Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:10

ӘЛЕУМЕТ

Алматының Алатау ауданына қарасты Қарасу ауылында тағы да үйлер қиратылды

Шілденің 14-інде таңертең Қарасуға жеткен ауыр техникаларды ала келген 10 шақты адам өздерін «әкімшіліктенбіз» деп таныстырып, елдімекенде салынып жатқан бірнеше баспананы қиратып кеткен дейді тұрғындар. Әлгі қиратқыштарға құқық органдарының қызметкерлері еріп жүрген.

Билік өкілдері Қарасу елдімекеніндегі салынып жатқан бірнеше тұрғын-жайдың шаңырағын ортасына түсірді. Алматы, 15 шілде 2009 жыл.
x
Билік өкілдері Қарасу елдімекеніндегі салынып жатқан бірнеше тұрғын-жайдың шаңырағын ортасына түсірді. Алматы, 15 шілде 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
– Барлық үйлерді қатарынан емес, ауыл ішінен іріктеп алып 10 шақты дайын тұрған баспананы қиратып кетті. Сондықтан тұрғындар тарапынан ешқандай қарсылық болмады. Барлығы тып-тыныш келді де бұзып кетті, – дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Алматының іргесінде орналасқан қарасулықтар бұл жерлерді заңсыз басып алған дейді жергілікті билік. 12 мыңға тарта тұрғыны бар Қарасу ауылындағы тұрғындардың кейбірі құжаттарын заңдастырып та үлгерген.

Сағынай Ахметбекқызы өз баспанасы тұрған жер телімінің заңды құжаттары болғанын айтады. Қарасу, 15 шілде 2009 жыл.
Солардың бірі Сағынай Ахметбекқызы өз учаскесіне өткен жылы кішігірім үй салып алған екен. Алайда кеше кешкісін ол әлгі үйінің қиратылғандығы туралы хабар алған.

– Мен осы ауылдың ішінде басқа жерде тұрамын. Ал мынау менің ұлымның тұрғызған үйі болатын. Ол қазір ауруханада жатыр, кеше мен ұлыма кетіп қалғанмын. Осындағы көршілер маған хабарласып, үйді бұзып жатқанын жеткізді, – дейді Сағынай Ахметбекқызы.

Қарасуда Сағынай сияқты құжаттарын заңдастырып алғандар көп емес. Құжаттарын заңдастырудың қамымен жүргендердің бірі – екі баланың анасы Салтанат.

– «Жерді заңсыз басып алды» деп бізді сынайтындар көп. Алайда біз ол шараға амалсыздан бардық. Мен өзім бірнеше жыл пәтер жалдап тұрдым, одан кейін осында келіп, жағдайым болмаған соң, 14 күн киіз үйде тұрдым. Екінші қызымды босанғаннан кейін әйтеуір сары сылақтан шағын үй тұрғызып алдық. Оның өзінде шатырының жартысы ғана жабық. Соған қарамастан
Сағынай Ахметбекқызының үйінен қалғаны осы. Қарасу, 15 шілде 2009 жыл.
кеше менің үйімді де қиратуға әрекет жасады, мен балаларыммен үйден шықпай қойдым, – дейді ашынған ана.

Салтанат өзі баспана салып алған ұлтарақтай жерін заңдастыруға 1 жылдан астам уақыт бұрын құжаттарын тапсырып қойған екен. Алайда оған әлі ешқандай жауап алмапты.

Ал Мариямгүл есімді тағы бір тұрғын өзінің аяқталуға аз-ақ қалған үйін қиратып кеткендігін айтты. Жеті баланың анасы енді өзінің қайда барарын біле алмай отырғанын айтады.

– Менің қолымда кәрі енем, 7 балам мен немерелерім бар. Ауылда ешқандай жұмыс болмағаннан кейін отбасымызбен нәпақа табу үшін Кегеннен осында келген едік. Үй салып жағдайымыз жақсарар деп ойлап едік, енді міне, күйеу баламыздың екі болмелі шағын үйінен басқа барар жеріміз қалмады, – дейді Мариямгүл.

Мариямгүлдің қарт енесі де сөзге араласты.

80 жастағы Маржан әжей баспанасын бұзуға келгендерге қарсылық танытқанымен полицейлер өзін үйден күштеп алып шыққанын айтады. Қарасу, 15 шілде 2009 жыл.
– Мен еңбек ардагерімін, 12 жастан бастап ауыл шарушылығында еңбекке араластым. Сондағы бар алған алғысым осы ма, айтшы, айналайын!... Кеше дәл сен сияқты немереммен жасты бір топ әскерилер келді де үйімізді бұзып кетті. Мен «бұзбаңдар» деп ішіне кіріп алып едім, екі жігіт екі жақтан көтеріп алып шығарып тастады. Көз алдымда үйімді қиратып кетті ғой, – дейді жасы 80-нен асқан Маржан әжей.

Қарасулықтар өздерінің үйлерінің «іріктеліп» бұзылатындығы мен құжаттарының заңдастырылуы әр үй иесінің қалтасының қалыңдығына тікелей қатысты деген тұжырым айтады.

– Алатау ауданына қарасты жергілікті өзін өзі басқару комитетінің басшылығы құжаттарды заңдастыру үшін 500 доллардан ақша талап етеді. Ондай ақшасы барлары береді, ал жоқтары біз сияқты гүрілдеген ауыр көліктің дауысын естіген сайын қорқып отырады – дейді Шолпан есімді ауыл тұрғыны.

Осы айтылғанға қатысты Азаттық тілшісі жергілікті өзін өзі басқару комитетінің төрайымы Галина Чебакова хабарласқан еді. Ол әлгіндей
Билік өкілдері қиратып кеткен Маржан әжейдің үйін кейуананың балалары мен немерелері қайтадан қалпына келтіруге кірісті. Қарасу, 15 шілде 2009 жыл.
сөз – тұрғындардың сандырағы дегенді айтты.

– Сол сөздерді айтқан адам прокурорды және сізді алып маған келіңіздер! Сол жерде көреміз – кімдікі дұрыс, кімдігі бұрыс екендігін! – деді Галина Чебакова.

– Сіз тұрғындардың бұл сөзін шындыққа жанаспайды дегіңіз келіп тұр ма әлде...

– Жоқ! Мен ешкіммен сөйлеспеймін, мен сіздің бұл сұрақтарыңызға жауап беруге міндетті емеспін! – деп қысқа қайырды Галина Чебакова.

Ал Қарасуда бұзылған үйлерге қатысты Алатау ауданы әкімшілігіне хабарласқанымызда, «әкімнің жиналыстан қолы босамайтынын» айтқан хатшы қыздың сөзінен басқа, қойған сұрағымызға ешкімнен жауап есту мүмкін болмады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
15.07.2009 23:35
+0 / -0
Олар солардың үйін бұзып көрсінші..........?

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
16.07.2009 01:34
+0 / -0
"Еліміз бай, жеріміз кең!" деп әлемге мақтанамыз, ал өз қазағымызға ұлтарақтай жерді қимаймыз. Күшті болса, заңсыз коттедж тұрғызған дөкейлердің үйін бұзып көрсінші. Кезінде шулады да қойды ғой.

Кімнен: Назарбаевқа Қайдан: ашынған қазақ
16.07.2009 09:51
+0 / -0
Құрметті, Нұрұлтан Әбішұлы Назарбаев, бұл халыққа жасалып жатқан қиянатты сіз білесіз бе, жоқ па, білмейміз. Тек өтінеріміз егер елім деп еңіреп туған ер азамат болсаңыз, халқыңыз сізді жиырма жыл бойы патша етіп сайлап келеді, осы сиға риза екендігіңізді, халық үшін еңбектеніп жатқандығыңызды дәлелдеп көрсетіңіз. Осы халықтың мұңына құлақ асып, ата-бабасынан келе жатқан тиесілі жеріне тыныш өз күштерімен үй салып өмір сүріп жатқан жандарға баспаналарында тыныш өмір сүруге рұқсат беріңіз.Сонда ендігі жерде өз күркешігіңде тыныш өмір сүру үшін, биліктенде рұқсат сұрау қажет пе? О, тоба, қандай заманға тап болдық десейші?!. Ендігі жерде нені ішіп, нені жеу керектікті де биліктен сұрау қажет болатын шығар. Бірақ бұл жалғанды жалпағымен бастым деген басшылардың бәрі, о дүниеде Алланың алдында тозақтың отына күйетиіндеріне көзім анық жетеді. Солай болса да екен. Шіркіндердің жалбарынып, жылағандарын көріп, айызымыз қанар күн бар ма екен? Азаттық осы мәселені қалт жібермеңіздерші. Қазақтарға нәубәт төнді ғой. Жген кім - қазақ, ұрлаған кім-қазақ, сотқар кім-қазақ, заңсыз үй салушы кім-қазақ, билікті сөккен кім-қазақ, бостандықты талап еткен кім-қазақ, өзгеге құл болған, өз жерінже жүріп, сорлы болған кім-қазақ. Өзгелер қазақ сияқты жаман емес. Бұл биліктің пікірі. "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым"деген осы екен ғой.

Кімнен: Халық
16.07.2009 12:50
+0 / -0
Бұл Назарбаевтың жеке билік режимінің Шаңырақ көтерілісінің үш жылдығы "құрметіне" халқымызға жасап отырған "сыйы". Егер жуық арада бұл режимнен құтылмасақ, ол халыққа қарсы әлі де талай айуандықтар жасайды. Оған еш күмәндерыңыз болмасын. Демек, қарғыс атқыр бұл билік кетпей көзіміз ашылмайды. Оған жалбарынбау керек, одан құтылу керек!

Кімнен: Mu'min
16.07.2009 13:22
+0 / -0
Allahtan korkyndar lauazymdy adamdar! Oletinimiz bir anyk. Ertengi kuni akyrette zarlap kasyndar,zarlap. Kesh bolmai turyp xalyktyn kamyn oilandar.

Кімнен: Қала қазағы
16.07.2009 14:24
+0 / -0
Жер-көкке сыйғызбай жабыла мақтап жатқан Есімовтеріңнің бет-пердесі ашылды деген осы. Ал мақтаңдар тағы да, Құдайдан қорқпасаңдар.

Кімнен: Человек
16.07.2009 14:31
+0 / -0
Звери - те, кто ради своих должностей и погон бездумно выполняют преступные приказы преступной власти против своего же мирного народа. Тот, кто дорожит своей честью, никогда не будет поднимать руку на народ. Откажется от всего, но не пойдет на такое преступление. А те, кто думает иначе, оправдывая такие преступления, - это либо "менты" в худшем смысле этого слова, либо законченные подлецы, не имеющие элементарного понятия о чести и совести. И никакие чужие примеры здесь не катят, ибо вечная казахская мудрость гласит "Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы" ("Ради жизни жертвую скотом, ради чести жертвую жизнью"). Кто забыл эту аксиому - тот не казах и вообще не человек, а самая настоящая скотина, готовая ради своего личного благополучия и сытого желудка на любое преступление, трусливо оправдывая потом эту свою подлость всякими должностными инструкциями и приказами. Позор подобным нелюдям!

Кімнен: Бір қазақ Қайдан: Осы ауыл
16.07.2009 21:45
+0 / -0
Халық қамын жеген, креслоны сатып алған әкімдер мен әкімсымақтар қазақтар лашықтарда тұрмай коттеджер салып алсын деп бұзған шығар. Алға Нұр-Атан!

Кімнен: Бір қазақ Қайдан: Осы ауыл
16.07.2009 21:52
+0 / -0
Әкімнің жиналыстан қолы босамай жатса, тағы қай жерді бұзсам екен деп жандайшаптарын жинап жатқан шығар.

Кімнен: Б
16.07.2009 22:18
+0 / -0
Назарбаев кеткен кун казак ултынын ен басты мерекеси болмак

Кімнен: казак баласы Қайдан: алматы
19.07.2009 12:31
+0 / -0
ашынған халықтың сөзіне қосылам, ЕЙ қор болған қазағым-ай, Билік күшті боп тұр ғой. өздерінің жағдайлары керемет сосын қарапайым қазақтың жайын кім ойласын, өлемсен тұрма деген заман. Чиновниктердің өздерінің бизнесі алға басып жатыр сондықтан сол жерге өздерінің котеджін салу керек болған шығар. ЕШЕКТЕР АРАМТАМАҚТАР ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚСАНДАР ЕДІ. қарапайым халықты жылатқанда не болады екен.ҰЯТ Қазақстан өте ұят.алға НҰРОТАН

Кімнен: dokei Қайдан: shetel hazagi
19.07.2009 19:50
+0 / -0
halhty han jlathan jauyzdarga laganat jausyn m