Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 12:58


АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Freedom House Қазақстанды баспасөзі «еркін емес» ел деп атады

Freedom House («Фридом Хауз») ұйымының 2012 жылғы баспасөз еркіндігін бағалаған жылдық есебінде Қазақстан бір сатыға төмендеп, ақпарат құралдары «еркін емес» елдер қатарында аталды. Қазақстан бұл тізімде постсоветтік Беларусь, Өзбекстан және Түркіменстанның алдында тұр.

Freedom House баяндамаларының бірі. (Көрнекі сурет).
Freedom House баяндамаларының бірі. (Көрнекі сурет).
Мәтін көлемі - +
1980 жылдардан бері ақпарат құралдарының еркіндігі мен тәуелсіздігін зерттеп келе жатқан Freedom House ұйымының 2011 жылғы баспасөз ахуалы жайлы ғаламдық зерттеуі 197 мемлекет пен аймақта жүргізілген. Биыл ұйым зерттеуіне жаңа мемлекет – Оңтүстік Судан да енді.

«АРАБ ЕЛДЕРІНДЕ БАСПАСӨЗ ЕРКІНДІГІ ДАМИ БАСТАДЫ»

Әлемнің әрбір еліндегі баспасөз еркіндігін бағалау хабар тарату, интернет еркіндігі мен басылым төңірегіндегі жағдайлар, оқиғаларды сараптау арқылы жасалады. Ол ақпарат құралдары жұмыс істейтін құқықтық ортаны, ақпарат алу мен хабар таратуға әсер ететін саяси ықпалды, жаңалық тарату мен контентке жасалатын экономикалық қысымды анықтайды.

Ұйымның есебінше, әлемдегі 66 мемлекетте баспасөз «еркін», 72-сінде «жартылай еркін», ал Қазақстанды қоса есептегенде 59 елде баспасөз «еркін емес».

2011 жылғы есепте 68 ел «еркін», 65-і «жартылай еркін», 63 мемлекет «еркін емес» 
Freedom House өкілі Кристофер Уолкер. Вашингтон, 10 мамыр 2010 жыл.Freedom House өкілі Кристофер Уолкер. Вашингтон, 10 мамыр 2010 жыл.
x
Freedom House өкілі Кристофер Уолкер. Вашингтон, 10 мамыр 2010 жыл.
Freedom House өкілі Кристофер Уолкер. Вашингтон, 10 мамыр 2010 жыл.
деп бағаланған еді.

Freedom House ұйымының биылғы мәліметіне қарағанда, Араб әлемінде баспасөз еркіндігі дами бастаған.

– Аймақтағы үш елде біраз даму бар. Оның ішінде жариялылыққа қарай ұмтылған Тунис пен Ливияда тарихи оқиғалар болды. Бұл тұста аймақтағы бірқатар елдерде – Иран, Сирия және Бахрейнде ақпарат құралдары күшпен басылып отыр,  – дейді ұйымның стратегия мен сараптама жөніндегі вице-президенті Кристофер Уолкер.

«ЖАҢАӨЗЕН МЕН МИТИНГ АЙТЫЛМАЙДЫ»

«Журналистер қауіп-қатерде» ұйымының президенті Розлана Таукинаның айтуынша, «Қазақстанда журналистерге қарсы шабуылдар мен қорқытып-үркітулер көбейе түскен».

– Әсіресе қатты қысымға тап болып отырған – елдегі саяси жағдай туралы кәдімгі 
«Журналистер қауіп-қатерде» ұйымының президенті Розлана Таукина. Алматы, 11 қаңтар 2011 жыл.«Журналистер қауіп-қатерде» ұйымының президенті Розлана Таукина. Алматы, 11 қаңтар 2011 жыл.
x
«Журналистер қауіп-қатерде» ұйымының президенті Розлана Таукина. Алматы, 11 қаңтар 2011 жыл.
«Журналистер қауіп-қатерде» ұйымының президенті Розлана Таукина. Алматы, 11 қаңтар 2011 жыл.
демократиялық хабарлар таратып, билікке оппонент болып жүрген жекелеген тәуелсіз ақпарат құралдары, – дейді ол.

Розлана Таукинаның айтуынша, «2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзендегі халыққа оқ атылғаны туралы хабарларды тек билікке бағынбайтын ақпарат құралдары ғана таратты. Қазір Жаңаөзен оқиғасы мен сот процесіне қатысты хабарлар беріп жатқан журналистер түрлі қысымдарға тап болды».

Ол Қазақстанның бірқатар қалаларында ай сайын өтіп келе жатқан билікке қарсы шаралар туралы «билікке жақын ақпарат құралдары ешқандай хабар таратпайтынын» айтады.

– Қазақстандағы үш мыңдай ақпарат құралдарының арасында екі-үш газет қана «Келіспейтіндер наразылығы» туралы жазып жатыр. Қалған 2 мың 995-і биліктің іс-шаралары мен саясатын насихаттаумен ғана шектеліп отыр. – деді ол Азаттыққа берген сұқбатында.

ЖУРНАЛИСКЕ ШАБУЫЛ

«Журналистер қауіп-қатерде» қорының президенті Розлана Таукина «елдегі сөз еркіндігінің жағдайы барған сайын ушығып бара жатқанын» айтады. «Оның бір дәлелі – қастандық шабуылына тап болып, өлім аузынан қалған журналист Лұқпан Ахмедьяровтың тағдыры бізді алаңдатып отыр» дейді ол.

– Журналистің өзі де, оның редакциядағы әріптестері де, журналистер құқын 
Журналист Лұқпан Ахмедияров Жаңаөзен оқиғасының жүз күндігіне орай өткен қарсылық шарасында тұр. Орал, 24 наурыз 2012 жыл.Журналист Лұқпан Ахмедияров Жаңаөзен оқиғасының жүз күндігіне орай өткен қарсылық шарасында тұр. Орал, 24 наурыз 2012 жыл.
x
Журналист Лұқпан Ахмедияров Жаңаөзен оқиғасының жүз күндігіне орай өткен қарсылық шарасында тұр. Орал, 24 наурыз 2012 жыл.
Журналист Лұқпан Ахмедияров Жаңаөзен оқиғасының жүз күндігіне орай өткен қарсылық шарасында тұр. Орал, 24 наурыз 2012 жыл.
қорғаушы біз де Ахмедьяровқа жасалған шабуылды оның кәсіби қызметімен байланыстырамыз, – дейді Розлана Таукина.

«Уральская неделя» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров өзіне жасалған шабуылға «Брат, сват, блат» атты мақаласы себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді.

«Журналистер қауіп-қатерде» қорының президенті Розлана Таукинаның ойынша,  «Лұқпан Ахмедьяров бұл мақалада жергілікті биліктегі кландық, рулық жақындықтарды, кімнің кіммен туыс екенін көрсеткен - ол билік өкілдеріне жақпаған».

Розлана Таукина «Қазақстан өзін зайырлы, демократиялық мемлекет деп жариялағандықтан демократиялық негіздер сақталуы тиіс, елде ақпарат алмасу мен сөз еркіндігі шектелмеуі керек» деп есептейді.

– Сөз еркіндігі болмай, ақпараттық кеңістіктен кез келген плюралистік БАҚ ығыстырылып отырса, оның соңы осындай қайғылы жағдайларға душар етеді, – дейді ол.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.05.2012 21:04
+0 / -0
+100500!

Кімнен: Сақып
01.05.2012 22:35
+0 / -0
Расында да Жаңаөзен туралы ресми баспасөз жарытып ештеңе айтпай жатыр. Жасасын Азаттық, Республика және К+

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.05.2012 22:56
+0 / -0
Осы бәрі бәле өзімізден деп ойлаймын,ең болмаса өзіміздің құқығымызды қорғай алмағасын, кімбіз біздер

Кімнен: Beken Қайдан: Almaty
01.05.2012 23:25
+0 / -0
Журналист болу қауіпті Қазақстанда, Лұқпаннан кейін мүлде қорқынышты. Періштесі бар екен, аман қалды әйтеуір.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
02.05.2012 10:12
+0 / -0
АҚШта немесе батыста олардың ауғанстан немесе ирактағы қырғынын айтып сынасаң түрмеде шірисің.

олар қандай сөз бостандығын айтып отыр?!?!
Пікір алмасу

Кімнен: Саят
02.05.2012 15:44
+0 / -0
Ара өзің бір керітарта екенсің, оған дәлелің бар ма? Әлде биліктің миға құйып тастағанымен, аузыңа келгенді айта бересің бе? Саған Қазақстандағы журналистерді өлімші етіп пышақтап кеткені жағады-ау деймін. Қандай намыссыз адамсың өзің?

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?