Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Аймақ хабарлары

Жол полициясы басқармасының қызметкері пара алған деген күдікпен ұсталды

Алматы көшесіндегі аутокөлік қозғалысын бақылап тұрған жол полициясының қызметкері. Маусым, 2008 жыл.

16.09.2009
Саят СЕРİК

Қарағанды қаласында жол полициясы басқармасының қызметкері қала көшелерінде ғана емес, өз қызмет бөлмесінде де пара алумен айналысқан деген күдікпен ұсталып, тергеу абақтысына жабылды.

Әкімшілік тәжірибе инспекторы, жол ережесін бұзып жаяу жүрушіні соғып кеткен азаматқа қатысты қылмыстық істі қозғамау туралы қаулы шығару үшін пара сұраған. Алайда көлік жүргізуші соғып кеткен азаматтың айтарлықтай жарақат алмағандығы және жол көлік оқиғасына оның өзінің кінәлі екендігі себепті полиция қызметкеріне пара беруден бас тартады.

Полиция инспекторы бұл жайттарға қарамастан көлік жүргізушісін егер 25 мың теңге алып келмесең қылмыстық іс қозғап жіберемін деп қорқытып, үркіткен. Амалы қалмаған көлік жүргізушісі қылмыстық істің қозғалмауы үшін пара беруге келіседі. Бірақ әділетсіздікке шыдамаған ол өкілетті органдарға да шағымданған.

Қарағанды облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының бөлім бастығы Игорь Пушкаревтің айтуынша, жол-көлік оқиғасында жүргізушінің кінәсі болмағандығы тексеру жұмыстары барысында анықталған. Ал соның өзінде де жүргізушіге қысым жасап пара сұраған жол
Игорь Пушкарев, Қарағанды облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы. Қарағанды, қыркүйек, 2009 жыл.
полициясы басқармасы қызметкеріне қатысты пара беру ісі бойынша арнайы операция жүргізілген.

- Қыркүйектің 9-ында облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қалалық ішкі істер басқармасына қарасты жол полициясы бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе бөлімінің инспекторын 25 мың теңге мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұстады. Сол күні ол уақытша қамауға алынды, - деді ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының бөлім бастығы Игорь Пушкарев.

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз хатшысы Дәулет Ысқақовтың айтуынша, жыл басынан бері мұндай факт алғаш рет тіркеліп отыр. Ол осы жылы тіркелген жемқорлыққа қатысты қылмыстар тек жол полициясы қызметкеріне жүргізушінің пара беруі бойынша болған дегеннен басқа ақпарат берген жоқ.

Пара алу үстінде құрықталған жол полициясы қызметкері қылмыстық кодекстің “Сыбайлас жемқорлық туралы” бабы бойынша айыпталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: 007 Қайдан: астан
16.09.2009 18:07
жалпы полиция атаулылардың тап таза ешкімі жоқ па деп қорқамын. жұмысқа алынатын кезде пара алып бастығымды байытам деп аныт беретінге ұқсайды. сұрағанын берсең, қуанып кетудің орнына, бастығым алады ғой деп кейійді, тіпті бейшара қылығына жаның ашиды.

Кімнен: 008 Қайдан: сол жерден
16.09.2009 20:28
007 сен қорықсаңда қорықпасаңда сол,жол полициясы деген пара алу үшін ғана құрылған мекеме.Мысалы,Қызылордада жол полициясындағы майорға кемінде 3-4 мың теңге бермесең,астыңдағы көлігің бір сағат бұрын зауыттан шықса да техникалық байқаудан өтпейді.Ал,қаладан шыға берістегі постыларға тиын-тебен тастамағандардың автокөлігі мен жүктері терең тексерулерге ұшырап,жүргізу куәлігінен айырылатындығын алдын ала ескертемін.

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
16.09.2009 22:28
Жол полициясы - парақорлар ордасы екені айқын. Қапталда тығылып тұрады да, тек бірдеңені алып қалсам екен деп лыпылдап жүргендері. Жақында Тараздан қайтып келе жатып "2 мың" бермесеңіз жібермеймін дегенді көрдік. Біз Газельде болатынбыз. Иттің баласы жарты сағат қанды ішті. Шофер бала итшілеп жүріп амалсыздан беріп құтылды. Иттер ғой бұлар...

Кімнен: Ersin Қайдан: Айдан
17.09.2009 16:33
Обал жоқ оларға, жолға жол ережесін бақылау үшін емес ақша жинау үшін шығатыны жасырын емес. Аллаға емес ақшаға табынған, елдің онсыз да жұқарған жүйкесін одан сайын тоздырған иттердің қытайдағындай қолын кесу керек, екінші таяқ ұстап жолға шықпайтындай.
     
Мәтін көлемі - +