Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:05

БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Нұрсұлтан қалайша Айткен үшін жер бетіндегі ең тартымды адамға айналды

Британдық «Гардиан» газетінде Джонатан Айткеннің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітабына рецензия мақала жарияланды. Оның ауторы Питер Престон Айткеннің сөз болып отырған кітабы «пайғамбарлар қиссасы» жанрында жазылған әдебиетке көп ұқсап кеткенін айтады.

Джонатан Айткеннің «Назарбаев және Қазақстанның жаратылуы: коммунизмнен капитализмге қарай» атты кітабының мұқабасы.
x
Джонатан Айткеннің «Назарбаев және Қазақстанның жаратылуы: коммунизмнен капитализмге қарай» атты кітабының мұқабасы.
Мәтін көлемі - +
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АГИОГРАФИЯСЫ

Британияда жарық көретін «Гардиан» газетінің жексенбі күнгі санында «Қалай Нұрсұлтан Назарбаев жер жүзіндегі ең тартымды жанға айналды» деген тақырыппен мақала жариялапты. Онда Джонатан Айткеннің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазған кітабы сөз болады.

Бұл нағыз «пайғамбар қиссасы» деп атап көрсетеді мақала ауторы Питер Престон. Өзінің айтқанының шындық екендігін дәлелдеу үшін, кітап ауторы президенттің достарының ол жөніндегі оң пікіріне (немесе ол туралы теріс пікір айтудан қорқатын адамдардың орынды деуге келіңкіремейтін асыра дәріптеуіне) сүйенеді.

Жазылған кітап қудалаулар, жемқорлық немесе асып-тасып буырқанған ұлылық маниясы жөнінде ләм демейді. Дегенмен де, өн-бойында деректердің ботқа мен мидай араластырыла берілуіне қарамастан, бұл кітап көрікті етіп жасалған алдау болып табылады, тіпті бұл кітап әлемде осы жылы жазылған агиографиялар ішіндегі ең озаты деген баға алуға да лайық болар деп жазады Питер Престон Айткеннің еңбегі туралы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі жер ауқымды жөнінен 9 орын алатын әрі мұнайға ерекше бай елдің президенті екені белгілі. Неге ол өзі туралы айтылып жатқан пікірілерге қатысты немқұрайды қалуы тиіс деген сауал қояды Престон, «пи-ар» (жұртшылықпен байланыс) ұйымдастыру агенттерінің бұл істе мұрнынан шаншылып, қызу саудаға кірісіп кеткен биржа маклерлері тәрізді тер төгіп жүргені белгілі емес пе? Бұл бір үлкен жұмбақ мәселе дейді рецензия иесі.

Бірнеше жыл бұрын мен осындай Алматыдағы бір «пи-ар» акциясына бардым, ол журналистиканың дүйім жұртқа ортақ мәселелерін қарастыруға арналған болатын және онда Си-Эн-Эннің көпті көрген кәнігі қызметкерлері де қатысып отырды деп болған бір жайтты есіне алады мақала ауторы.

Бұл жерде Питер Престон медиа-форум туралы айтып отырған секілді. Ол жұмысына өзі мүше болған топ баспасөз еркіндігі тақырыбын қарастырғанын жазады – онда көршілес «-стан» (Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, т.б.) елдерінен келген бостандықшыл топтар өз ойларын жария түрде ел алдында жайып сап, ешбірі сын пікір айтуда сараңдық танытпаған.

Ал үкіметте қызмет атқаратын шенеуніктер болса, мұның бәріне назалана көз тастап, құлақ қоюға мәжбүр болған күйде отырды. Алайда мұның бәрінің осы әңгімеге қатыстылығы қанша деген орынды сұрақ туады деп сөзін ары жалғастырады «Гардиан» газетіндегі мақала ауторы.

НАЗАРБАЕВ – ПРЕЗИДЕНТТІК ТАҒЫНА ДЕЙІН КӨТЕРІЛЕ АЛҒАН ҚАРА ЖҰМЫСШЫ

Джонатан Айткен таба алмаған жауап мәні – ол Нұрсұлтан Назарбаевтың таңғажайып әрі таңғажайып түрде қарама-қайшылықтарға толы адам екендігінде. Назарбаев – хат танымайтын жарлы шопан баласы, одан кейін өзі білім алған мектептегі ең үздік оқушы, металлург - қара жұмысшы, совет империясының күні өшіп барып, құрыған кезінде жұлдызы жарқырай жанған коммунистік партия қайраткері.

Оның табиғи дарыны адам бойындағы жасампаз тіршілік күшін басып-жаншып, құрдымға жіберетін бюрократияның алып машинасының мың сан бөгетінен аттап өтіп, Қазақстан президентіне айналуына жол ашты. Совет Одағы құрамынан оның мемлекетінің өзі таңдаған жолмен кетуіне де мүмкіндік әперген Назарбаевтың нақ осы дарыны еді – бұған оның өз серіктестерімен осы жөнінде келісе алуы арқылы қол жеткізілген болатын деп жазады рецензия ауторы.

Одан соң әлі қанаты қатайып үлгірмеген, жас та тәуелсіз елінің жолындағы қаншама дағдарысты жеңуіне тура келді. Бойындағы табиғи дарыны Назарбаевқа Каспий істері бойынша «Шеврон», «Мобил» және тағы да бірқатар компаниялармен өз байланыстарын нығайтуға, Батыс елдері бағытында құбырлар салуға көмектесті әрі өз елін дүние жүзіндегі мұнай өнімдерін әлемдік нарыққа жеткізіп беретін ең ірі мемлекеттердің бірі ретінде жер жүзіне танымал етуге қолын жеткізді деп түсіндіреді Питер Престон.

Оның көп істерде жолы болды, себебі жасы жетіп, алжиын деген геронтократиялық партаппарат мүшелері ішіндегі ең үздігі әрі ең ақылдысы осы Назарбаев еді. Оның бойынан керемет жылпостық, шаршауды білмес еңбекқорлық, тамаша шешендік қасиеттерін табуға болады, арагідік орыс арағын да тартып жіберетіні бар деп баға береді Қазақстан президентіне Престон. Айткеннің кітабында Михаил Горбачев Назарбаевты «маңызды мәселелерді шешуде жүйелі жолмен, дұрыс шешім қабылдайды ... ТМД елдері жетекшілері ішінен өз елін (Совет Одағы күйрегендегі) дағдарыстан ең сәтті алып өткен басшы болды» деп суреттейді.

Ол Қазақстанның ядролық қару қорымен қош айтысу ісін терең сеніммен әрекеттене жүріп, тамаша түрде іс жүзіне асырды. Қытай және Ресеймен арадағы қатынастарды тәжірибелі саясаткер ретінде реттей білді. Нұрсұлтан Назарбаевқа өзі туралы оң «пиар» имиджін қалыптастыру немесе «ел мен жайлы не айтады екен ау» деп қайғы ойлап, қам жеудің қажеті аз, мұның бәріне жауап - оның істері, деп өз сөзін ары жалғайды Питер Престон.

Алайда, кітапты оқи отырып, осы жазылғанның бәріне қарамай, бір нәрсенің жетпей тұрғанын сезесің дейді Престон. Ол өзіне енді жол бастаушы - демократ, соншама көп ұлттың басын біріктіріп отырған елдің жебеуші-пірі, халқының өркениеттілік пен ұлтаралық үйлесімге қол жеткізуіне негіз жасаушы адам ретіндегі баға берілуін қалайды.

Ол өзінің Маргарет Тэтчермен де, Борис Ельцинмен де кездесулерін керемет бағалап, көңілі тойған қанағатпен есіне алады. «БАЕ» мен «Әл-Йамама» фирмаларымен арадағы келісім-шарттар уақытынан бері Айткенді білетін, Джонатанның бұрыннан келе жатқан досы, бүгінде «Самұрық – Қазына» мемлекеттік холдинг компаниясының төрағасы сэр Дик Эванс Айткенді қалай қуана қарсы алса, енді Қазақстан президенті де оны сондай жайдары көңілмен қарсы алады. Ал Самұрық – алтын жұмыртқалар салатын, қазақ аңыздарында сөз болатын киелі құстың аты болып саналады.

ҚАЗАҚСТАН БИЛІГІНІҢ БАСЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР БАРЫСЫНЫҢ СЫРЫН ТЕК МЕДИЧИЛАР ТҮСІНЕ АЛАДЫ

Жел болмаса шөптің басы бекерден бекер қимылдамайды. Президенттің бұрынғы күйеу баласы, бұрындары лаңкестікпен күрес тобына және салық полициясына басшы болған, елдегі ең ірі телеарнаны уысында ұстаған Рахат Әлиев аяқ астынан Нұрсұлтан Назарбаевтың кәріне ілігіп кетеді.

Рахат Әлиев Австриядағы елшілік қызметіне қуылады, оның маңайында қитұрқылығын Медичилер ғана түсіне алатын мемлекеттік төңкерістер, кісі өлімі, жемқорлыққа қатысты әрекет жасады деген шым-шытырық қауесеттер өрбиді.

Ал осы арада, кітап сюжеті, жастау кезінде орталық совет үкіметінің шөл даланың төсінде алып темір балқыту зауытын салам деген жоспарын сынаған Нұрсұлтан Назарбаевтың, енді қу медиен даланың нақ төріндегі жерде Қазақстанның жаңа астанасын тұрғызу жөніндегі шешім қабылдағанын баяндауға көшеді.

Айткен ахуалдың шымбайға батуы мүмкін шилі тұстарын аттап өтем деп қаламды бұрмалай сілтегендіктен, қаншама суреттемелердің басын біріктірген қисса желісін бір бүтін пошымға келтіре алмаған дейді Престон. Өз әңгімесін жаза отырып, бірде оның аузынан ағыл-тегіл мақтау төгілсе, енді бір қалтарыстарда ол ләм-мим демей, жым-жырт бұғып қалып кетіп отырады.

Ол адам таңғаралық, небір соны және ақылға симайтын қарама-қайшылықтарға толы Нұрсұлтан Назарбаевтың болмысын толықтай суреттеуге әлі жетпеген. Дегенмен де, Айткен өз әңгімесін ықшам сөзбен майын тамыза отырып жаза алғандықтан, осы еңбегі арқасында оның кітабы өзінің лайықты орнын да тапқан – ол орын бұл ғасырдың дипломатиялық бестселлерлері тұратын кітап сөрелері қатарында, деген сөздермен қорытындылапты Джонатан Айткеннің кітабына берген өз рецензиясын Питер Престон.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Қазақстан
21.07.2009 19:52
+0 / -0
НАМАЗДА ОҚЫЛАТЫН ТӘРТІП...

«Лә иләһә илләллаһ Мухаммадур Расулуллаһ»

«Сана»
Субхәнакаллаһумма уа бихамдика уа табаракасмука уа таъалә жаддука уа лә иләһа ғойрук

Аъузу билләһи минәш-шайтониррожим

Фатиха сүресі

Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим
Әлхәмду лилләәһи роббиль ъааләмиин
Әр-рохмәәнир-рохиим
Мәәлики яумиддиин
Ийәәкә нәъбуду уә ийәәка нәстәъиин
Иһдинәс-сыроотоль-мустәқиим
Сироотолләзиинә әнъамтә ъалейһим ғщйриль мағдууби ъаләйһим уәләддооооллиин (Әмин)

Ыхлас сүресі
Бисмилләәһир рахмәәнир рахиим
Куль һуаллааһу әхаді
Аллаһуссомәді
Ләм ялид уа ләм ююләді
Уа ләм якулләһуу куфу-ән ахаді

Фәлақ сүресі
Бисмилләәһир рахмәәнир рахиим
Куль аъуузу бироббиль фәләқ
Миң шәрри мәә халәқ
Уа миң шәррин ғаасиқин изәә уақаб
Уа миң шәррин нәффәәсәәти филь ъуақаді
Уа миң шәрри хәәсидин изәә хәсәді

Нәс сүресі
Бисмилләәһир рахмәәнир рахиим
Куль аъуузу бироббин-нәәс
Мәликин-нәәс
Иләәһин- нәәс
Миң шәрриль уәсуәсиль хоннәәс
Әлләзи иуас уису фии судуррин- нәәс
Минәль джиннәти уәннәәс

Кәусәр сүресі
Иннәә фътойнакәл-кәусәр
Фасолли лироббика уәнхар
Инна шә’ ниәка һуәл әбтар

Аср сүресі
Уал-ъаср, иннәл иңсәәна ләфии хуср, Илләлләзиина әәману уа
Ъамилуссоолихаати уатәуаасоу биль- хаққи, уатәәуаа соу бис-собр

Ташаһһуд
Әттәхияяту лилләәһи уассоләуәту уаттойибәәт
Әссәләму ъаләйка айюхәннәбийю уа рахмәтуллааһи уа баракәәтуһу, Әссәләму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соолихин
Әшһәду әлләә иләһә илләллаһу уа ашһәду әннә Мухаммәдән ъабдуһу уа расуулуһу
Салауат дұғасы
Аллаһуммә солли ъалә Мухаммәдин уаъалә әәли Мухаммәдин камә солләйтә ъалә Иброоһима уа ъалә әәли Иброхим иннәкә хамидун мәджид
Аллһуммә бәррик ъалә Мухаммәдин уа ъалә әәли Мухаммәдин камә бәәроктә ъалә Иброһимә уа ъалә Иброһим иннәкә маджид

«Кунут»
Аллаһуммә иннаа настаъинукс уа настағфирука уа настаһдика уа ну’минубика уа натуубу иләка уа натауаккалу ъаләйка уа нусни ъалайкал-хойро кулләһу нашкурука уа лә накфурука уа нахлаъу уа натруку мәә яфжурук
Аллахумма ийәка наъбуду уа ләка нусолли уа насжуду уа иләйка насъа уа нахфиду наржу рохмәтак уа нахшә ъазәәбәка бил-куффаари мулхуқ

Рукуғта – 3 рет: Субхана роббиәл-ъазим
Бас котергенде: Самиъаллаһу лимән хамидәһ
Тік тұрып: Роббәна ләкәл хамд
Сәждеде – 3 рет Субхана роббиәл-аъла

Бес уақыт намаз рәкағаттары
НАМАЗ
СҮННӘТ НАМАЗЫ
ПАРЫЗ НАМАЗЫ
СҮННӘТ НАМАЗЫ
ТАҢ
2
2

БЕСІН
4
4
2
АСЫР

4

ШАМ

3
2
ҚҰПТАН

4
2 + 3 Үтір уәжіп

Кімнен: Асыл
21.07.2009 20:18
+0 / -0
ағылшын өзіне тән мысқылмен түйреген-ақ екен сабазыңды

Кімнен: Иманды адам Қайдан: Қазақ елі
21.07.2009 22:13
+0 / -0
Намаз тәртібі мен Құран сүрелерінің бұл мақалаға қандай қатысы бар. Әркім ойына алғанын жаза берсе форумның өзі қоқыс жәшігі болмай ма? Мына Айша деген келіннің ақылы ауысқан емес пе деген ойға қаласың.

Кімнен: Инквизитор
21.07.2009 22:13
+0 / -0
Мына бир айша деген киели куран сурелерин абден корлап болды-ау
бул дин уагыздайтын жер емес кой, жексурын! Не айткын келди мунынмен?Намаздын назарбаевка кандай катысы бар бул жерде?

Кімнен: Пенде Қайдан: Астана
22.07.2009 08:38
+0 / -0
Абішкеліні дегенге ман берсеніздерші.......

Кімнен: Adai Қайдан: Aktau
22.07.2009 11:17
+0 / -0
It uredi ,keruen koshedi deidi zhane Baital shauyp baige almas deidi,auzyna kelgenin aita bersin.Tek kana atyna tirkelgen uly KAZHY sozin kor kylmai alyp tastau kerek onyn..NAN ketken uakytta bular da k...terin kysady..Aram akshaga Kazhy bolyp zhurgender goi bular..

Кімнен: Әбіш
22.07.2009 14:19
+0 / -0
Ау Айша келін саған не болған, менің баламды мақтаудың орнына, лағып кетіпсің ғой, бұның болмаған екен келінжан.Бұның алдын алып, сені бақсы, балгерге апарып ем-домын жасатпасам болмас.

Кімнен: Жасөспірім
22.07.2009 14:24
+0 / -0
Көке самолеттің терезесінен қарап отырсыз ба? сатылмаған енді қай жер қалды деп.Бірақ сататын жердің бәрі бітті ау деп ойлаймын, бізге сонда не қалады Көкетай.

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
22.07.2009 17:50
+0 / -0
Енді Нұрекеңді пайғамбар ету ғана қалған сияқты.

Кімнен: шынар Қайдан: ақш
22.07.2009 21:34
+0 / -0
Дәл осы газетте жарияланған Аткинстің кім екені, қандай қылмысты істерге қатысты екені туралы мақалаларды да аударып жарияласаңыздар тіпті жақсы болар еді (guardian.co.uk, Thursday 4 March 1999 16.14 GMT Jonathan Aitken: a timeline) НАН ға ақыл берушілер оны тағы қатырды,барып тұрған алаяқ деген репутациясы бар адамға қанша ақша төледі екен? Негізінде мақаланың авторы айтқан жанр "житие святых".

Кімнен: Жынды
23.07.2009 03:35
+0 / -0
Кімнен: Пенде Қайдан: Астана 22.07.2009 08:38 Абішкеліні дегенге ман берсеніздерші.......
---------------------------
Уа, мейли шайтаннын келини болса да

Кімнен: agent kazakh Қайдан: mongolia
25.07.2009 00:14
+0 / -0
bul britan shpioni .kazakhtar sak bolindar.this english bastard spying us

Кімнен: Келин емес,почти кемп1р Қайдан: ауыл
25.07.2009 20:34
+0 / -0
Ойбай-ау, балдар-ау, тус1нбед1к кой. Ышпион к1м, Абишкелин бе? Онда ол спесиалны жынды болып ортамызга к1р1п алган гой! Жындысы бар, жынды емес1 бар осы тукым туб1м1зге жетер ме екен?! Сосын балдар-ау, айтындаршы, казак арп1н калай, кайт1п шыгарып аласындар.Компутурдег1н1 айтып отырмын. Ермек болсын деп ала койып ем, батшагарда казак ар1п1 жок екен.

Кімнен: Мешітбай Қайдан: Қазақстан
02.08.2009 22:53
+0 / -0

Қабыл болғай Меккедегі дұғаңыз,
Мединеде сәжде қылған Нұр Абыз!
Бес уақыт намазыңнан таралған
Тіршіліктің тамырлары ...Нұр Абыз!
Айша ақынның тақпағы мен шатпағының сиқы осы.Нұр Абыз мешітке ғана сәжде қылмайды, шіркеуде шоқынады, синагогта мәз болып жүреді.Питер соны неге жазбады екен.

Кімнен: Қазақ
02.08.2009 23:42
+0 / -0
Бұл ұят екен. Жібі түзу сөз айтқанды іске алғысыз етіп сөгіп, адамгершілігіне, жеке басына қорлау сөздерін қалай ғана дәттеріңіз барып жазып жатырсыздар, мырзалар? Айша хажы Әбішкеліні деген адам ең алдымен Қазақ келіндерінің жолын ашуға талпынып отырған жоқ па? Баяғыдағы кгбнің шетелдің тыңшысы деп жала жауып, ұнамсыздарды үштік сотымен атып тастай беретіні сияқты намаз оқы, Аллаға құлшылық ет, Елдің арасына ірткі салма деген Айша апаны жерден алып, жерге салып жатқандарыңыз кісілікке жатар ма екен? Оны қойып, киелі адамның, Әбіш Атаның аруағын қозғағандарыңыз адамгершілікке жанаспайды. Аруағы ұрса жағдайларыңыз қиын болады, жалақор жазғыштар.

Кімнен: Гүлжан Медеуова Қайдан: Шамалған
03.08.2009 00:21
+0 / -0
Не чабан адам емес пе? Өзің кімнің баласысың? Өзің не жақсылық жасапсың? Сөйлемейтін сөзді сөйлейтін, аузына келгенді оттайтындарға модератор неге ерік беріп қойған? Чабанды, шаруа адамын адам орнына санамаған адам ол өмір бойы дайын дүниеде өмір сүрген адам. Иә болмаса бейнет көрмеген, басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ дегендей бір шенеуніктің отбасында бұлғақтап өскен адам. Нұрсұлтан өз еңбегімен оқып та, ата анасына көмектесіп те жүрген, жас кезінен ешқандай еңбектен бас тартпаған, қатарының алды, озат оқушы болған. Чабанның баласы болса да ол анадан туған ғой, оған қасиет ананың ақ сүтімен, анасынан дарыған. Анасы, Әжесі халыққа қызмет жасаған адамдар, ал Сіздің анаңыз мынандай сөзіңізден кейін белгілі болғаны Сізді дұрыс тәрбиелемеген, адам сыйлауға үйретпеген. Ақсүйекпіз деп кеуделерін керген мықтылар кезінде елін, жерін тастап шетелге кеткен, күн шыққан жаққа қашып, ал бұл кісілер елінде, жерінде қалып, мал бақса да адал еңбектерімен балаларын жеткізген, өздері сияқты чабан болмасын деп...Ал Айшада шаруаларың болмасын, қолдарыңнан келсе халқыңа Айшадай қызмет жасап көріңдер!