Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:08

ӘЛЕМ

Хиджабтан бас тартуы ирандық журналист әйелдің тағдырын өзгертті

Ирандық белгілі журналист, әйелдер құқығын қорғаушы Фариба Давуди Мохаджер хиджабты 13 жасынан кие бастаған. 25 жылдан кейін ол өз елінде әйелдерді шектейтін бұл киіммен тек қоғамдық ортада ғана жүруге бел байлаған. Қазір АҚШ-та тұратын Давуди Мохаджер «Азат Еуропа/Азаттық» радиосына сұқбат берген еді.

Ирандық журналист әрі әйелдер құқығын қорғаушы Фариба Давуди Мохаджер. Теһран қаласы.
x
Ирандық журналист әрі әйелдер құқығын қорғаушы Фариба Давуди Мохаджер. Теһран қаласы.
Мәтін көлемі - +


ОРАМАЛДАН БАС ТАРТУ

25 жыл бойы хиджаб киген ирандық әйел құқығын қорғаушы әрі журналист Фариба Давуди Мохаджер 2006 жылдың қысында өзінің бас орамалын теңізге лақтырып тастаған.

Ирландияда өткен бұл күннің әрбір сәті оның есінде сақталып қалыпты. Фариба бірнеше сағат бойы Дублиндегі теңіз жағасында жаяулап жүріп, хиджабын біржола қалай шешіп тастау керектігін ойластырып, толқынға ағып кеткен орамалынсыз өзінің қалай көрінетіндігін көзге
Бір сәт мен бұл әлемде шашыңның самал желді сезінгенінен үлкен ләззат жоқ екен деп түсіндім.
елестетумен болғанын айтады.

Оның есінде тіпті бірінші рет самал желді шашының қалай сезінгені қалған.

«Бір сәт мен бұл әлемде шашыңның самал желді сезінгенінен үлкен ләззат жоқ екен деп түсіндім».

13 жасынан хиджаб киген Фарибаға Ирандағы ислам заңдары бойынша бұл киім үлгісі шектеу мен әділетсіздік нышаны сияқты көрінді.

1979 жылғы Ислам төңкерісінен кейін иран әйелдері үшін хиджаб кию міндетті болды. Бұл мемлекеттік киім үлгісін кимеген мыңдаған әйел қамауға алынып, хиджаб киюге келіспегендерін оқшауландырып тәрбиелеген.

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ АДАМ

Иранда шариғат заңдары бойынша соңғы 31 жылда әйелдерге екінші деңгейдегі мәртебе берілген. Әйел қауымы бір жаққа шығатын болса, әкесінен немесе күйеуінен рұқсат алу керек.

Сотта әйелдердің куәлік жасауының салмағы ерлердің куәлігінің жартысын ғана құрайды. Олардың ажырасу құқығы ер адамдармен тең
Мен хиджабты әйелдерге қарсы оларды бақылауда ұстау үшін әрі қуғындауға қолданылып келе жатқан құрал ретінде көрдім. Сол себепті мен оны енді бұдан былай кимеуге бел будым.
емес.

Хиджабын тастаған Фариба Давуди Мохаджер өзінің иран үкіметінің қоғамдық бұғауынан босағандай сезінгенін айтады:

«Мен хиджабты әйелдерге қарсы оларды бақылауда ұстау үшін әрі қуғындауға қолданылып келе жатқан құрал ретінде көрдім. Сол себепті мен оны енді бұдан былай кимеуге бел будым».

Фариба Давуди Мохаджер еркін отбасында туып-өскен. Бірақ ол 1979 жылғы Иран төңкерісінен кейін хиджаб киюге шешім қабылдап, осылай киініп жүрсе қоғамдағы орны да жақсы болады деп сенген.

«Мен үгіт-насихаттарға байланысты осылай ойладым. Сондай-ақ, мен оқыған кітаптар маған хиджаб қоғамда тиіспеушілік иммунитетін береді деп келді. Онда ерлер еліктірмейтіндей киіну керек, олар күнәға батпауы тиіс деп айтылатын. Сосын мен ондайға жол бермеу менің жауапкершілігім деп ойлағам».

ТЕҢДІК ҮШІН КҮРЕС

Бірақ кейін Давуди Мохаджер иран жетекшілігі айтқандай, өзіне шынында да хиджаб қандайда бір иммунитет бере ме, әйелдің мәртебесін көтере ме деген сауал қоя бастаған. Осыдан барып Фариба не себепті Иран ислам республикасында ажырасу, мұрагерлікті иелену және басқа да мәселелерде әйелдердің ерлермен құқығы тең емес деген сұраққа жауап іздегенін айтады.

Осы тұрғыда ол әйелдер құқығы мен адам құқықтарының бұзылуы жайында қоғамдық басылымдарда мәселелер көтеріп, университеттерде сөз сөйлеген.

Осы әрекеттері үшін, оппозициялық аятолла Хоссейн Али Монтазериге қолдау танытқаны үшін Давуди Мохаджер 2001 жылы қамауға алынды.

Ислам төңкерісі сақшыларының бақылауындағы қауіпсіздік түрмесіне 40 күнге жабылған кезде оны ұрып-соққан. Сол кезде киіп жүрген паранжысы ештеңеден қорғай алмайтынын түсінген.

Мұндай жағдайлар Давуди Мохаджерді бұрынғыдан да ашық сөйлеуге итермеледі. Ол әйелдер құқығын қорғайтын қозғалыстармен тығыз араласып, әйелдерді шектейтін заңға қарсы бір миллион дауыс жинау науқанын құруға атсалысты.

Ол әйелдер құқын қолдайтын көптеген шерулерге қатысқаны үшін 2006 жылы тағы қамалды.

ХИДЖАБ ШЕШУ

Қамауда болған Давуди Мохаджер кепіл ақшаға босатылған бірнеше айдан кейін Дублинге барып, сол жерде хиджабын суға тастады. Содан кейін АҚШ-қа қоныс аударып, парсы тілінде хабар тарататын телеарнада орамалмен шығып тұрған. Фариба өзінің хиджаб кимесе, абдырап, ыңғайсызданатынын, қоғам қалыптастырған бұғаудан шыға алмай жүргенін айтады.

Бірақ «Америка даусы» телеарнасының парсы тіліндегі тікелей бағдарламасына қатысып отырған кезде, жүргізушінің “неге сіз бізге келгенде жалаң бас келіп, эфир басталғанда басыңызға орамал салдыңыз?” деген сұрағына ол “камераның алдында орамалымды шешуге бола ма?” деп жауап берген. Бұл бағдарлама кезінде Фариба өте сабырлы болып көрінгенімен, іштей алай-дүлей күйге түсіп, қызуы көтерілгенін айтқан.

Осы тікелей эфир хабары кезінде Фариба телекамера алдында хиджабын шешіп тастады.

Фариба Мохаджер тікелей толқында орамалын алып тастаған сәт ирандық вебсайттарға шығып, Facebook сияқты сайттар арқылы
Фариба Мохаджер хиджаб кием деген әйелдердің таңдауын сыйлайтынын айта келе, оларға таңдау берілуі керек деп санайды.
тараған. Сосын оған көптеген хаттар келген, бірі оны айыптаса, басқалары оның әрекетін мадақтаған.

Иран билігі оның іс-әрекетін бірден сынға алып, Фарибаны азғын, бұзылған деп айыптады. Иран мемлекеттік телеарнасы Давуди Мохаджерді “Батыстың құралына айналып, нағыз жүзін көрсетті” деген.

Өз кезегінде Фариба Мохаджер хиджаб кием деген әйелдердің таңдауын сыйлайтынын айта келе, оларға таңдау берілуі керек деп санайды. Ол дінде мәжбүрлеу жоқ деп Құранда айтылған дей келе, өз елі әйелдерге хиджабты күшпен кигізіп, Исламға қарсы әрекет етіп келеді деді.

ХИДЖАБҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР

Бұл арада Франция парламентінің төменгі палатасы қоғамдық ортада бұрқа киюге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Бұл заңды қолдаушылар мұсылман киімі Францияның зайырлы қоғамына қарама-қайшы келетінін әрі қауіпсіздікке қатер төндіретінін айтады. Заңға қарсылық танытушылар ол адамдардың жеке құқығын бұзып, Конституцияға қайшы келеді дейді. Егер заңды Сенат мақұлдаса, Франция бұрқаға тыйым салған Бельгиядан кейінгі екінші еуропалық ел болады. Сенат бұл заң жобасын биыл күзде қарамақшы.

Ол заңға сәйкес, оны бұзғандарға 185 доллар айыппұл салынады. Әйел адамға бұрқа киюді мәжбүрлеген отбасы мүшелері бір жылға түрмеге жабылып, 38 мың доллар айыппұл төлейді. Егер кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға бұрқаны күшпен кигізгендер болса, жоғарыда айтылған айыппұл мен жазалау екі еселенеді.

Франция Батыс Еуропадағы мұсылман қауымдастығы ең көп ел болып табылады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Жаяу Мұса
27.07.2010 12:57
+0 / -0
Біреулер хиджаптан құтыла алмай шер болып жүрсе, біз хиджапқа "жете" алмай "қор" болып жүрміз. Қазақты ортағасырлық заманға қарай сүйреп жүрген "діншілдеріміз" орта ғасырдың өзінде-ақ хиджапты "айналып өткен" өз тегіне қарағанда ақылдары әлдеқайда шолақ болып шықты. Абай айтпақшы "өзге жұрт прогреске ұмтылса, қазақтың жұрты регресске қарай ұмтылады". "Өлетін бала молаға қарай жүгіреді" деп өзімізді-өзіміз мазақ етіп отырмыз...
Жалпы, бұл сұрақ "әйел баласының абыройын қорғауы" мәселесінен туындайды. Ауған, Иран, араб елдерінің бірқатарында, мынау көрші өзбектерде әйел мәселесі ең басты орында. Сол себепті де қоғамдық санада "қатынжандылық" басым. Сананы сезім билеген жерде қазақы қалыптағы "қыз", "келіншек", жеңге", "қайынсіңлі", "әйел", "бәйбіше", "ана", "әже", "апа", "әкпе", "қарындас", "абысын" т.т. еркіндікке негізделген ұғымдардың мағынасы жоғарыда айтылған "қатынжандылықпен" ластануда. Сөйтіп, қазақтың аса қадірлі, кіршіксіз таза аппақ ұғымына дақ түсірудеміз. Соған сәйкес, қазіргі "қатынжанды" қазақ та еркек емес - нағыз АЙҒЫР болуы тиіс. Ақыл-есі есектің артында кеткен әлдекімдер сияқты...
Пікір алмасу

Кімнен: Шорманнын Мұстафасы Қайдан: сары арқа
27.07.2010 15:50
+0 / -0
Һижап киюды" орта ғасырлық "мадениет,ал "к...ашып күлін шашуды"прогресс деп ойлайтын бүгіннің жаяу Мұсаларына баба салты емес,қыздардың "еркіндікке "ұмтылып Сайын көшесінде вогзалда ,жане Қошақар ата өзені...ТБ жерлерде еркін "сауда" жасап тұрғаны ұнайды.себебі сол қыздардың "шылуына,шашылуына"жаяу жане атты Мұсалар мүделі.көбінесе клиенты болады.көп қатын алу "қатын жандылық" болып ол көне сана болады да !ал кім көрінгенге көз сүзетін "айғырлық"саналады.со
сорлы Жаяу Мұса!сен сыяқты не аузына не артына ие бола алмайтындардың кесірінен қазақтың қыздары азғындап ,жігіттері ұсақталып бара жатқан жоқпа?қоғам "тырдай жалаңаш"тықты қойып бір уақ абирын жапса жаманба?бабаларымыз"жаппаған,кіимеген"дейтіндей тарихты қайдан оқыдың?алде сенің арғы аталарың үстіне лыпа ілмей жапырақ жамылып жүріппе еді?қазақтың қыздары да қатындары да дал қаіргі Һижаптай болмасада ұлттық түске ие жабық ким кмген еді ғой!ал енді бұл күндері .....
ай сорлы жаяу Мұса ай!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
кедей кердең болады деген осы да!құдайын да көзге ілмеген...
Пікір алмасу

Кімнен: Жаяу Мұса
27.07.2010 19:45
+0 / -0
Сондай жағдайдың туып отырғанына діннің еш қатысы жоқ. Хиджап та құтқармайды. Ол үшін қазақы тәрбиең мен дүниетанымыңды қалпына келтір. Ал елді азғындатып жатқан сен сияқты зорлықшыл-ұрлықшыл Мұстафалардың арам ақшасы. Қазақ әйел баласын мен айтқандай "келінді - келін", "қызды - қыз" деп құрметтеуді қалпына келтірмейінше, сенің дәуренің жүргені-жүрген, амал нешік!Жылтыратып доллар көрсетіп, хиджаптың астында-ақ "шаруаңды" бітіріп жүрсің найсап! Хидажап дегенің де "ныспыны жауып жүр" деген сөз болса, "жауып жүрмесең менің ойым бұзылып бітті!" демексің ғой, көзі мен санасын ныспы жаулап алған сорлы Мұстафа! Сенің ойың ешқашанда түзу болып көрген емес, бейшара... Оны қара жер ғана түзете алар!
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан А Қайдан: алматы
27.07.2010 22:52
+0 / -0
Жаяу Мұса!
Сенің комменттнеріңді оқыдым, сараптадым, ой елегінен өткіздім! Комменттерің қандай болса, сенің өмірлік ұстанымың да сондай! Яғни өзің сондайларға әуессің, ешбір мұсылмандығың да, қазақтығың да жоқ!
Саған қояр диагнозым: Ислам дінінің - қас жауысың! Не намазың жоқ, не оразаң жоқ, не калимаң жоқ, өзіңше жүрген жүрегі "таза" адамсың! Көрмегеніңді көрдім деп, естімегеніңді естідім деп, жүретін Мұсасың, осындайларды айтып ап басқаларға құсасың! !
Тәубеңе кел Мұса!
Нағыз еркек болып, мұсылмандарға ұқса!
Мұсылманға ұқсағың келмесе,
Ең болмағанда мәдениеті бар қазаққа ұқса!
Қазаққа ұқсағың келмесе,
Ең болмағалы адамға ұқса!
Мәдениеті бар адамға ұқсағың келмесе,
Онда білмеймін,
Сені тура жолға қоюшы,
Жазасын беруші де, бір Алла!
Пікір алмасу

Кімнен: Шорманның Мұстафасы Қайдан: Сары арқа
28.07.2010 08:50
+0 / -0
қазақтың бұрынғы салтында санасында қазақ өзінің ұлттық киімдерме ақ мұсылмандықтың шартын орындаған. ал бүгінгі ғаламдасу даурінде қазақтар Һижап киіп жатса онда тұрған түкте күна жоқ!батыста Һижапқа қарсы заң қабылдсаса,жане мұсылман айелдерді Һижап кимеуге шақырып астыртын аздырса ол батыстың Мұсылман әлемін "құтқарайын"дегенінен емес құртайын аздырайын деген арам ойы!егер олар нағыз аділетті толық қанды таза қоғам құрайын десе "еркекпен еркекті,әиелмен әиелді" үйлендіретін заң қабылдап жане соны тойлар ма еді?БҰЛ ИРАНДЫҚ ЖУРНАЛИС ҚАТЫН еркіндік аңсап ,өз бетімен іс істеген жоқ. ол бар болғаны батыстың тапсырысын орындаған ақшаның құлы ғана.
совет кезінде қазақты байға кедейге жіктеп бір біріне айдап салып "Жаяу Мұсаларды" қолпаштады.ал баба салтына табанды Мұстапалар қуғынға ұшырады.салтты бұзып халықтың арасына бүлік акелген адамдар сол кезде батыр саналды.міне сосның сарқыншағы тағы дінге қарсы сөз айтады....
Жаяу қалғыр жаяу Мұсалар....Шорманның арқасында өмір сүріп жүрсеңдерде тағыда Шорманға жаусыңдар."Құл Әкесін танымас "деген осы да !!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Жаяу Мұса
28.07.2010 11:28
+0 / -0
Асықпаңыздар, ағайын! Қазағым есін-жиып еңсесін көтерсін, әлеумет болып өзіне-өзі келсін - сонда көремін сендердің әуселеріңді! Қазағым "Мен! Мен!" деп атой салғанда оның бүгінгі құлдық жағдайына қызмет етушілер қай бұрышқа тығыларын білмей қалар!
Мен қазір "мұсылман" сөзінен "қазақ" сөзін алға қоямын!
Себебі, "мұсылмандық" қазақты еркіндік пен теңдікке бастап, керісінше, әділетсіздікке бой ұрған қазақты тәубеге шақырудың орнына, олармен ауыз жаласып, онсыз да жапа шегіп жатқан халқын (солардың ішінде әлгі айтып отырған бейшара қыздарымыз да бар!) жазғыруға шақыруда. Ол жағдай нақтысында қандай себептерден пайда болып жатқанын көргісі де, білгісі де жоқ.
Ал дінге келсек: мен өтірік, мағынасын өзім де түсінбейтін намазды оқығаннан гөрі бір Тәңіріме жалбарынып жүре бергенді тәуір көрдім... Омар Хаям айтпақшы - жұмақты Сіздерге бердім...
Бір Тәңірім жар болып, қазағымның Аруақтары мықты болсын деп тілеймін!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: жаман қазақ Қайдан: қазақстан
29.07.2010 14:16
+0 / -0
еееееееееее. Жаяу Муса, бейшаралығыңды көрсетіп дес бермей сөйлей бергенше, есіңді жисаңшы, қазақшыл болғаның жақсы ақ, ал сол қазағың бұрында қалай болды? жалаңаш жүрген жабайы болған жоққой, көкірегіне нан піскен, қу сөзден қуырдақ қуырған қазақтығың құрысын, сені адам баласы ақыл айтып дұрыс жолға салтынына күмәнім бар, Алла өзіңді тәубеңе келтірмесе, білмедім,
Пікір алмасу

Кімнен: Шорманның Мұстафасы Қайдан: сары арқа
28.07.2010 12:43
+0 / -0
қайта айланып таңіршілікке ,отқа суға табынуға оралмақсыңба?қазақ исслам дінін қабылдаған соң қазақ болды,ал исслам дінін қабылдамаған ана Алтайлықтар,сахалар қандай күй кешып жатыр?мұсылман болмай қазақ бола алмайсың!қазақ ордасы қрылғанда Мұсылман мемлекет болған.заңы да дінге негізделген."қасымханның қасқа жолы,Есімханның ескі жолы,жеті жарғы "барі мұсылмандық заң!ал мұсылмандықтан кетсең қазақ емессің!жаяу Мұса!

Кімнен: Қазақ қызы
27.07.2010 15:14
+0 / -0
Иранда көп әйел өздерін мәжбүрлеген соң, хиджабты кигісі келмейді. Осы мәжбүрлеудің салдарынан көп адам дінсіз болып кеткен деп естідім. Жалпы, мәжбүрлі түрде кигізу, басып ұстаудың соңы осындай жағдайға әкелетіні белгілі ғой. Қазақтың қыздарын біреу мәжбүрлеп жүр ме екен? Меніңше, кейде олар сән үшін киіп жүргендей болады, соңғы кезде бәрі бірдей кие бастады ғой. Ең бастысы, иман жүрегіңде болсын дейтін әкем.

Кімнен: Қазақтың бір баласы Қайдан: Алматы
27.07.2010 15:14
+0 / -0
Білмесеңіз, біліп алыңыз!

Пайғамбарымыз (с.а.у): “Ақыр заман жақындағанда үмметімнен киімі жалаңаш (жұқа) бір топ әйелдер шығады. Бұлардың бастары (яғни басы ашық, шаштарын артына өріп, түйіп қойғаны) түйенің өркеші сияқты болады. Бұларды (көрген жерлеріңізде) қарғыс айтыңыздар, өйткені олар қарғысқа ұшырағандар және олар жәннатқа кіре алмас, мұрындарына тіпті иісі де бармайды” – деген. (Мүслім, Libas, 125)
Қаракөз қарындастар, апке - жеңгелер! Өздеріңізді ашық-шашық киініп, Аллаһтың азабына апарумен қатар, жалаңаштықтарыңызбен еркектердің көзінің құрты болып, олардың күнә жасауына себепші болмаңыздар!

Кімнен: Гулзада Қайдан: атырау
27.07.2010 15:51
+0 / -0
Біліп журініз
Мұсылман әйелінің киімі оның беті мен қолынан басқа бүкіл денесін жауып тұруы керек.
Киім әйелдің дене мүшелерін көрсетпеуі керек.
Әйел адамның киімі еркек адамның киіміне ұқсамауы тиіс.
Биік өкшелі аяқ-киімнен бас тарту мұсылман әйелі үшін қалаулы іс.
Хиджаб әйелдің басын, мойнын және кеудесін түгел жабуы тиіс.
Киімін кәпір-әйелдердің киіміне ұқсатуға тырысатын мұсылман әйел күнә жасайды.
Сонымен бірге, мұсылман-әйел пайғамбарымыздың с.ғ.с. мына сөзін есте сақтауы жөн: «Алла Тағала сендердің сыртқы келбеттеріңе немесе байлықтарыңа қарамайды, алайда сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды» (Хадисті Абу Хурайра риуаят етті).
Құранда келесі аят түсірілген: «Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық». ("Аъраф" сүресі, 26).
Бұл аятта Аллах адамдарға ұятты жерлерін жауып жүруін бұйырды.
Ислам киімге қатысты әдеп нормаларын нұсқау еткен:
1. Киімнің тазалығын сақтау қажет. Тирмизидің хадистер жинағында келесі хадис келтірілген: «Тазалық – иманның жартысы».
2. Киім дене пішіндерін көрсетпеуі керек. Әсіресе бұл шарт әйелдерге қатысты. Муслим келтірген сахих хадисте былай делінген: «Ақырет күні тозақ адамдарының екі санаты болады: сиыр құйрығына ұқсас қамшымен адамдрады сабайтын еркектер мен киінген, сонымен бірге жалаңаш тәрізді әйелдер. Олар өздерінің артынан ер-адамдарды еліктіреді, олардың басындағы шаш түйенің өркештері тәріздес. Бұл адамдар жаннатқа кірмейді және Жаннаттың алысқа таралатын иісін де сезбейді.
3. Кәмелет жасына жеткеннен кейін мұсылман қызы беті мен қолдарынан басқа өзінің бүкіл денесін көрсетпегені жөн. Шашы, қолы, аяғы және т.б. тиым салынған дене мүшелері көрінетін киім кию әйел адам үшін харам болып саналады. Абу Дауд жеткізген хадисте былай делінген: Әйел бала кәмелет жасына жеткеннен кейін ол үшін беті мен қолдарынан басқа жерлерін көрсету харам болады.
4. Әйел адамның киімі ер адамдардың киіміне ұқсас болмауы тиіс. Себебі пайғамбырымыз Мухаммад әйелдерге еліктейтін еркектер мен еркектерге еліктейтін әйелдерге лағынет жасады деп Абу Хурейрадан риуаят етілген.
5 Үйден шыққанда немесе өзіне махрам емес ер адамдардың жанында болған уақытта әйел адамға иіссумен (парфюм) қолдануға тиым салынады. Бұл Абу Хурейра, Абу Муса аль Ашари сияқты сахабалардың пайғамбарымыздан жеткізген хадистерінен көрінетіні айдан анық.
6. Киім мақтанушылық пен менменшілікке әкелмеуі тиіс. Пайғамбарымыз былай деген: «Егер кімде-кім бұл өмірде киімді мәртебелі және атақты болу үшін киетін болса, Алла Тағала оларды Ақырет күні кемсітеді.» (Хадис ибн Умардан риуаят етілген).

Кімнен: Әлім төре Қайдан: Ақтөбе
27.07.2010 16:01
+0 / -0
Осы хиджабқа тұмшаланбай-ақ, талғаммен, сәнді киініп те мұсылман болуға болады.Анау шешеннің әйелдері хиджабсыз, әдемі орамал тартып та жүр емес пе. Сол шешеннен мұсылмандығымыз артық емес шығар.Оның үстіне мүлдем тұмшалану біздің дәстүрімізде жоқ қой.Мұсылмандықты тұмшалану арқылы емес, өзгелерге білімің, ақылың, тіпті дамыған экономикаң арқылы да дәлелдеуге болады.

Кімнен: Мұрат Қайдан: Астана
27.07.2010 16:09
+0 / -0
Қазақтың бір баласына. Бір нәрсеге сілтеме жасай беру, ол адамның өз пікірінің жоқ екендігін танытады. Бұл әдетте біреудің аузын жабу үшін істеледі.Дәлел керек, өзіндік тұжырым қажет, ал біреудің айтқанын қайталай беру-- ақылдылық емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан Әбдірашитұлы Қайдан: Алматы
27.07.2010 16:47
+0 / -0
Мұрат.Астанадан!
Сіздің мына жазған пікірлеріңізді он рет оқысам да түсінбедім! Жеңілдеу, түсініктілеу етіп жазыңыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.07.2010 18:38
+0 / -0
Хиджаб ол Аллахтын буйрыгы! хиджаб киин деп айтылмаган болса да ауратты атап корсеткен, ер адамда жане айел адамда денелеринин кай жери жабык туру керектигин корсеткен АТАП!!! сондыктан ауратты тумшалап жургеннен не зиян кординиз, жауап беринши хиджабка карсы пенделер! Аллах баримизди кеширсин! Аллахтын парызын , буйрыгын орындауды ойлайык талкылаудан гори, мусылман бауырлар! !!!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.07.2010 18:42
+0 / -0
Хиджаб куранда айтылган ауратты жабатын кен узын киим! Куранда кен узын киим кию керектиги жане айел адамнын аураты калай кандай кииммен жабылатыны жазылган! Буркеншиктеримен ауратын жапсын деген! Ягни хиджаб!

Кімнен: Тимур Қайдан: Маңғыстау
27.07.2010 19:16
+0 / -0
Қыртыған мақала екен. Сонымен не айтқысы кеп отыр, автор? Тоқетері не? Кигісі келмей ме? Кимесін! Кие ме? Кисін! Жұрт дінсіз кетсе де әркімнің қақы бар емес пе? Қазаққа бұл мақаланың не қатысы бар түк түсінбедім. Әйел құқы туралы мақала ма? Әне, кей қарындастарымыз ӨЗ ЕРКІМЕН орамал таққаны үшін жұмыстан қуылып жатыр. Жұмысқа орналаса алмай жүр. Мектепке, универге кіре алмай жүр. Соларды жаз-дағы.
Ал қазақ дәстүрінде әжелеріміздің кимешексіз, қыз-келіншектеріміздің орамалсыз, жалаң бас, жарты қарыс етекпен шашылып жүргенін оқыған да жоқпын, естімедім де. Өкінішке қарай, қазір солай боп кетті.
Пікір алмасу

Кімнен: Гулзада
27.07.2010 19:34
+0 / -0
сізге косылам хиджап киюді зандастыру керек,мугалімгеде окушыгада,карапайым айелгеде
Пікір алмасу

Кімнен: лара Қайдан: павлодар
28.07.2010 21:23
+0 / -0
мысалы, мені өлтірсең де хиджабыңды кимеймін, жасым орта жасқа жеткенде шешелерім сияқты орамал тартуым мүмкін. Хиджаб кигендердің бәрі ертең қазаққа қарсы шығып, ұлт ұғымы жоқ дегенді айтатын іштен шыққан жаулар болады, егер осы құбылысқа қарсы шықпасақ. Жұрт тыныш, ел аманда қай қазақтың қатыны қара жамылып еді. Кісісі өлгенде де қара кимеген еді ғой. Сондықтан хиджабшылдар өздері кисін оны кигілері келсе, басқаға насихат жүргізбесін. насихат жүргізсе, жауапқа тартылсын.
Пікір алмасу

Кімнен: elimai Қайдан: jer uiekh
04.08.2010 13:05
+0 / -0
Hidjiapte kiyiwding khajeti ne biz arabtekh emes khoi, Lara durec aitade el tenesh zamanda khara jamelewdeng keregi ne, kazakhta kici olghen uide ghana khara jamelade. biz kazakhpez ghoi ozimizding ulttekh kiyimderimiz bar kigisi kelce sone kicin, Hidjiap kiyw mucelman bolewdeng alghe xarte emes, mucelman adamneng tek juregi taza bolew, iymane bolew kerek, khazer kopteghen ultkha kharse jandar dindi jamelep alep ult deghen ughem jokh, tek muselman deghen ughem bar, mucelman imperiacen khuramez dep at calep jur biz kazakh ultena zeian keltiretin condailardan cakhtanewemez khajet.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.08.2010 14:13
+0 / -0
одан да окшау омирди енгизу керек шығар

Кімнен: hayrat Қайдан: altay
27.07.2010 20:32
+0 / -0
gulzada---;huday zharatkan kelbetingdi tumshalap alsang nagez kuna!
Пікір алмасу

Кімнен: Гулзада Қайдан: атырау
28.07.2010 17:55
+0 / -0
Аssalyamu aleikum кайрат, сиз кай жерден окип единиз бетин тумшалау куна деген соны айтыныз біріншіден,екіншіден біз бетті тумшалауды емес әурет жеримизди шайтандардан коргауды айтып жатырмыз бос далбасалама айелиниз болса кииндириниз суганак коздерден сактаныз
Пікір алмасу

Кімнен: Ақан Қайдан: алматы
29.07.2010 18:57
+0 / -0
Бетін тұмшалау күнә емес шығар. бірақ бұл қазақтықтан кетудің белгісі. Қазақтықтан кету нағыз күнә болар. Мәшһүр Жүсіп атамыз: "Қазақтың жаны азапта, Қазақтан кеткеннің жаны тозақта" деген. Бетіңді жабамын деп, басқа бір дидар сенен бетін жаппасын.

Кімнен: Алланың құлы Қайдан: Алматы
27.07.2010 22:18
+0 / -0
Әйел затына өзінің әулет жерлерін жабып жүру ежелден ақ салт болған.Қазаққа бұдан келер жамандық жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Гулзада
28.07.2010 17:56
+0 / -0
дурыс айтасыз Алланын кулы сизге косылам

Кімнен: Қазақия Қайдан: Қазақия
28.07.2010 03:05
+0 / -0
Табиғат берген сұлулықты жасыруға болмайды. Мен ойлаймын өмірде бір сұлу әйел болған деп. Ол табиғатынан сондай келбетті әдемі. Оған сұлулығына қарап басқа әйелдер қызғанышын білдірсе,ал біреулері тамсана қарайтын. Жігіттер қауымы ол сұлу әйелдің жүрегіне жол табумен әбігер болатын. Бір күні ол әйел күйеуге тиеді. Күйеуі қызғанып басына оромал тартқызып бетін жауып тастаған. Бірақ әйел көшеге шыққанда, күйеуінен аулақ жүргенде орамалын алып бетін ашып жүрген. Күйеуі бір күні досынан маңайда өте бір сұлу әйел бар екен естиді. Сол әйел кім екен деп ізін тосып жүргенде, ол әлгі өзінің әйелі екен. Әйелінің бетін жабудың амалын таппағасын, әйелінің бетін күйдіріп тастайды екен. Беті мыжық болған әйел амалсыздан көшеде бетін жауып жүруге мәжбүр болады

Кімнен: Мұсылман бауыр Қайдан: Алматы
28.07.2010 10:51
+0 / -0
Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі - Құранның тікелей бұйрығы.
«Нұр» сүресінде:
وَقُل لِّلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنَّ عَلَى جُيُوبِهِنَّ
«Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да (яғни, мойын, көкіректері ашық қалмасын) жабатындай етіп тақсын...» ("Нұр" сүресі, 31-аят),- делінеді.
Құранда қыз-келіншектердің киетін киімінің нақты пішімі айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін ерекше айқындамайтын кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сәнді, әрі өзіне жарасымды жалпы эстетикаға сай киім киюге ислам дінінде қарсылық жоқ. Сауд Арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру үрдісі барша мұсылмандар ға парыз емес. Ондай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған. Сондықтан, Құран өлшемдерінен шықпау шартымен әр мұсылман киім үлгісін өзінің менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай, әрі өздері өмір сүріп отырған жерлердегі ауа райы ерекшеліктеріне ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы, қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті, әйелдердің жас ерекшеліктеріне де байланысты кимешек үлгілері тігілген. Ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдерін ескере отырып, заман талабына сай әр түрлі ұлттық киім үлгілерін тігуге неге болмасын?! Осылай істер болсақ, бәлкім, орамал тағып, ұзын киім кию - ананың, мынаның ұлттық киімі дегендей таяз түсініктерден арылар едік. (Қ.Жолдыбайұлы «Күдікпен күрес», Алматы, 2008ж. 151-бет.)


Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
28.07.2010 12:38
+0 / -0
Еуразияны қалтыратқан Хазар империясы дәл осындай діни айтыс-тартыстардың салдарынан құлаған дейді тарихшылар. Міне бұл күнге де жеттік - қазақтар бір-бірімізбен қырықпышақ болып жатырмыз қайдағы бір қижап үшін. Орта ғасырларда тұрмыстағы әйелдер кимешек киген болса 21-ғасырдағы қыздар да бетін жауып жүруі керек дейтіндердің психикасын дәрігерге қарату керек. Қазақтар, басқа шаруаларың түгенделіп енді дінді түгендеу қалып па, одан да ғылым-білім үйреніп алға ұмтылсаңдарсайшы. Ана өздеріңдей жапондардан неге үлгі алмасқа? Тіпті, әрі-беріден соң, қазаққа қан жағынан арабтан гөрі жапон жақын емес пе? Дүние жүзі бойынша қалыптасқан стандарт бар - ол еуропалық киім үлгісі. Қаласаң да, қаламасаң да қалыптасқан жағдай солай, оны мойындау керек. Енді келіп бүйректен сирақ шығарып, орта ғасырлардағы арабтың қижап-мижап, сәлде-пәлделерін көпшілікке тыққыштау - есі дұрыс адамның ісі емес. Киімнің діни сенімге еш қатынасы жоқ.

Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
28.07.2010 12:50
+0 / -0
Иранның қатындарының қижап киюі дұрыс екен - түрлері адам қорыққандай. Ал біздің қазақ сұлулары неге бетін жауып сол сұлулықтарын жасыруы керек екен? Еркектің ойы бұзылады дегендері қазақ халқы үшін бос былшыл, біздің халық ондай пендешіліктен өте жоғары тұр. Құран - бір-бірінің жақын тумаластарына үйленіп жатқан көргенсіз, нәпсіқұмар арабтарға арналып жазылған және олардың қатындарының да түрлері түр емес - мұрындары қорағаштай біреулер.

Кімнен: Мұсылман Қайдан: Алматы-Иеруссалим
28.07.2010 14:27
+0 / -0
Құрметті оқырмандар! Қазақ ес білген қыз етегін жабады- деген. Жалаңаштанудың зардабын татып жүрген жоқпа ҚАЗЕКЕҢ. Л.Н. Толстой : "ең саналы адамның соңғы табан тірер жері -ИСЛАМ"- деген. Сондықтан Исламнан өмірдің мағынасын, Алланың бұйрығының адамға екі дүниеде де пайда әкелетінін түсініп ХИДЖАП киген, етегін жапқан қарындастарымызға Алла разы болсын деймін. Қазіргі таңда Тайланд, Қытай, Ресей, АҚШ, Еуропа елдері жалаңаштанудың зардабын тартып отыр. Қыздарының көбі арсыз, намыссыз, ұятсыз, қымбатынан айырылған, ұрпақ тәрбиелеуге құлықсыз, ұлтының жауы болып отыр. Сол себепті ІЗГІЛІКТІҢ НӘРІН себетін ИСЛАМ елдерінен келген эмигранттарға мұқтаж, яғни ИСЛАМ құндылықтарына мұқтаж... Сырты бүтін іші түтін Еуропа аңсап отырған ИСЛАМ дінінің құндылықтарын біздің қандастарымыз ұстанып жатса НҰР ҮСТІНЕ НҰР емеспе! Хиджап кию ғибадат, себебі Аллах Құранда Нұр сүресінде бұйырған. Ал АБАЙ өзінің өсиетінде: "Әрбір ақылды адамға иман парыз, ал әрбір иманды адамға ғибадат парыз"- деген (38-қара сөз). Сондықтан осы даланы қорғап келген даналардың өсиетін дұрыс түсінуіміз керек. Біздер "мәдениет" деп қабылдап, құмартып жүрген "БАТЫС" пен кеше ғана ӘЛИЯ мен МӘНШҮК "ЖАУ" деп атыспап па еді. Осында өздерінің пікірлерін жазған ЗАМАНДАСТАРЫМ сәл Алланың ақиқат діні жайында ойланып барып жазсаңыздар екен. КОНФУЦИЙ :"Ойлаусыз оқу бекер іс оқымай ойлану бос әрекет" деген . Сондықтан ҚҰРАН мен ХАДИСТЕРДІҢ мағынасын түсінуге тырысайық. Әйел адам хиджап киюі керек, бізге мына елін сатқан, арын сатқан ИРАНДЫҚ әйел үлгі бола алмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақан Қайдан: алматы
29.07.2010 18:47
+0 / -0
Онда сен сонау үкілі бөркін киіп, бұрымына шолпы тағып сыңғырлатып жүрген, әже апаларымызда үлгі емес дейтін шығарсың?

Кімнен: 1.мұсылман 2.қазақ Қайдан: Көкше
28.07.2010 20:52
+0 / -0

Кимешек= хиджаб
Пікір алмасу

Кімнен: haynayde hanem Қайдан: altay
29.07.2010 09:39
+0 / -0
zamandar boye jalhashan tek ozinge tan salteng bar emespe hazah.parenji anaw humde,xoldi mekendegen halehha tabiyhatteng bergen seye,olardeng ayeli de eri de tumxalanep jurmese hum-boran hoyne- honxena tolep ketedi,endi haytedi amalsez bukil denesin,awze ,burnen orayde.mune endi kelip dinmen xatasterewdeng hanxama hajeti bar,helem-bilim uyrenip janga sanamen jurseng,dilingdi ,juregingdi durestaasang bolmayma? hazahe muarldeh

Кімнен: hayrat Қайдан: altay
28.07.2010 22:09
+0 / -0
adam adamdegemen adam.zhalangash zhurgen eshkim zhoh.keybirewing ayeldi haywan retinde koredi ekensingder!analareng bar goy!

Кімнен: Даниял Қайдан: Кереку
29.07.2010 08:08
+0 / -0
Кимешек - хибжаб емес. Екеуі екі түрлі. Кимешек киген адамның бет-жүзі толығымен көрініп тұрады. Шынын айтсам екі көзін ғана көрсетіп, хиджаб киіп алу ыңғайсыз сияқты. Адам мәдениетті, классикалық түрде киініп жүрсе де жарайды деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: қазақстан
29.07.2010 14:27
+0 / -0
хиджап ол кимешек сияқты, жүзі толық көрінеді, бетін жауып алу, ол парендже.

Кімнен: haynayde hanem Қайдан: altay
29.07.2010 09:44
+0 / -0
hazahe moralmende er-ayel hatenasen,martebesin ademi sahtawha bolade.napsihumarleh,jezokxelik istewge hohamdeh moraldeh xektew hoyelep,zangmen basharsa xarwa bite beredi.buhan nege sonxa xuw bolaten bar.hazahte dametewha ,el bolewha jumelsangdarxe ahayen.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: қазақстан
29.07.2010 14:31
+0 / -0
сенде айтасың ау, ел болу үшін бесігіңді түзейтін, айелдерді түзеп алу керек қой, дамытатын жігіт, қабат үйлеріңді салсаңшы екінші қабаттан бастап, қабат үйін аспандап, қалықтап тұрар ма екен!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақан Қайдан: Алматы
29.07.2010 18:43
+0 / -0
Қазақ атам: "Жігіттен намыс кетсе, қыздан ұят кетеді" деген. Қазақ бауырым "әйелдерді түзеп алу керек" дейсің, жоқ! қателесесің! Мына сені, мені түзеу керек. өзімізді түземей ешқашан ешкімді, тіпті туған әйелің мен бала-шағаңды түзей алмайсың. одан арқайым бол

Кімнен: haynayde hanem Қайдан: altay
29.07.2010 10:23
+0 / -0
PARENJI KIYIW XOL -DALA TABIYHATENENG OLARHA ERIKSIZ USENHAN SEYE. ARAP HUMENDAHE ER -AYEL TUGEL ORANEP-XEMHANEP JUREDI.zamandar ote kele BUL dindik tus alahne bolmasa, dinmen ux haynasa sorpase hoselmayde.buhan hazah basengde nege hateraseng? ATENGNENG base bitip jorhase haleppa degendey...onanda janga bilimmen arbir hazah harewlanep,elding jayen,xarwasen tuze!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: қазақстан
29.07.2010 14:34
+0 / -0
мынаны шариғатта осылай айтып па?? мұсылман діні келмей тұрғанда(адамдарға) мәдине қаласындағылар оранып жүрді деп құлағыңа қай шайтан сыбырлады, нағыз жын ойнақ құмар қаласы болған жоқ па, ашық-шашық жүрген,
Пікір алмасу

Кімнен: Асем Қайдан: Маңғыстау
08.08.2010 17:12
+0 / -0
Мұсылман бауырлар!!! Қызыл кеңірдек болып, сөз таластырғаннан ешнәрсе өзгермейді! Тәубаға келіңіздер!!! Аллаға шүкірлік етіңіздер! Жүректеріңіз Аллаға деген шексіз сүйіспеншілікке, бір-біріңізге деген сүйіспеншілікке толы болғай! Алла Тағалам бізге нәсіп еткей!!! Әмин.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі