрып Қазақи ұлттық санада, Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен саналы салт-санасын жырлайтын бір "оңған филім" жасай алмадыңдар сонда сендерді кім дейміз? сондағы сендердің кино тілі бар кино бояуы бар филімдерің "Келін", "Қайрат шемпион" т.б лар ма? соларды Қазақ халқының мұраты, тілегі дейміз бе? адам көрмек түгіл естігеннен үяласың біздің "Қазақ филім" нің қазіргі түсірген кинолорын дейді үлкендер осы ма кино түсірдік деп қанша қаржыны жұмсағандарың? "Көшпенділер" де қандай оңбаған жаман үятсыз қылықтар бар сол ма Қазақ халқының мұраты????
Қайта шет елде тұрсада кішкентай ғана қазақтар ұлтына адал, мықты екен!!! Мақсат мырзаға ұят болған жоқ бізге үят болды сонша жерден Қазақ еліме келдім бір көмегі болар, фестивалға қатысам деп үміттеніп келгенде " бұл қытайдың филімі" деп қатыстырмау ең үлкен ұят іс қой...
Рахмет Мақсат мырза "Қазақ филім" Қазақ ұлтын Қазақи киномен өз елінде тұрып сусындата алмаса, шетте жүрседе бізді таза Қазақи ұлттық киномен қуантқан Мақсат мырзаға мың алғыс!! Алла сіздің бағыңызды ащсын!!! Торчествалық табыс тілейймін!!!!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл